Жаңалықтар

Қазақстан филармониялары Астанада шығармашылық одақ құрады

Астанада бүгін Қазақ Ұлттық Өнер университетінің Орган залында Қазақстанның филармониялық қоғамдары шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды. Енді еліміздің филармония әртістері Қазақстан қалаларына гастрольге жиі шығып, көрермендерді қуантатын болады. Қазақстан филармония қоғамдарының шығармашылық ынтымақтастығы туралы меморандумның тұжырымдық және нұсқамалық сипаты болып, шығармашылық тәжірибе алмасу, дәстүрлер мен  Қазақстан мәдениетінің музыкалық мұраларын сақтауға қызмет етудің негізі болмақ. Сондай-ақ, ол оркестрлермен, солист-вокалистермен, солист-аспапшылармен, дирижерлермен тәжірибе алмасып, бірігіп концерттер өткізіп, аймақтық атқарушы мектептердің концерттері мен Қазақстанда күшті филармония қауымдастығының шығармашылық базасын құру арқылы ынтымақтастық көкжиегін кеңейте түседі.  Тараптар базасында гастрольдік турлар ұйымдастырып, орныққан, ұтымды ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін меморандумға қол қоюшылар ұйымдастыру комитетін құрып, ол Қазақстан қалаларында концерттер ұйымдастырумен айналысатын болады.     Құжатқа қол қойған тараптардың белгіленген гастроль кестесі бойынша әрбір қалада жылына қанша концерт өткізетіні айқындалатын болады. Маусымына бір рет біріккен гала-концерт өткізіп, онда үздік  әртіске грант тапсырылады.    Гранд ақшасын меморандумға қол қойған филармония басшылығы айқындап, ал, жүлде қоры меморандумға қатысушы әр тарапта әр түрлі жеке белгіленеді.   Меморандумнан кейін «Өнер әлемі» концерті қойылып, онда,  А.Моцарттың, Ж.Массне, Н.Римский-Корсакскийдің, Е.Брусиловскийдің, Е.Жайымовтың, Е.Рахмадиевтің шығармаларын қалалық және облыстық филармониялардың әртістері орындайды.  Астана қаласының ресми сайты astana.kz
20.03.2013 12:46 3229

Астанада бүгін Қазақ Ұлттық Өнер университетінің Орган залында Қазақстанның филармониялық қоғамдары шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қояды. Енді еліміздің филармония әртістері Қазақстан қалаларына гастрольге жиі шығып, көрермендерді қуантатын болады.

Қазақстан филармония қоғамдарының шығармашылық ынтымақтастығы туралы меморандумның тұжырымдық және нұсқамалық сипаты болып, шығармашылық тәжірибе алмасу, дәстүрлер мен  Қазақстан мәдениетінің музыкалық мұраларын сақтауға қызмет етудің негізі болмақ.

Сондай-ақ, ол оркестрлермен, солист-вокалистермен, солист-аспапшылармен, дирижерлермен тәжірибе алмасып, бірігіп концерттер өткізіп, аймақтық атқарушы мектептердің концерттері мен Қазақстанда күшті филармония қауымдастығының шығармашылық базасын құру арқылы ынтымақтастық көкжиегін кеңейте түседі. 

Тараптар базасында гастрольдік турлар ұйымдастырып, орныққан, ұтымды ынтымақтастықты қамтамасыз ету үшін меморандумға қол қоюшылар ұйымдастыру комитетін құрып, ол Қазақстан қалаларында концерттер ұйымдастырумен айналысатын болады.    

Құжатқа қол қойған тараптардың белгіленген гастроль кестесі бойынша әрбір қалада жылына қанша концерт өткізетіні айқындалатын болады. Маусымына бір рет біріккен гала-концерт өткізіп, онда үздік  әртіске грант тапсырылады.   

Гранд ақшасын меморандумға қол қойған филармония басшылығы айқындап, ал, жүлде қоры меморандумға қатысушы әр тарапта әр түрлі жеке белгіленеді.  

Меморандумнан кейін «Өнер әлемі» концерті қойылып, онда,  А.Моцарттың, Ж.Массне, Н.Римский-Корсакскийдің, Е.Брусиловскийдің, Е.Жайымовтың, Е.Рахмадиевтің шығармаларын қалалық және облыстық филармониялардың әртістері орындайды. 

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға