Жаңалықтар

Дәстүрлі құқықтық мәдениет

Соңғы редакциялау 17 қазан 2012   Дәстүрлі құқықтық мәдениет — ежелгі дүниетанымдық қағидалар мен түсініктер негізінде қалыптасқан әдет-ғұрып жосындарының жетілген жүйесі. Ол — адамзат дамуының тарихындағы ерекше рухани-әлеум. құбылыс. Көшпелі тұрмыс кешкен қазақ қоғамындағы Д. қ. м. ежелгі протоқазақтар — ғұн, сақ, көк түрік, т.б. заманынан бері тіні үзілмей ұрпақтан ұрпаққа жетіп, тұрмыс ырқымен екшелген құқықтық көзқарастар сабақтастығының жемісі. Кеңес дәуірінде жарық көрген ғыл. әдебиетте оны әдет-ғұрыптар жиынтығымен шендестіру, соның бір баламасы ретінде түсіндіру әрекеті орын алып келді. Алайда, экзистенциалистік сипаттағы көзқарасқа, синкреттік дүниетанымға негізделген ұлттық Д.қ.м., Дала өркениетінің құрамдас бөлігі, тұтас бір туындысы ретінде, кезеңдік не құқықтық жосындар мен институттар аясына сыймайтын еді; ол — алдыңғы буын қалдырған, кейінгі ұрпақ қабылдап алып, сана-сезімімен игерген мән-мазмұны терең, рухани астары сан салалы әлеум. құндылық. Ал әдет-ғұрыптық жосындар мен институттар осы күрделі де тұтас этномәдени-тарихи құбылыстың бір тармағы ғана. Көшпелі қазақ қоғамының тұрмысында, Д. қ. м-ті қалыптастыру үрдісінде әдет-ғұрыптық жосындар үлкен рөл атқарғанымен, әр қилы әлеум.-тарихи факторлар әуеніне орай олардың мән-маңызы өзгеріп отырғаны белгілі. Әсіресе, орталық мемл. билік — хандық басқару жүйесі күшейген кезеңдерде қалыптасқан құқықтық нормаларды сұрыптап, жүйелеуге көңіл бөлінген. Мыс., Қасым ханның, Есім ханның және Әз Тәукенің тұсында пайда болған заң кодекстері Қазақ ордасының күшейіп, кемелденген сәтінің көрінісі саналады. Тіпті, Бөкей ордасында хандық билік күшейген кезде де Жәңгір хан елді басқарудың дәстүрлі құқықтық құралы — әдет заңдарының кодексін жасауға талаптанғаны белгілі. Әдет-ғұрыптық жосындар мен институттардың қазақ қоғамындағы реттеушілік, үйлестірушілік рөлі 19 ғ-дың 60-жылдарынан бастап, Дала өлкесіне Ресей империясының әскери-әкімш. ықпалы күшейе түскен кезде қайта жоғарылады. ұасырлар бойы сұрыпталып, халықтың сана-сезіміне сіңіскен әдет құқығының нормаларын өз мүдделеріне икемдеп пайдалану арқылы патшалық Ресей далалықтардың әлеум.-экон. қарым-қатынастарын ретке келтіріп, отаршылдық саясатын “бейбіт”, “заңды” түрде жүзеге асыруға тырысты. Әдет-ғұрып жосындары мен құқықтық қағидаларды жинап, қайта қарауға, оларды стратегиялық мақсаттарына жетудің уақытша құралы ретінде қаделеуге Кеңес өкіметі де ерекше мән берді, әсіресе, бұл үрдіс 20 ғ-дың 20-жылдары, қазақ даласына большевиктік идеология етек жайып, “пролетариат диктатурасы” аталған мемл. пәрмен күшейген тұста белең алған болатын. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ресми-мемл. фактордың күшейе түсуіне байланысты әдет-ғұрып жосындарының рөлі жоғары бағаланғанымен, оның Д. қ. м-тегі алатын орны, мән-маңызы жете зерделенген жоқ. Қазіргі кезде құқықтық жүйені мәдени тұрғыдан зерттеудің ерекшеліктері сараланып, оны адамзат өркениетінің туындысы әрі көрінісі, этномәдени дамудың ерекше тұрпаты, жасампаздық пен демократ. құндылықтардың рухани тұғыры, бостандық, теңдік, адам құқы категорияларының нормативтік жақтары, қырлары ретінде бағалау ниеті байқалады. Әсіресе, қазақ халқының құқықтық көзқарастары мен ұғым-түсініктерін, қағида-қауметтерін этномәдени тұтастықты құрайтын тарихи құбылыс ретінде танып, халықтың сан-салалы рухани мұра нұсқаларымен (шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, өсиет-нақылдар, хандар мен би-батырлар туралы аңыз-әңгімелер, т.б.) байланыстыра зерттеу қолға алына бастады. Осы зерттеулер ауқымында қазақтардың Д. қ. м-іне, соның ішінде әдет құқығы жүйесіне қатысты бір-бірімен сабақтас әрі салалас екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Біріншісі — құқықтық әдеттер қоғам мүшелері тарапынан ерікті түрде орындалатын еді деген пікір. Оның дәлелі ретінде дәстүрлі ортада денеге зақым келтіру, бас бостандығынан айыру (түрме не зынданға қамау) жазасының, арнаулы полиция қызметінің болмағандығы алға тартылды. Екінші пікір бойынша, бұл салада мемл.-потестарлы билік сатыларының қызметі аса ықпалды болған. Екі пікір де дәстүрлі ортаның объективті болмысына қайшы келмегенімен, Д. қ. м-тің қабілет-қарымын тарихтың белгілі бір кезеңімен — хандық билік күшейген кесімді мерзіммен шектеуге, реттеушілік рөлін оқшауландыру арқылы құқықтық нормалардың тұтас бір мәдени-тарихи жүйенің құрамдас бөлігі ретіндегі мән-маңызын кемітуге алып келері хақ. Шын мәнінде әдет-құқығы нормалары бастапқы кезде қоғамдық қарым-қатынастарды жүйелеп, реттеуді мақсат еткен жоқ, дүниеге діни көзқарас, наным-сенім шарттары, кәде-қаумет, ырым-тыйым, т.б. түрінде өмір сүрді, реттеушілік міндетке тарихи-эвол. даму барысында ғана ие болды. Бастапқы кезеңде әдет-ғұрып жосындары мемлекеттік билік деңгейінде емес, абыздар мен ақсақалдар деңгейінде қаралатын талас-тартыстар мен кикілжіңді шешуге, ортақ бітім-пәтуаға шақыруға қызмет етті. Міне, сондықтан қазақтардың дәстүрлі құқықтық санасында “дау” ұғымы (жер дауы, жесір дауы, жан дауы, мал дауы, т.б.) өте ерте заманаларда қалыптасқан, өзге заңи ұғымдарға (құқық, ерік, заң, тәртіп, ереже) қарағанда маңызды саналатын себебі де сондықтан. Осыған орай әдет жосындарының орындалуы, қолданылуы мәселесін қазақтардың Д. қ. м-інің бір-бірімен біте қайнасып жатқан реттеушілік сипаты мен бітімдестіру мұраты аясында қарастырған абзал. Қазақтардың құқықтық болмысының тарихи ауқымын кеңейтіп, кеңістік пен уақыт аясында шектелмейтін ерекше, алуан астарлы этномәдени құбылыс ретінде таныту саласында атқарылған және атқарылар шаруа аз емес. Соңғы жылдары ұлттың құқықтық мәдениетінің мән-мазмұнын, негізгі принциптері мен ерекшеліктерін ашуға арналған бірнеше құнды монографиялар жарық көрді. Солардың қатарында С.Зиманов, ұ.Сапарғалиев, З.Кенжалиев, С.Өзбекұлы, С.Дәулетова, т.б. құқықтанушы ғалымдардың еңбектері бар. З. Кенжалиев Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том
08.11.2012 11:53 9336

Соңғы редакциялау

17 қазан 2012

 

Дәстүрлі құқықтық мәдениет — ежелгі дүниетанымдық қағидалар мен түсініктер негізінде қалыптасқан әдет-ғұрып жосындарының жетілген жүйесі. Ол — адамзат дамуының тарихындағы ерекше рухани-әлеум. құбылыс. Көшпелі тұрмыс кешкен қазақ қоғамындағы Д. қ. м. ежелгі протоқазақтар — ғұн, сақ, көк түрік, т.б. заманынан бері тіні үзілмей ұрпақтан ұрпаққа жетіп, тұрмыс ырқымен екшелген құқықтық көзқарастар сабақтастығының жемісі. Кеңес дәуірінде жарық көрген ғыл. әдебиетте оны әдет-ғұрыптар жиынтығымен шендестіру, соның бір баламасы ретінде түсіндіру әрекеті орын алып келді. Алайда, экзистенциалистік сипаттағы көзқарасқа, синкреттік дүниетанымға негізделген ұлттық Д.қ.м., Дала өркениетінің құрамдас бөлігі, тұтас бір туындысы ретінде, кезеңдік не құқықтық жосындар мен институттар аясына сыймайтын еді; ол — алдыңғы буын қалдырған, кейінгі ұрпақ қабылдап алып, сана-сезімімен игерген мән-мазмұны терең, рухани астары сан салалы әлеум. құндылық. Ал әдет-ғұрыптық жосындар мен институттар осы күрделі де тұтас этномәдени-тарихи құбылыстың бір тармағы ғана. Көшпелі қазақ қоғамының тұрмысында, Д. қ. м-ті қалыптастыру үрдісінде әдет-ғұрыптық жосындар үлкен рөл атқарғанымен, әр қилы әлеум.-тарихи факторлар әуеніне орай олардың мән-маңызы өзгеріп отырғаны белгілі. Әсіресе, орталық мемл. билік — хандық басқару жүйесі күшейген кезеңдерде қалыптасқан құқықтық нормаларды сұрыптап, жүйелеуге көңіл бөлінген. Мыс., Қасым ханның, Есім ханның және Әз Тәукенің тұсында пайда болған заң кодекстері Қазақ ордасының күшейіп, кемелденген сәтінің көрінісі саналады. Тіпті, Бөкей ордасында хандық билік күшейген кезде де Жәңгір хан елді басқарудың дәстүрлі құқықтық құралы — әдет заңдарының кодексін жасауға талаптанғаны белгілі. Әдет-ғұрыптық жосындар мен институттардың қазақ қоғамындағы реттеушілік, үйлестірушілік рөлі 19 ғ-дың 60-жылдарынан бастап, Дала өлкесіне Ресей империясының әскери-әкімш. ықпалы күшейе түскен кезде қайта жоғарылады. ұасырлар бойы сұрыпталып, халықтың сана-сезіміне сіңіскен әдет құқығының нормаларын өз мүдделеріне икемдеп пайдалану арқылы патшалық Ресей далалықтардың әлеум.-экон. қарым-қатынастарын ретке келтіріп, отаршылдық саясатын “бейбіт”, “заңды” түрде жүзеге асыруға тырысты. Әдет-ғұрып жосындары мен құқықтық қағидаларды жинап, қайта қарауға, оларды стратегиялық мақсаттарына жетудің уақытша құралы ретінде қаделеуге Кеңес өкіметі де ерекше мән берді, әсіресе, бұл үрдіс 20 ғ-дың 20-жылдары, қазақ даласына большевиктік идеология етек жайып, “пролетариат диктатурасы” аталған мемл. пәрмен күшейген тұста белең алған болатын.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы ресми-мемл. фактордың күшейе түсуіне байланысты әдет-ғұрып жосындарының рөлі жоғары бағаланғанымен, оның Д. қ. м-тегі алатын орны, мән-маңызы жете зерделенген жоқ. Қазіргі кезде құқықтық жүйені мәдени тұрғыдан зерттеудің ерекшеліктері сараланып, оны адамзат өркениетінің туындысы әрі көрінісі, этномәдени дамудың ерекше тұрпаты, жасампаздық пен демократ. құндылықтардың рухани тұғыры, бостандық, теңдік, адам құқы категорияларының нормативтік жақтары, қырлары ретінде бағалау ниеті байқалады. Әсіресе, қазақ халқының құқықтық көзқарастары мен ұғым-түсініктерін, қағида-қауметтерін этномәдени тұтастықты құрайтын тарихи құбылыс ретінде танып, халықтың сан-салалы рухани мұра нұсқаларымен (шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, өсиет-нақылдар, хандар мен би-батырлар туралы аңыз-әңгімелер, т.б.) байланыстыра зерттеу қолға алына бастады. Осы зерттеулер ауқымында қазақтардың Д. қ. м-іне, соның ішінде әдет құқығы жүйесіне қатысты бір-бірімен сабақтас әрі салалас екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Біріншісі — құқықтық әдеттер қоғам мүшелері тарапынан ерікті түрде орындалатын еді деген пікір. Оның дәлелі ретінде дәстүрлі ортада денеге зақым келтіру, бас бостандығынан айыру (түрме не зынданға қамау) жазасының, арнаулы полиция қызметінің болмағандығы алға тартылды. Екінші пікір бойынша, бұл салада мемл.-потестарлы билік сатыларының қызметі аса ықпалды болған. Екі пікір де дәстүрлі ортаның объективті болмысына қайшы келмегенімен, Д. қ. м-тің қабілет-қарымын тарихтың белгілі бір кезеңімен — хандық билік күшейген кесімді мерзіммен шектеуге, реттеушілік рөлін оқшауландыру арқылы құқықтық нормалардың тұтас бір мәдени-тарихи жүйенің құрамдас бөлігі ретіндегі мән-маңызын кемітуге алып келері хақ. Шын мәнінде әдет-құқығы нормалары бастапқы кезде қоғамдық қарым-қатынастарды жүйелеп, реттеуді мақсат еткен жоқ, дүниеге діни көзқарас, наным-сенім шарттары, кәде-қаумет, ырым-тыйым, т.б. түрінде өмір сүрді, реттеушілік міндетке тарихи-эвол. даму барысында ғана ие болды. Бастапқы кезеңде әдет-ғұрып жосындары мемлекеттік билік деңгейінде емес, абыздар мен ақсақалдар деңгейінде қаралатын талас-тартыстар мен кикілжіңді шешуге, ортақ бітім-пәтуаға шақыруға қызмет етті. Міне, сондықтан қазақтардың дәстүрлі құқықтық санасында “дау” ұғымы (жер дауы, жесір дауы, жан дауы, мал дауы, т.б.) өте ерте заманаларда қалыптасқан, өзге заңи ұғымдарға (құқық, ерік, заң, тәртіп, ереже) қарағанда маңызды саналатын себебі де сондықтан. Осыған орай әдет жосындарының орындалуы, қолданылуы мәселесін қазақтардың Д. қ. м-інің бір-бірімен біте қайнасып жатқан реттеушілік сипаты мен бітімдестіру мұраты аясында қарастырған абзал. Қазақтардың құқықтық болмысының тарихи ауқымын кеңейтіп, кеңістік пен уақыт аясында шектелмейтін ерекше, алуан астарлы этномәдени құбылыс ретінде таныту саласында атқарылған және атқарылар шаруа аз емес. Соңғы жылдары ұлттың құқықтық мәдениетінің мән-мазмұнын, негізгі принциптері мен ерекшеліктерін ашуға арналған бірнеше құнды монографиялар жарық көрді. Солардың қатарында С.Зиманов, ұ.Сапарғалиев, З.Кенжалиев, С.Өзбекұлы, С.Дәулетова, т.б. құқықтанушы ғалымдардың еңбектері бар.

З. Кенжалиев

Дереккөзі: "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 2-том

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға