Жаңалықтар

Ынтымақ пен келісім – ең басты ел байлығы (видео)

Оралдағы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында осындай тақырыпта аймақтағы өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен мәдени шара өтті. «Ақжайық – достық мекені-2013» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған шара барысында әзірбайжан, дүнген, ұйғыр ұлт өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрлеріне арналған көрме де ашылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қолға алған жобаның мақсаты – қазақстандықтарды патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар, Ақжайық өңірін мекендеген түрлі ұлт өкілдеріне қатысты жәдігерлерді жинап, мұражай қорын тың деректермен толықтыру. Нұрахмет МӘСІМОВ, Ұйғыр ұлттық этно-мәдени орталығының жетекшісі - Бүгінгі көрменің ерекшелігі – Қазақстанда тұрып жатқан этностардың ұлттың салт-дәстүрін бір-біріне таныстыру. Сондықтан оны өте маңызды шара деп санаймын. Көрмеге өзіміздің музыкалық аспаптарымызды, киімдерімізді қойдық.
21.03.2013 05:07 3653

Оралдағы Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында осындай тақырыпта аймақтағы өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен мәдени шара өтті.

«Ақжайық – достық мекені-2013» арнайы жобасы аясында ұйымдастырылған шара барысында әзірбайжан, дүнген, ұйғыр ұлт өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрлеріне арналған көрме де ашылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қолға алған жобаның мақсаты – қазақстандықтарды патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар, Ақжайық өңірін мекендеген түрлі ұлт өкілдеріне қатысты жәдігерлерді жинап, мұражай қорын тың деректермен толықтыру.

Нұрахмет МӘСІМОВ, Ұйғыр ұлттық этно-мәдени орталығының жетекшісі

- Бүгінгі көрменің ерекшелігі – Қазақстанда тұрып жатқан этностардың ұлттың салт-дәстүрін бір-біріне таныстыру. Сондықтан оны өте маңызды шара деп санаймын. Көрмеге өзіміздің музыкалық аспаптарымызды, киімдерімізді қойдық.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға