Жаңалықтар

Түркістанда көкпардан бес команда үш мың доллар үшін таласқа түсті

Киелі Түркістанда бес команда үш мың доллар үшін командалық көкпарда таласқа түсті. Түлкібастың шабандоздары қоржындарына кезекті алтын алқаны салды, деп хабарлайды kz.otyrar.kz. Жеңімпаздар қаржылай сыйақы алып, Түлкібастың шабандоздары үш мың АҚШ долларына ие болды. Басты мақсат – жеңіс емес, «Наурыз» мейрамын атап өту. Трибуна жоқ болса да атшабарға жиналғандардың қатары аз болмады. Сайрамның шабандоздары жүлделі болу үшін түркістандықтармен күш сынасты. Айта кетейік, алғаш рет киелі Түркістанның атшабарында командалық көкпар өтті.
23.03.2013 14:12 3441

Киелі Түркістанда бес команда үш мың доллар үшін командалық көкпарда таласқа түсті. Түлкібастың шабандоздары қоржындарына кезекті алтын алқаны салды, деп хабарлайды kz.otyrar.kz.

Жеңімпаздар қаржылай сыйақы алып, Түлкібастың шабандоздары үш мың АҚШ долларына ие болды. Басты мақсат – жеңіс емес, «Наурыз» мейрамын атап өту. Трибуна жоқ болса да атшабарға жиналғандардың қатары аз болмады. Сайрамның шабандоздары жүлделі болу үшін түркістандықтармен күш сынасты. Айта кетейік, алғаш рет киелі Түркістанның атшабарында командалық көкпар өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға