Жаңалықтар

Көркемөнерпаздық

Соңғы редакциялау: 19 қазан 2012   Көркемөнерпаздық, көркем өнерпаздар үйірмелері – театр, музыка, хореография, бейнелеу, сән және қосалқы өнерді қамтитын халық шығармашылығы. Қазақстанның әр аймағында Қазан төңкерісінен бұрын К-пен шұғылданған бірқатар ұжымдар жұмыс істеді. Семейде ұйымдастырылған “Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы” сахна өнерінің тууына игі ықпалын тигізді. 19 ғ-дың аяғында бірлі-жарым әдебиет кештерінде домбыра тартып, ән салумен шектеліп келген қазақ жастары сахнаға ұлттық ойындар мен ақындар айтыстарын, қиссаларды шығаруға талпыныс жасады. Олар кейде орыс, татар жастарымен бірлесіп ойын-сауықтар ұйымдастырды. Ол “Шығыс кеші” деп аталды. 20 ғ-дың бас кезінде Омбы, Орынбор, Семей, Петропавл, Орал, Ақмешіт, Атбасар қ-ларында тұрақты көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істеді. Негізінен, драма үйірмелеріне топтасқан бұл ұжымдардың репертуарларында шағын пьесалар (Б.Серкебаевтың “Бақсы”, “Ғазиза” және “Жер дауы”) мен айтыстар (“Біржан мен Сара”, “Жанақ пен Балаш”) болды. Қазақстанда “Қызыл отаулар” мен “Қызыл бұрыштардың” жанынан көркемөнерпаздар үйірмелері ұйымдастырылды. Мәдени-ағарту жұмыстарының ұйтқысы болған Қазақ саяси-ағарту бас к-тінің көркемдік бөлімі халық шығарм-на басшылық етті. Ол халық арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізетін көшпелі труппалар ұйымдастырып, жақсы пьесаларға байқау жариялады. 1918 ж. Ақмола мен Қостанайда (“Қызыл керуен”), 1920 ж. Семейде, 1923 ж. Орынборда (“Орталық қазақ комсомолдары һәм оқушы жастар клубы” жанынан) ұйымдасқан драма труппаларының репертуарларынан С.Сейфуллиннің “Бақыт жолында”; М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек”, “Бәйбіше-тоқал”; Ж.Шаниннің “Арқалық батыр”; Қ.Кемеңгеровтің “Бостандық жемісі”; И.Меңдіхановтың “Малдыбай”, “Үйшік-үйшік”, “Байғұстар”, т.б. пьесалары орын алды. Бұл кезең драма үйірмелерінің тұңғыш жетекшілері – С.Қожамқұлов (Қостанайда), Е.Өмірзақов (Орынборда), Ж.Шанин, Ғ.Төребаев, С.Тоқымбаев (Семейде) болды. Көркемөнерпаздар үйірмелері халық шығарм-ның бай мұрасына сүйенді, оның жақсы қасиеттерін өз бойына жинақтады. К. кәсіби өнерге жол салды. 1921 ж. Ташкенттегі “Шығыс кештері” қазақ бөлімін басқарған Д.Әділов 1925 ж. Ұлт театрының (қазіргі М.О. Әуезов атынд. қазақ акад. драм. театры) тұңғыш директоры қызметіне тағайындалып, жер-жерде К-пен танылып жүрген жастарды Қызылордаға шақыртып, кәсіби сахна өнерін жолға қою үшін жинастырды. 1934 ж. өткен халық өнерпаздарының респ. тұңғыш слеті ел арасындағы халық шығарм-н насихаттаушы таланттарды жұртшылыққа паш етті. Осы слеттен кейін де көптеген дарынды өнерпаздар кәсіби өнерге келді. 1936 ж. көркемөнерпаздарға тұрақты шығарм. басшылық ететін Респ. халық шығарм. үйі ашылды. Қазақстанның еңбек сің. мәдениет қызметкерлері А.Шанин (Қарағанды), В.Дробышев (Солт. Қазақстан обл.), Д.Ғұмаров, Д.С. Арсентьев (Атырау), Н.И. Сидоров (Алматы), т.б. К-ты дамытуда көп еңбек сіңірді. Республикада көптеген халық аспаптар оркестрлері мен вокалды-аспаптық ансамбльдер, хор, хореогр., эстрада және бал биі ұжымдары, эстрадалық оркестрлер, көркемөнерпаздардың муз., драма театрлары, үгіт бригадалары, бейнелеу өнері мен сән және қол өнері студиялары, фото әуесқойлар, цирк өнері үйірмелері, дискотека және дискоклубтар, отбасылық ансамбльдер жұмыс істеді. К. үйірмелер мен ұжымдар мәдениет үйлері мен сарайларынан,  клубтардан, мекемелер мен кәсіпорындардан, оқу орындары жанынан ұйымдастырылды. Тәуелсіздік жылдары мәдениет саласына да жүргізілген реформаға байланысты, халық шығарм-н өркендетудің кеңестік жүйесі жойылды. Ауылдардағы көптеген мәдениет ошақтары жабылып, К. бұқаралық сипатын жоғалта бастады. Ел экономикасының жақсаруымен, кейінгі жылдары халық мәдениетіне едәуір көңіл бөлінуде. Бүгінде К. жаңаша даму жолына түсті. Соңғы статист. деректерге сай Қазақтанда жалпы құрамы 92816 адамнан тұратын 7364 К. ұжым бар. К. шығарм-тың жанрлары сан алуан, мейлінше кең тарағандары фольклор., хореогр., драма және ұлт аспаптар оркестрі. К. ұжымдардың шығарм. белсенділігінің артуын ынталандыруға дәстүрлі байқаулар мен фестифальдердің (Ақмола обл. “Юрта Дружбы”, Қарағанды обл. “Звездная радуга Сарыарки”, т.б.) игі ықпалы тиді. К. шығарм. үшін театр жанрларын игерудің қиындығына қарамастан халық театрлары қазақ және шет ел драматургтерінің шығармаларын сахналап келеді (Солт. Қазақстан обл. “Колос”, Шығыс Қазақстан обл. Ақжар ауылдық халық театры). Қазақ ұлт аспаптар оркестрлері шет елдерде де халықтың фольклорлық мұраларын табысты насихаттап отыр (Қарағанды обл. Егіндібұлақ а., Маңғыстау обл.  Форт-Шевченко қ. Мәдениет үйлері, Қостанай обл. Лисаковск қ-ның Қазақ ұлт аспаптар оркестрі). Хореогр. өнер жанрын меңгерген К. ұжымдар респ. және халықар. фестивальдер мен байқаулардың жүлдегерлері (Жезқазғандағы “Шашу”, Теміртаудағы “Арабески”, Қарағандыдағы “Қуаныш”) атанды. Ерте қалыптасқан шығарм. үрдісі мен дәстүрі бар ұжымдар тұрақты қызмет атқарып отыр. Республикада 441 ұжым “Халықтық”, “Өнегелі” атақтарын иеленген. Олардың қатарында Түркістандағы “Иасы” (жетек. – А.Жақыпбеков), Алматы обл-ндағы “Алтын дән” халықтық ән-би ансамблі (жетек. – М.Бекетова), Атырау обл-ндағы “Жайық қызы” халық ансамблі, Шығ. Қазақстан обл-ндағы “Қаламқас” ән-би ансамбльдері бар. Г. Әнетбаева Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том
08.11.2012 11:53 8030

Соңғы редакциялау:

19 қазан 2012

 

Көркемөнерпаздық, көркем өнерпаздар үйірмелері – театр, музыка, хореография, бейнелеу, сән және қосалқы өнерді қамтитын халық шығармашылығы. Қазақстанның әр аймағында Қазан төңкерісінен бұрын К-пен шұғылданған бірқатар ұжымдар жұмыс істеді. Семейде ұйымдастырылған “Музыка мен драмалық өнер әуесқойларының қоғамы” сахна өнерінің тууына игі ықпалын тигізді. 19 ғ-дың аяғында бірлі-жарым әдебиет кештерінде домбыра тартып, ән салумен шектеліп келген қазақ жастары сахнаға ұлттық ойындар мен ақындар айтыстарын, қиссаларды шығаруға талпыныс жасады. Олар кейде орыс, татар жастарымен бірлесіп ойын-сауықтар ұйымдастырды. Ол “Шығыс кеші” деп аталды. 20 ғ-дың бас кезінде Омбы, Орынбор, Семей, Петропавл, Орал, Ақмешіт, Атбасар қ-ларында тұрақты көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істеді. Негізінен, драма үйірмелеріне топтасқан бұл ұжымдардың репертуарларында шағын пьесалар (Б.Серкебаевтың “Бақсы”, “Ғазиза” және “Жер дауы”) мен айтыстар (“Біржан мен Сара”, “Жанақ пен Балаш”) болды. Қазақстанда “Қызыл отаулар” мен “Қызыл бұрыштардың” жанынан көркемөнерпаздар үйірмелері ұйымдастырылды. Мәдени-ағарту жұмыстарының ұйтқысы болған Қазақ саяси-ағарту бас к-тінің көркемдік бөлімі халық шығарм-на басшылық етті. Ол халық арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізетін көшпелі труппалар ұйымдастырып, жақсы пьесаларға байқау жариялады. 1918 ж. Ақмола мен Қостанайда (“Қызыл керуен”), 1920 ж. Семейде, 1923 ж. Орынборда (“Орталық қазақ комсомолдары һәм оқушы жастар клубы” жанынан) ұйымдасқан драма труппаларының репертуарларынан С.Сейфуллиннің “Бақыт жолында”; М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек”, “Бәйбіше-тоқал”; Ж.Шаниннің “Арқалық батыр”; Қ.Кемеңгеровтің “Бостандық жемісі”; И.Меңдіхановтың “Малдыбай”, “Үйшік-үйшік”, “Байғұстар”, т.б. пьесалары орын алды. Бұл кезең драма үйірмелерінің тұңғыш жетекшілері – С.Қожамқұлов (Қостанайда), Е.Өмірзақов (Орынборда), Ж.Шанин, Ғ.Төребаев, С.Тоқымбаев (Семейде) болды. Көркемөнерпаздар үйірмелері халық шығарм-ның бай мұрасына сүйенді, оның жақсы қасиеттерін өз бойына жинақтады. К. кәсіби өнерге жол салды. 1921 ж. Ташкенттегі “Шығыс кештері” қазақ бөлімін басқарған Д.Әділов 1925 ж. Ұлт театрының (қазіргі М.О. Әуезов атынд. қазақ акад. драм. театры) тұңғыш директоры қызметіне тағайындалып, жер-жерде К-пен танылып жүрген жастарды Қызылордаға шақыртып, кәсіби сахна өнерін жолға қою үшін жинастырды. 1934 ж. өткен халық өнерпаздарының респ. тұңғыш слеті ел арасындағы халық шығарм-н насихаттаушы таланттарды жұртшылыққа паш етті. Осы слеттен кейін де көптеген дарынды өнерпаздар кәсіби өнерге келді. 1936 ж. көркемөнерпаздарға тұрақты шығарм. басшылық ететін Респ. халық шығарм. үйі ашылды. Қазақстанның еңбек сің. мәдениет қызметкерлері А.Шанин (Қарағанды), В.Дробышев (Солт. Қазақстан обл.), Д.Ғұмаров, Д.С. Арсентьев (Атырау), Н.И. Сидоров (Алматы), т.б. К-ты дамытуда көп еңбек сіңірді. Республикада көптеген халық аспаптар оркестрлері мен вокалды-аспаптық ансамбльдер, хор, хореогр., эстрада және бал биі ұжымдары, эстрадалық оркестрлер, көркемөнерпаздардың муз., драма театрлары, үгіт бригадалары, бейнелеу өнері мен сән және қол өнері студиялары, фото әуесқойлар, цирк өнері үйірмелері, дискотека және дискоклубтар, отбасылық ансамбльдер жұмыс істеді. К. үйірмелер мен ұжымдар мәдениет үйлері мен сарайларынан,  клубтардан, мекемелер мен кәсіпорындардан, оқу орындары жанынан ұйымдастырылды. Тәуелсіздік жылдары мәдениет саласына да жүргізілген реформаға байланысты, халық шығарм-н өркендетудің кеңестік жүйесі жойылды. Ауылдардағы көптеген мәдениет ошақтары жабылып, К. бұқаралық сипатын жоғалта бастады. Ел экономикасының жақсаруымен, кейінгі жылдары халық мәдениетіне едәуір көңіл бөлінуде. Бүгінде К. жаңаша даму жолына түсті. Соңғы статист. деректерге сай Қазақтанда жалпы құрамы 92816 адамнан тұратын 7364 К. ұжым бар.

К. шығарм-тың жанрлары сан алуан, мейлінше кең тарағандары фольклор., хореогр., драма және ұлт аспаптар оркестрі. К. ұжымдардың шығарм. белсенділігінің артуын ынталандыруға дәстүрлі байқаулар мен фестифальдердің (Ақмола обл. “Юрта Дружбы”, Қарағанды обл. “Звездная радуга Сарыарки”, т.б.) игі ықпалы тиді.

К. шығарм. үшін театр жанрларын игерудің қиындығына қарамастан халық театрлары қазақ және шет ел драматургтерінің шығармаларын сахналап келеді (Солт. Қазақстан обл. “Колос”, Шығыс Қазақстан обл. Ақжар ауылдық халық театры). Қазақ ұлт аспаптар оркестрлері шет елдерде де халықтың фольклорлық мұраларын табысты насихаттап отыр (Қарағанды обл. Егіндібұлақ а., Маңғыстау обл.  Форт-Шевченко қ. Мәдениет үйлері, Қостанай обл. Лисаковск қ-ның Қазақ ұлт аспаптар оркестрі).

Хореогр. өнер жанрын меңгерген К. ұжымдар респ. және халықар. фестивальдер мен байқаулардың жүлдегерлері (Жезқазғандағы “Шашу”, Теміртаудағы “Арабески”, Қарағандыдағы “Қуаныш”) атанды. Ерте қалыптасқан шығарм. үрдісі мен дәстүрі бар ұжымдар тұрақты қызмет атқарып отыр. Республикада 441 ұжым “Халықтық”, “Өнегелі” атақтарын иеленген. Олардың қатарында Түркістандағы “Иасы” (жетек. – А.Жақыпбеков), Алматы обл-ндағы “Алтын дән” халықтық ән-би ансамблі (жетек. – М.Бекетова), Атырау обл-ндағы “Жайық қызы” халық ансамблі, Шығ. Қазақстан обл-ндағы “Қаламқас” ән-би ансамбльдері бар.

Г. Әнетбаева

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға