Жаңалықтар

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» Наурыз мерекесін тойл

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Келе жатқан 22 Наурыз мерекесіне байланысты, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, түркі халықтарының бірлігі мен ұлттар ынтымағын арттыру, өскелең ұрпақты елжандылыққа баулып, халыққа мерекелік көңіл- күй сыйлау мақсатында «Ұлыстың улы күні-Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып отыр. «Атамекен» төрінде қазақ үйлер құрылып, ұлттық «Тұсау кесер», «Бесікке баулу» дәстүрлері көрсетіледі. Келген қонақтар «Наурыз көже» дәмін татып, ыстық бауырсақ жеп, самауыр шайын, қымыз бен шұбат ішіп түрлі ойындарға қатыса алады. Халықтың назарына мерекелік концерт ұсынылады. Мерекелеу барысында қала тұрғындары арасында жарияланған «Атадан қалған ақбоз үй», «Ең дәмді наурыз көже», «Ең дәмді бал баурсақ», «Ең дәмді қымыз», «Ең дәмді самауыр шайы», «Ең үздік наурыз тілек», «Ең үздік Наурыз туралы ән, терме, жыр», «Ең үздік ұлттық би және шығыс биі», «Қыз көркі бұрым», «Әдемі киім-ұлттық киім», «Ең үздік Наурыз туралы мақала», «Балаларға арналған үздік әңгіме», «Балаларға арналған сурет байқауы», «Үздік қолөнер» және т.б . байқаулардың қорытындысын шығаруға қатысып, өз бағаларын беретін болады. Мерекелік   шаралар     22   наурыз   күні   11:00  де   басталады.
19.03.2013 05:23 4033

Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің, тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Келе жатқан 22 Наурыз мерекесіне байланысты, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» ұлтымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, түркі халықтарының бірлігі мен ұлттар ынтымағын арттыру, өскелең ұрпақты елжандылыққа баулып, халыққа мерекелік көңіл- күй сыйлау мақсатында «Ұлыстың улы күні-Әз Наурыз» атты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып отыр.

«Атамекен» төрінде қазақ үйлер құрылып, ұлттық «Тұсау кесер», «Бесікке баулу» дәстүрлері көрсетіледі. Келген қонақтар «Наурыз көже» дәмін татып, ыстық бауырсақ жеп, самауыр шайын, қымыз бен шұбат ішіп түрлі ойындарға қатыса алады. Халықтың назарына мерекелік концерт ұсынылады.

Мерекелеу барысында қала тұрғындары арасында жарияланған «Атадан қалған ақбоз үй», «Ең дәмді наурыз көже», «Ең дәмді бал баурсақ», «Ең дәмді қымыз», «Ең дәмді самауыр шайы», «Ең үздік наурыз тілек», «Ең үздік Наурыз туралы ән, терме, жыр», «Ең үздік ұлттық би және шығыс биі», «Қыз көркі бұрым», «Әдемі киім-ұлттық киім», «Ең үздік Наурыз туралы мақала», «Балаларға арналған үздік әңгіме», «Балаларға арналған сурет байқауы», «Үздік қолөнер» және т.б . байқаулардың қорытындысын шығаруға қатысып, өз бағаларын беретін болады.

Мерекелік   шаралар     22   наурыз   күні   11:00  де   басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға