Жаңалықтар

Наурыз мерекесіне елордада үш мыңға тарта нысан безендірілді

Биылғы жылы  айырықша ұйымдастырылып отырған Наурыз мейрамында астаналықтар жарық шашу щоуын, концерттік бағдарламаны көріп, түрлі ұлттық дастарқандардан дәм татып қана қоймайды, қаланың эстетикалық келбеті де олардың көңілін көтеретін болады. Бұл үшін қала көшелері түрлі жалаулармен, жарық шашатын жабдықтармен, гүл панноларымен әсемделіп, ағаштар да безендірілді.    Қала бойынша ұлттық бояудағы сәулет өнерінің озық үлгілері насихатталуда. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін пішіндер мен композициялар елордалық дизайнерлердің қиялын байытуда. Олар бұл жұмыстарын алдын ала осы жылдың қаңтар айында бастаған болатын. Шағын сәулет пішіндерін дайындауға темір, гипс, акрил, фибробетон, әйнек тіні және мата пайдаланылды.  2,5 ай ішінде әзірленген жобалар Астана қаласы әкімдігінде қатаң іріктеуден өтті. Наурыз мейрамы қарсаңында елорда көшелерінде осы мерекелік  композициялар бой көрсетті.  Сонымен қатар, қала бойынша  7 алаң жалаумен жасандырылды. Шаһар магистралдарын безендіруде 53 жарық аркасы пайдаланылды. Үш «Ауыл» композициясы орнатылып,  7 көпір түрлі отшашулармен әсемделді. Сулы-жасыл гүлзар,  «Отан қорғаушылар» алаңы,  Ақ орда мен Қаржы министрлігі алдындағы алаңдарда көздің жауын аларлықтай әдеміленді. Астана қаласының ресми сайты astana.kz
19.03.2013 06:11 3532

Биылғы жылы  айырықша ұйымдастырылып отырған Наурыз мейрамында астаналықтар жарық шашу щоуын, концерттік бағдарламаны көріп, түрлі ұлттық дастарқандардан дәм татып қана қоймайды, қаланың эстетикалық келбеті де олардың көңілін көтеретін болады.

Бұл үшін қала көшелері түрлі жалаулармен, жарық шашатын жабдықтармен, гүл панноларымен әсемделіп, ағаштар да безендірілді.   

Қала бойынша ұлттық бояудағы сәулет өнерінің озық үлгілері насихатталуда. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін пішіндер мен композициялар елордалық дизайнерлердің қиялын байытуда. Олар бұл жұмыстарын алдын ала осы жылдың қаңтар айында бастаған болатын. Шағын сәулет пішіндерін дайындауға темір, гипс, акрил, фибробетон, әйнек тіні және мата пайдаланылды.  2,5 ай ішінде әзірленген жобалар Астана қаласы әкімдігінде қатаң іріктеуден өтті. Наурыз мейрамы қарсаңында елорда көшелерінде осы мерекелік  композициялар бой көрсетті. 

Сонымен қатар, қала бойынша  7 алаң жалаумен жасандырылды. Шаһар магистралдарын безендіруде 53 жарық аркасы пайдаланылды. Үш «Ауыл» композициясы орнатылып,  7 көпір түрлі отшашулармен әсемделді. Сулы-жасыл гүлзар,  «Отан қорғаушылар» алаңы,  Ақ орда мен Қаржы министрлігі алдындағы алаңдарда көздің жауын аларлықтай әдеміленді.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға