Бүгін бүкіл әлемде «Жер сағаты 2013» науқаны өтеді
«Жер сағаты 2013» науқаны «Сенің жүрісің - менің жүрісім: Ғаламшарды құтқару үшін, әлемге үндеу таста!» ұранымен өтеді. YouTube бейне платформасы арқылы әрбір адам, басқаларды Ғаламшарды құтқаруда өз үлесін қосуға және күнделікті шара қолдануға ынталандырып, әлемге ұран тастай алады. Жер Сағатының тең құрылтайшысыА нди Ридли.
«Егер 10 000 адам біздің бейне платформада әлемге өздерінің ұрандарын тастаса, мен үлкен ақ акуласы бар суға секіремін» деген уәде айтып, оны орындады.
«Егер 1500 адам электр қуатынан бір күнге бас тартуға келіссе, біз бір апта бойы электр қуатынсыз өткіземіз», «Егер 1000 адам үйде қоқысты сұрыптауды бастаса, компания 100 ағаш отырғызады», «Менің әпкем үйде күн панелін орнатса, мен апта бойы жаяу жүремін». Ал Сіз Ғаламторды құтқару үшін не жасай аласыз? - дейді Анди Ридли.
2012 жылы Қазақстан жастары және еліміздің әртүрлі мекемелері белсенді әрекеттерге шақырған үндеуге ілесе Қазақстанның әртүрлі қалаларында Жер Сағатын қолдап ондаған шараларды жүргізді: кинотеатрларда Люк Бессонның Home (Жер ғаламшары) фильмі көрсетілді, Астана, Ақтау және елдің басқа қалаларында Fireshow және жергілікті музыкалық топтардың қатысуымен есте қаларлық көше концерттері өтті, Алматы мен Шымкентте ЖерВелоСағаттары - қаланың орталығанда көліктің альтернативті түрлерінің дамуын насихаттаған веложарыстар өткізілді.
Науқанды Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, 14 облыс пен Алматы, Астана қалаларының әкімдіктері қолдап отыр.
ҚазАқпарат