Жаңалықтар

Наурыз мейрамы қарсаңында «Би аймағы» атты жастар арасында би байқауы өтеді

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және «Жас Отан» Жастар Қанатымен бірігіп 2013 жылы 20 наурызда «Би аймағы» атты тақырыпта жастар арасында байқау өткізеді. Бұл туралы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың баспасөз-қызметі хабарлап отыр.   «Би аймағы» жобасы – барлық би сүйер жастардың басын бір арнаға тоғыстыратын біртұтас қозғалыс болып табылады. Байқау тапсырмаларының әр алуандығы топ мүшелеріне үнемі ізденісте болып, қабілеттерін шыңдауға серпіліс береді. Іс шараға Астана, Қостанай, Қарағанды, Жезқазған қалаларының 100 астам ниет білдірген жастары қатыса алады. Жеңімпаз-топ Республикалық деңгейде өтетін іс шараларға қатысуға жолдама алатын болады. Байқау бидің әртүрлі бағыттары бойынша өтеді. Мәселен, классикалық жанрдан заманауи жанр элементтерін қамтиды. Жастардың қабілетін бағалауға мемлекеттік құрылым, би индустриясының өкілдері, Қазақстандық эстрада жұлдыздары және т.б шақырылады. Мерекелі іс шараның басты мақсаты – талантты да талапты жастарды анықтап, олардың қасиетін әрі қарай жетілдіруге жағдай жасау, жастар арасында салауатты өмір салты мен би мәдениетін насихаттау, жастардан құралған би топтарының арасында аймақтықтық байланыстарды нығайту.  
19.03.2013 06:08 3872

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және «Жас Отан» Жастар Қанатымен бірігіп 2013 жылы 20 наурызда «Би аймағы» атты тақырыпта жастар арасында байқау өткізеді. Бұл туралы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың баспасөз-қызметі хабарлап отыр.  

«Би аймағы» жобасы – барлық би сүйер жастардың басын бір арнаға тоғыстыратын біртұтас қозғалыс болып табылады.

Байқау тапсырмаларының әр алуандығы топ мүшелеріне үнемі ізденісте болып, қабілеттерін шыңдауға серпіліс береді.

Іс шараға Астана, Қостанай, Қарағанды, Жезқазған қалаларының 100 астам ниет білдірген жастары қатыса алады. Жеңімпаз-топ Республикалық деңгейде өтетін іс шараларға қатысуға жолдама алатын болады.

Байқау бидің әртүрлі бағыттары бойынша өтеді. Мәселен, классикалық жанрдан заманауи жанр элементтерін қамтиды. Жастардың қабілетін бағалауға мемлекеттік құрылым, би индустриясының өкілдері, Қазақстандық эстрада жұлдыздары және т.б шақырылады.

Мерекелі іс шараның басты мақсаты – талантты да талапты жастарды анықтап, олардың қасиетін әрі қарай жетілдіруге жағдай жасау, жастар арасында салауатты өмір салты мен би мәдениетін насихаттау, жастардан құралған би топтарының арасында аймақтықтық байланыстарды нығайту.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға