Жаңалықтар

Елорда базары тұтынушыларын Әз Наурызбен құттықтады

Астанадағы әлеуметтік базардың бірі өз тұтынушыларын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы 24.kz телеарнасы мәлімдеді. Демалыс күні азық-түлік алуға келген елордалықтар сый-сыяпатқа кенеліп, мәз-мейрам болды. Әлеуметтік базар – адам көп шоғырланатын мекен. Өйткені бағасы татымды. Ауа райы жылынып, сатушылар да ауладағы сөрелерге тауарларын жайып тастаған. Азық-түліктен бастап, ұлттық киімдер мен бұйымдарды осы жерден алуға болады. Жәрмеңкеге тауар өндірушілердің өздері келген, қаз-қатар тізіліп тұр. Араға делдал қоспай, арзан бағамен қажеттерін сатып алған халықтың көңілі көтеріңкі. Базар әкімшілігі де көңіл көтеру үшін барлық мүмкіндікті жасаған. Аулада алтыбақан теуіп, сахнадан ұлттық дәстүрдегі көріністерді тамашалауға болады. Мерекелік қойылым әдеттегідей құт иесі Қыдыр атаның келуімен басталды. Мәз мейрам болған жұрт кеш соңында үйді үйіне тарқады.
21.03.2013 14:17 3382

Астанадағы әлеуметтік базардың бірі өз тұтынушыларын Наурыз мерекесімен құттықтады. Бұл туралы 24.kz телеарнасы мәлімдеді.

Демалыс күні азық-түлік алуға келген елордалықтар сый-сыяпатқа кенеліп, мәз-мейрам болды.

Әлеуметтік базар – адам көп шоғырланатын мекен. Өйткені бағасы татымды. Ауа райы жылынып, сатушылар да ауладағы сөрелерге тауарларын жайып тастаған. Азық-түліктен бастап, ұлттық киімдер мен бұйымдарды осы жерден алуға болады. Жәрмеңкеге тауар өндірушілердің өздері келген, қаз-қатар тізіліп тұр. Араға делдал қоспай, арзан бағамен қажеттерін сатып алған халықтың көңілі көтеріңкі. Базар әкімшілігі де көңіл көтеру үшін барлық мүмкіндікті жасаған. Аулада алтыбақан теуіп, сахнадан ұлттық дәстүрдегі көріністерді тамашалауға болады. Мерекелік қойылым әдеттегідей құт иесі Қыдыр атаның келуімен басталды. Мәз мейрам болған жұрт кеш соңында үйді үйіне тарқады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға