Жаңалықтар

Футбол: Қазақстан Германияға 0:3 есебімен есе жіберді (ВИДЕО)

Елорданың «Астана Арена» стадионында өткен Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчы аяқталды. Біздің құрама немістерге еш қарсылық көрсете алмады. Германия Қазақстан қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Сонымен бірінші таймның 20 минутында Бастиан Швайнштайгер алғашқы гол соғып, арада екі минут өткенде оның командаласы Марио Гетце есепті еселей түскен еді. Ал екінші таймның 73 минутында Томас Мюллер үшінші голдың авторы атанған болатын. Бүгін таңертең өткен баспасөз мәслихатында Германия құрамасының бас жаттықтырушысы Йоахим Лев «Біз ұзаққа созылған үзілістен кейін алдағы ойынға қарқынды дайындық жүргіздік. Әрине, біздің мақсат - турнирдегі өзіміздің позициямызды нығайту үшін 6 ұпай алу және қалған матчтарға дайындалу», деген болатын. Неміс командасы бас жаттықтырушы жүктеген осы міндетті 100 пайызға орындап шықты. Қарымта ойын 26 наурыз күні Нюрнберг қаласында өтеді. BAQ.kz
23.03.2013 13:51 3183

Елорданың «Астана Арена» стадионында өткен Қазақстан мен Германия құрамалары арасындағы футбол матчы аяқталды. Біздің құрама немістерге еш қарсылық көрсете алмады. Германия Қазақстан қақпасына жауапсыз үш гол соқты.

Сонымен бірінші таймның 20 минутында Бастиан Швайнштайгер алғашқы гол соғып, арада екі минут өткенде оның командаласы Марио Гетце есепті еселей түскен еді. Ал екінші таймның 73 минутында Томас Мюллер үшінші голдың авторы атанған болатын.

Бүгін таңертең өткен баспасөз мәслихатында Германия құрамасының бас жаттықтырушысы Йоахим Лев «Біз ұзаққа созылған үзілістен кейін алдағы ойынға қарқынды дайындық жүргіздік. Әрине, біздің мақсат - турнирдегі өзіміздің позициямызды нығайту үшін 6 ұпай алу және қалған матчтарға дайындалу», деген болатын. Неміс командасы бас жаттықтырушы жүктеген осы міндетті 100 пайызға орындап шықты.

Қарымта ойын 26 наурыз күні Нюрнберг қаласында өтеді.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға