Жаңалықтар

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» Наурыз мерекесін тойл

Бүгін «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде» Наурыз мерекесі ерекше тойланды. Ортада киіз үй тігіліп, ұлттық «Тұсау кесер», «Бесікке баулу» дәстүрлері көрсетілді, үлкен берекелі дастархан жайылып, концерт қойылды. Сондай-ақ бұл күн кешендегі арнайы әз-Наурызға байланысты ұйымдастырылған байқаулармен ерекшеленді. «Атадан қалған ақбоз үй», «Ең дәмді наурыз көже», «Ең дәмді бал баурсақ», «Ең дәмді қымыз», «Ең дәмді самауыр шайы», «Ең үздік наурыз тілек», «Ең үздік Наурыз туралы ән, терме, жыр», «Ең үздік ұлттық би және шығыс биі», «Қыз көркі бұрым», «Әдемі киім-ұлттық киім», «Ең үздік Наурыз туралы мақала», «Балаларға арналған үздік әңгіме», «Балаларға арналған сурет байқауы», «Үздік қолөнер» және тағы басқа байқаулардың қорытындысы шығарылды. Қатысушылар ауа райының құбылғанына қарамастан, бар өнерлерін ортаға салды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.         
23.03.2013 12:15 5032

Бүгін «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде» Наурыз мерекесі ерекше тойланды. Ортада киіз үй тігіліп, ұлттық «Тұсау кесер», «Бесікке баулу» дәстүрлері көрсетілді, үлкен берекелі дастархан жайылып, концерт қойылды.

Сондай-ақ бұл күн кешендегі арнайы әз-Наурызға байланысты ұйымдастырылған байқаулармен ерекшеленді. «Атадан қалған ақбоз үй», «Ең дәмді наурыз көже», «Ең дәмді бал баурсақ», «Ең дәмді қымыз», «Ең дәмді самауыр шайы», «Ең үздік наурыз тілек», «Ең үздік Наурыз туралы ән, терме, жыр», «Ең үздік ұлттық би және шығыс биі», «Қыз көркі бұрым», «Әдемі киім-ұлттық киім», «Ең үздік Наурыз туралы мақала», «Балаларға арналған үздік әңгіме», «Балаларға арналған сурет байқауы», «Үздік қолөнер» және тағы басқа байқаулардың қорытындысы шығарылды. Қатысушылар ауа райының құбылғанына қарамастан, бар өнерлерін ортаға салды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

        

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға