Жаңалықтар

«Қызыл өрік» әнін орындаушы Наурыз мейрамында әрбір шаңыраққа шаттық, қуаныш тіледі (ВИД

Қырғыз әні болса да, қазақтың той-думанында үзілмей орындалатын хит-ән «Қызыл өрікті» орындаушы Ақылбек Жеменей BNews.kz агенттігі арқылы барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. «Биылғы Наурызды Павлодар мен Астана қалаларында қарсы алдым. Елордаға келіп үлгермей қаламын ба деп қорқып едім, үлгергеніме қуанып тұрмын. Астананың суығына қарамастан, халық өте көңілді», - деген әнші барша отандастарымызды жыл басымен құттықтады. Ақылбек Жеменей Кереку өңіріндегі Наурыз тамаша әсер қалдырғанын және қарбалас арасында Наурыз көже ішуге де уақыт таппағанын айтты. «Павлодардағы Наурыз өте әдемі өтті. Бірақ, шынымды айтсам, бүгін Наурыз көжеден дәм де тата алмадым»,- дейді ол. Кенжекей Тоқтамұрат
23.03.2013 14:18 4095

Қырғыз әні болса да, қазақтың той-думанында үзілмей орындалатын хит-ән «Қызыл өрікті» орындаушы Ақылбек Жеменей BNews.kz агенттігі арқылы барша қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Биылғы Наурызды Павлодар мен Астана қалаларында қарсы алдым. Елордаға келіп үлгермей қаламын ба деп қорқып едім, үлгергеніме қуанып тұрмын. Астананың суығына қарамастан, халық өте көңілді», - деген әнші барша отандастарымызды жыл басымен құттықтады.

Ақылбек Жеменей Кереку өңіріндегі Наурыз тамаша әсер қалдырғанын және қарбалас арасында Наурыз көже ішуге де уақыт таппағанын айтты.

«Павлодардағы Наурыз өте әдемі өтті. Бірақ, шынымды айтсам, бүгін Наурыз көжеден дәм де тата алмадым»,- дейді ол.

Кенжекей Тоқтамұрат
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға