Жаңалықтар

«Қазақ елі» монументі алдында Ұлыстың ұлы мейрамы өтті (фото)

Наурыздың 21-25 аралығында Астанада Ұлыстың ұлы күніне орай 40-тан астам іс-шара жоспарланған. Ол - халықтық серуен, концерттер мен дөңгелек үстел, спектакльдер, спорттық жарыстар. Ұйымдастырушылар мерекеде қонақтарға тегін дәм ұсынуды да назардан тыс қалдырмаған. «Қазақ елі» монументінің жанында және қала әкімдігі алдындағы алаңда барлық келушілер ыстық тағамнан дәм тата алады. 20 мың бауырсақ пісіріліп, 10 мың үлес палау және дәл сондай мерекенің басты тағамы – Наурыз көже әзірленді. Енді 22 наурыздағы мерекелік іс-шараның кестесін ұсынамыз: 10.00-10.30. «Сарыарқа» халық аспаптар оркестрінің өнері. 11.00-12.00. Кіші сахна. Көшпелі цирк бағдарламасы. 10.00-17.00. Қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-саудасы. 10.00-17.00. Сүт, нан-бөлке және шұжық өнімдерінің көрме-саудасы 11.00-16.00. Спорттық жарыстар. 13.00-14.00. Қолданбалы өнер бойынша шеберлік-дәрістері. 14.00-15.00. Кіші сахна. Көшпелі цирк бағдарламасы. 15.00-16.00. Кіші сахна. «Орда» театрының өнері. 11.00-12.20. Негізгі сахна. 12.20-12.45. Техникалық үзіліс. 12.45-17.00. Негізгі сахна. Концерттік бағдарламаның жалғасы. Қатысушылар: Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы.       Осы күні қала әкімдігінің алдындағы Орталық алаңда таңертеңгі сағат 10-да халықтық серуен, мерекелік концерт өтіп, мерекелік сауда қызады. Алаң сахнасында аудандардың шығармашылық ұжымдары мен Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының актерлері өнер көрсетеді. Алаңның екінші жағында сауда қызып, түрлі тағамдардан дәм ұсынылады, спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 22 наурыз күні кеште, 19:00-де «Қазақстан» Орталық концерт залында әнші Әлия Әбікенованың «Ән гәккуі» концерті өтеді. Жас әнші астаналықтарға фольклорлық музыка кешін сыйлайды. 22 наурыз күні кеште 18:00-ден 22:00-ге дейін Орталық алаңда Астананың шығармашылық ұжымы мен қазақстандық эстрада жұлдыздары Алтынай Жорабаева, Ақылбек Жеменей, Қайрат Нұртас, «Алдаспан» тобы, Маржан Арапбаева және басқалар қатысатын жастар би кешінің көрігі қызбақ. Наурыз мейрамы мерекесі 22.00 сағатта отшашумен аяқталады. Дәулетқали Асауов, Майгүл Сұлтан, Суретті түсірген Азат Есембеков BAQ.kz
23.03.2013 13:29 3274

Наурыздың 21-25 аралығында Астанада Ұлыстың ұлы күніне орай 40-тан астам іс-шара жоспарланған. Ол - халықтық серуен, концерттер мен дөңгелек үстел, спектакльдер, спорттық жарыстар.
Ұйымдастырушылар мерекеде қонақтарға тегін дәм ұсынуды да назардан тыс қалдырмаған. «Қазақ елі» монументінің жанында және қала әкімдігі алдындағы алаңда барлық келушілер ыстық тағамнан дәм тата алады. 20 мың бауырсақ пісіріліп, 10 мың үлес палау және дәл сондай мерекенің басты тағамы – Наурыз көже әзірленді.
Енді 22 наурыздағы мерекелік іс-шараның кестесін ұсынамыз:
10.00-10.30. «Сарыарқа» халық аспаптар оркестрінің өнері.
11.00-12.00. Кіші сахна. Көшпелі цирк бағдарламасы.
10.00-17.00. Қолданбалы өнер бұйымдарының көрме-саудасы.
10.00-17.00. Сүт, нан-бөлке және шұжық өнімдерінің көрме-саудасы
11.00-16.00. Спорттық жарыстар.
13.00-14.00. Қолданбалы өнер бойынша шеберлік-дәрістері.
14.00-15.00. Кіші сахна. Көшпелі цирк бағдарламасы.
15.00-16.00. Кіші сахна. «Орда» театрының өнері.
11.00-12.20. Негізгі сахна.
12.20-12.45. Техникалық үзіліс.
12.45-17.00. Негізгі сахна. Концерттік бағдарламаның жалғасы.
Қатысушылар: Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы.

     

Осы күні қала әкімдігінің алдындағы Орталық алаңда таңертеңгі сағат 10-да халықтық серуен, мерекелік концерт өтіп, мерекелік сауда қызады. Алаң сахнасында аудандардың шығармашылық ұжымдары мен Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының актерлері өнер көрсетеді. Алаңның екінші жағында сауда қызып, түрлі тағамдардан дәм ұсынылады, спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
22 наурыз күні кеште, 19:00-де «Қазақстан» Орталық концерт залында әнші Әлия Әбікенованың «Ән гәккуі» концерті өтеді. Жас әнші астаналықтарға фольклорлық музыка кешін сыйлайды.
22 наурыз күні кеште 18:00-ден 22:00-ге дейін Орталық алаңда Астананың шығармашылық ұжымы мен қазақстандық эстрада жұлдыздары Алтынай Жорабаева, Ақылбек Жеменей, Қайрат Нұртас, «Алдаспан» тобы, Маржан Арапбаева және басқалар қатысатын жастар би кешінің көрігі қызбақ.
Наурыз мейрамы мерекесі 22.00 сағатта отшашумен аяқталады.

Дәулетқали Асауов,
Майгүл Сұлтан,
Суретті түсірген Азат Есембеков

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға