Н.Назарбаев: Наурыздың күн мен түн теңелетінін, күн ұзара бастайтынын білдіретін символдық мәні бар
Қазақстан Президенті Алматыдағы «Астана» алаңында өткен мерекелік іс-шараларға қатысты.
"Бүгін күн мен түн теңеледі. Бұл - даму мейрамы, өйткені бүгіннен бастап күн ұзара бастайды. Біз егемендік алғанымыздан бергі 21 жылда жүз жылда жасалатын дүниелерді жасап шықтық...
Баршаларыңызды көктемнің жадыраған мерекесі - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Мереке құтты болсын, ағайын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әр жанұяға бақыт, жарық тілеймін!", - деді Мемлекет басшысы мерекелік құттықтау сөзінде.
- Біз 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын қабылдадық. Біздің мақсатымыз – әлемнің жетекші 30 елінің қатарына кіру. Біз алдымызға өте батыл мақсаттар қойдық. Ол қыруар жұмысты, үлкен қажыр-қайратты талап етеді. Біз барша қазақстандықтардың жақсы өмір сүруі үшін ұзақ мерзімді даму жолын саналы түрде таңдадық, – деді Қазақстан Президенті.
Салтанатты шара Алматыдағы "Астана" алаңында өтіп жатыр. Оңтүстік астана тұрғындары бүгінгі мереке аясында көптеген мәдени шараларды тамашалауда. Бағдарламада қазақ эстрадасы жұлдыздарының концерті, үнді шайының, қолөнер шеберлерінің фестивалі жоспарланған.
Кешкісін алматылықтар Софии Эллис Бэкстор концертін тамашалайды. Мерекелік кеш отшашумен жалғасын табады.