Жаңалықтар

Ыбырайдың шашы

ХІХ ғасырда қазақтың күңгірт көгінде жарқыраған жұлдыздардың бірі Ыбырай болғаны әмбеге аян. Ол өзінің туған халқы тұңғиыққа тіреліп тұрған сәтте, мүлгіген сахарада білім шырағын жарқыратып жағу үшін бар өмірін сарп етті. Өткен жылы Ақтөбеде Іңкәр Қарашаева есімді жас ғалымның: «Aлғашқы зерттеуім Ыбырай Алтынсарин атамыздың мектептердің ғана емес, тұңғыш кітапхана ұйымдастырушысы болғанын да анықтауға арналды. Зерттеу барысында қызықты деректерге тап болдым. Ы.Алтынсарин білім алған Орынбордағы мектептің суреттерін таптым. Атамыздың басына жасанды шаш - парик кигенін білдім. Жобамды кейін Кіші ғылым академиясында қорғадым, мақтау қағазына ие болдым», - деген сөзі есімде. Жас ғалым бұл пікірін «Ақтөбе» атты облыстық басылымда білдіріпті. Қанша мәрте Іңкәр Қарашаевадан Ыбырай атамыздың Орынбордағы фотоларын сұрауға талпынғаныммен, ақтөбелік жас ғалыммен жолығудың да, кезігудің де сәті түспеді. Дегенмен, бұл мәлімет Ыбекеңнің жасанды шаш қойғандығы туралы мақаламызға тұздық болып, одан әрмен зерттеу жүргізуімізге мұрындық болғандығын жасырмаймыз. Жә, содан… Иә, егер, Ыбырай Алтынсарин жасанды шаштың көмегіне иек артқан болса, тек алғашқы ағартушы, тұңғыш кітапхана ұйымдастырушы ғана емес, қазақтардың арасынан бірінші болып «парик» киген тұлға ретінде тарихқа енбек. Ағартушылығын Ғ.Балғымбаев сынды белгілі ғалымдар егжей-тегжейлі зерттеп жазды. Кітапхана ұйым-дастырушылығы жайында да зерттеулерге сүйеніп, мақаламызды сериялы түрде оқырман назарына ұсынамыз деген ой бар. Ал, бүгінгі жасанды шаш туралы жазбамызды одан әрі сабақтастыра түсейік. Париктің тарихына сүйенсек, есте жоқ ескі заманда Мысыр халқы пайдаланған деседі. Тіпті, мысырлықтар үшін парик қию үйреншікті әдетке айналса керек. Кейін көне гректердің ерлері де, әйелдері де парикті әдетке айналдырған. Содан Парсы еліне тарап, Кіші Азияға дейін қолданысқа еніпті. ХVII ғасырда салтанат құрған француз королі Людовик те қатерлі аурудан басын көтергенде, күтпеген жерден шашы түсе бастайды. Сол кезде көпшілік алдында көп жүретін король үшін парик таптырмас құрал еді. ХVII ғасырда француз королінің басынан табылған парик ХVIIІ ғасырда орыс империясының да жеріне келді. Оны алғаш болып киген әрине орыс патшасы Петр І болатын. Бұл жасанды шаш бар-жоғы 5 рубль тұрғанмен, орыс патшасы арзандығына қарамастан қолдана беріпті. Тіпті, сол кездегі әйелдер қауымы парик киюді әдептіліктің белгісі ретінде қабылдапты. Ежелгі Рим халқы қара түсті парик киген адамды ұқыпты адамдардың санатына жатқызды. Ал, Ыбырайдың бізге жеткен бейнесіне көз салсақ, ша¬шының қара түсті болғандығын аңғару қиын емес. Біле білсек, Ыбырай жаңашыл қазақ. Еуропаша білім алғанмен, жүрегі қазақ деп соққан, батысша парик кигенмен, жүріс-тұрысы көп қазақты еске салатындай ұлтжанды адам болған. Бұл туралы қазіргі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Ыбырай Алтынсарин туралы зерттеуінде: «Ыбырай семьялық өмірде айрықша салтанат құруды жек көреді. Оның үйінде күнделікті тұрмысқа қажетті нәрселердің тәуірі ғана аса ұқыптылықпен ұсталып пайдаланылады. Ол өз семьясында қонаққа келген қазақтарды қазақ салтымен, орыстарды арнаулы бөлмесінде орыс салтымен қабылдап, қонақ етуді дәстүрге айналдырады. Сондай-ақ, өздері қонаққа барғанда да осы тәртіпті негізге алады. Мысалы, Айғаныс (Ыбырайдың әйелі) үй ішінде немесе ауылдас адамдардың үйлеріне қонаққа барғанда жаулық тартып баратын болса, орыс таныстарының үйлеріне ерімен барғанда мақпал қамзол, кәмшат бөрік киіп барады», деп жазады. Ендеше, Ыбырайды ұлттан алыстаған, орыстанған деп басы-көзі жоқ сол кездегі кінәлаған халықтың пікірін бүгінгі тарихқа таңуға жол жоқ. Ыбырай Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін үйінен бір сандық крест табылыпты деген  қауесет елге тарап кетсе де, ол  империя заңының талабы бойынша қазақ балаларын шоқындыруға бірде бір акт жүргізбеген деген ақиқи шындықпен аман қалды. Тіпті, 2012 жылдың 15 қазанында «Жас Алаш» газетінің № 123 санында бұрын ешбір жерде жарияланбаған 4 шумақ өлеңі жарыққа шықты. Төрт шумақ дейміз-ау, оны тауып, қағазға түсірген Ыбырай Алтынсариннің мұралары мен оған қатысты деректерді жинаған Мариям Хакімжанова екен. Анамыз: «Өлеңнің басы, аяғы жоқ. Айтушының есінде қалғаны осы», деп атап өткен. Егер, сол өлеңінен үзінді келтіре кетер болсақ: … Аласы ағайынның алаңдатты, Көре алмай көп ішінен жамандатты. «Шоқынды», «крест тақты», «әй кәпір деп», Аузына келгендерін айтып бақты, - деген жолдардан тұрады. Бар қазақтың санасын білім сәулесімен нұрландырмақ болған Ыбырай Алтынсаринді айыптау қазақтығымызға сын. Өйткені: «Мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан ешуақытта да қайтпаймын», деп қайсарлықпен жазған (Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ: өлеңдер, әңгімелер, хаттар, очерктер - Алматы. «Жазушы», 1988, 271-б.) Ыбекеңнің сөзінен-ақ «орыстанған» деген оспадар сөзді ұмытуымызға болады. Ұлы ағартушы туралы зерттеу мақаламыздың «жұп-жұмыр» ету, тақырыбымыздың көтерген мәселесін толықтай түсу үшін Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайының директоры Нағашыбай Мұқатовқа телефон шалдық. Мұражай директоры сауалымызға жазбаша жауап жіберді. Онда былай деп жазылған. «Мұражайдағы деректерге қарап ой түйгенде Ы.Алтынсарин орта бойлы, орташа денелі болған. Мұның бәрі оның тұлғасына бір жарасымды көрік бергендей болатын. Дөңгелек толық бетті, өңі қара торы да емес, өзінің қонаққа не қызметке киетін паригі түстес ақсарылау адам еді. Жас кезінде шашы сиректеу болып, кейін басының кей жерлерінің шашы түсіп қалған-дықтан, ол 10-15 күнде бір рет шашын қырғызып тастайтын. Қызметке парикпен барса, үйде тақия немесе шошақ, жиегі құндызбен көмкерілген жұмсақ кішілеу бөрік киетін. Үстіне бешпет пен ұлттық шапан, ал, қабылдауларға барғанда өз бойына жараса кететін қос қайырма жағалы, шұға қара костюмы болған. Аяғына кәдімгі калошы бар етік, ал, ел арасына шыққанда пима киетін», деп жазылыпты. Ұлы ағартушының оны батыстағыдай сән үшін емес, мұқтаждықтан тұтынғандығын аңғаруға болады. Мұның үстіне, Ыбекең үйінде жатып жазу-сызумен айналысқан адам емес. Мектепте ұстаз, одан қалды Торғай бекінісінің мұғалімі болуымен қатар, сол қаланың тілмашы да қызметін атқарды. 1871-1872 жылдары Торғай уезі бастығының жәрдемшісі, 1874 жылдары Орынбор генерал-губернаторының тапсыруымен төрт рет, әрқайсысында бірнеше ай бойы Торғайдың уездік судьясы болып қызмет атқарды. Жандос СМАЙЛОВ
19.03.2013 05:49 5443

ХІХ ғасырда қазақтың күңгірт көгінде жарқыраған жұлдыздардың бірі Ыбырай болғаны әмбеге аян. Ол өзінің туған халқы тұңғиыққа тіреліп тұрған сәтте, мүлгіген сахарада білім шырағын жарқыратып жағу үшін бар өмірін сарп етті.

Өткен жылы Ақтөбеде Іңкәр Қарашаева есімді жас ғалымның: «Aлғашқы зерттеуім Ыбырай Алтынсарин атамыздың мектептердің ғана емес, тұңғыш кітапхана ұйымдастырушысы болғанын да анықтауға арналды. Зерттеу барысында қызықты деректерге тап болдым. Ы.Алтынсарин білім алған Орынбордағы мектептің суреттерін таптым. Атамыздың басына жасанды шаш - парик кигенін білдім. Жобамды кейін Кіші ғылым академиясында қорғадым, мақтау қағазына ие болдым», - деген сөзі есімде. Жас ғалым бұл пікірін «Ақтөбе» атты облыстық басылымда білдіріпті. Қанша мәрте Іңкәр Қарашаевадан Ыбырай атамыздың Орынбордағы фотоларын сұрауға талпынғаныммен, ақтөбелік жас ғалыммен жолығудың да, кезігудің де сәті түспеді. Дегенмен, бұл мәлімет Ыбекеңнің жасанды шаш қойғандығы туралы мақаламызға тұздық болып, одан әрмен зерттеу жүргізуімізге мұрындық болғандығын жасырмаймыз.

Жә, содан… Иә, егер, Ыбырай Алтынсарин жасанды шаштың көмегіне иек артқан болса, тек алғашқы ағартушы, тұңғыш кітапхана ұйымдастырушы ғана емес, қазақтардың арасынан бірінші болып «парик» киген тұлға ретінде тарихқа енбек. Ағартушылығын Ғ.Балғымбаев сынды белгілі ғалымдар егжей-тегжейлі зерттеп жазды. Кітапхана ұйым-дастырушылығы жайында да зерттеулерге сүйеніп, мақаламызды сериялы түрде оқырман назарына ұсынамыз деген ой бар. Ал, бүгінгі жасанды шаш туралы жазбамызды одан әрі сабақтастыра түсейік.

Париктің тарихына сүйенсек, есте жоқ ескі заманда Мысыр халқы пайдаланған деседі. Тіпті, мысырлықтар үшін парик қию үйреншікті әдетке айналса керек. Кейін көне гректердің ерлері де, әйелдері де парикті әдетке айналдырған. Содан Парсы еліне тарап, Кіші Азияға дейін қолданысқа еніпті.

ХVII ғасырда салтанат құрған француз королі Людовик те қатерлі аурудан басын көтергенде, күтпеген жерден шашы түсе бастайды. Сол кезде көпшілік алдында көп жүретін король үшін парик таптырмас құрал еді. ХVII ғасырда француз королінің басынан табылған парик ХVIIІ ғасырда орыс империясының да жеріне келді. Оны алғаш болып киген әрине орыс патшасы Петр І болатын. Бұл жасанды шаш бар-жоғы 5 рубль тұрғанмен, орыс патшасы арзандығына қарамастан қолдана беріпті. Тіпті, сол кездегі әйелдер қауымы парик киюді әдептіліктің белгісі ретінде қабылдапты. Ежелгі Рим халқы қара түсті парик киген адамды ұқыпты адамдардың санатына жатқызды. Ал, Ыбырайдың бізге жеткен бейнесіне көз салсақ, ша¬шының қара түсті болғандығын аңғару қиын емес.

Біле білсек, Ыбырай жаңашыл қазақ. Еуропаша білім алғанмен, жүрегі қазақ деп соққан, батысша парик кигенмен, жүріс-тұрысы көп қазақты еске салатындай ұлтжанды адам болған. Бұл туралы қазіргі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі Ыбырай Алтынсарин туралы зерттеуінде: «Ыбырай семьялық өмірде айрықша салтанат құруды жек көреді. Оның үйінде күнделікті тұрмысқа қажетті нәрселердің тәуірі ғана аса ұқыптылықпен ұсталып пайдаланылады. Ол өз семьясында қонаққа келген қазақтарды қазақ салтымен, орыстарды арнаулы бөлмесінде орыс салтымен қабылдап, қонақ етуді дәстүрге айналдырады. Сондай-ақ, өздері қонаққа барғанда да осы тәртіпті негізге алады. Мысалы, Айғаныс (Ыбырайдың әйелі) үй ішінде немесе ауылдас адамдардың үйлеріне қонаққа барғанда жаулық тартып баратын болса, орыс таныстарының үйлеріне ерімен барғанда мақпал қамзол, кәмшат бөрік киіп барады», деп жазады. Ендеше, Ыбырайды ұлттан алыстаған, орыстанған деп басы-көзі жоқ сол кездегі кінәлаған халықтың пікірін бүгінгі тарихқа таңуға жол жоқ.

Ыбырай Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін үйінен бір сандық крест табылыпты деген  қауесет елге тарап кетсе де, ол  империя заңының талабы бойынша қазақ балаларын шоқындыруға бірде бір акт жүргізбеген деген ақиқи шындықпен аман қалды. Тіпті, 2012 жылдың 15 қазанында «Жас Алаш» газетінің № 123 санында бұрын ешбір жерде жарияланбаған 4 шумақ өлеңі жарыққа шықты. Төрт шумақ дейміз-ау, оны тауып, қағазға түсірген Ыбырай Алтынсариннің мұралары мен оған қатысты деректерді жинаған Мариям Хакімжанова екен. Анамыз: «Өлеңнің басы, аяғы жоқ. Айтушының есінде қалғаны осы», деп атап өткен. Егер, сол өлеңінен үзінді келтіре кетер болсақ:
… Аласы ағайынның алаңдатты,
Көре алмай көп ішінен жамандатты.
«Шоқынды», «крест тақты», «әй кәпір деп»,
Аузына келгендерін айтып бақты, - деген жолдардан тұрады. Бар қазақтың санасын білім сәулесімен нұрландырмақ болған Ыбырай Алтынсаринді айыптау қазақтығымызға сын. Өйткені: «Мен күшімнің жеткенінше туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойымнан, талабымнан ешуақытта да қайтпаймын», деп қайсарлықпен жазған (Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ: өлеңдер, әңгімелер, хаттар, очерктер - Алматы. «Жазушы», 1988, 271-б.) Ыбекеңнің сөзінен-ақ «орыстанған» деген оспадар сөзді ұмытуымызға болады.

Ұлы ағартушы туралы зерттеу мақаламыздың «жұп-жұмыр» ету, тақырыбымыздың көтерген мәселесін толықтай түсу үшін Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайының директоры Нағашыбай Мұқатовқа телефон шалдық. Мұражай директоры сауалымызға жазбаша жауап жіберді. Онда былай деп жазылған. «Мұражайдағы деректерге қарап ой түйгенде Ы.Алтынсарин орта бойлы, орташа денелі болған. Мұның бәрі оның тұлғасына бір жарасымды көрік бергендей болатын. Дөңгелек толық бетті, өңі қара торы да емес, өзінің қонаққа не қызметке киетін паригі түстес ақсарылау адам еді. Жас кезінде шашы сиректеу болып, кейін басының кей жерлерінің шашы түсіп қалған-дықтан, ол 10-15 күнде бір рет шашын қырғызып тастайтын. Қызметке парикпен барса, үйде тақия немесе шошақ, жиегі құндызбен көмкерілген жұмсақ кішілеу бөрік киетін. Үстіне бешпет пен ұлттық шапан, ал, қабылдауларға барғанда өз бойына жараса кететін қос қайырма жағалы, шұға қара костюмы болған. Аяғына кәдімгі калошы бар етік, ал, ел арасына шыққанда пима киетін», деп жазылыпты.

Ұлы ағартушының оны батыстағыдай сән үшін емес, мұқтаждықтан тұтынғандығын аңғаруға болады. Мұның үстіне, Ыбекең үйінде жатып жазу-сызумен айналысқан адам емес. Мектепте ұстаз, одан қалды Торғай бекінісінің мұғалімі болуымен қатар, сол қаланың тілмашы да қызметін атқарды. 1871-1872 жылдары Торғай уезі бастығының жәрдемшісі, 1874 жылдары Орынбор генерал-губернаторының тапсыруымен төрт рет, әрқайсысында бірнеше ай бойы Торғайдың уездік судьясы болып қызмет атқарды.

Жандос СМАЙЛОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға