Жаңалықтар

П.Васильев атындағы әдеби бірлестік

Бірлестік 1956 жылдың басында құрылды, оны құру идеясы бір жыл бұрын ойластырылған. Жас журналист, ҚазМУ-нің түлегі Сергей Музалевский «Павлодарская правда» (қазіргі «Звезда Прииртышья») газетіне жұмысқа келген кезде Павлодарда әдеби ұйымдардың болмағанына таң қалған болатын. Ол сол уақытта, нағыз энтузиаст және жаңашыл ретінде, әдеби бірлестігін құруды қолға алды. Ол өз ойын редактор В.С. Молотовпен бөлісті. Идеяны ақын Дмитрий Приймак мақұлдап, қолдау көрсетті. 1956 жылы бірінші жиналыс өтті. Оған Дмитрий Приймак, Нина Зверева, Иван Сарафанов, Эмиль Ваганов, Петр Симашев, Хусаин Рамазанов қатысты. Жаңадан құрылған бірлестіктің бірінші төрағасы етіп Сергей Музалевскийді сайлаған болатын. 1957 жылы Павлодар әдеби бірлестікке Павел Васильевтің аты берілді. С. Музалевский Павлодар облыстық тарихи - өлкетану мұражайының негізін салған Дмитрий Багаевтан ақынның трагедиялық тағдыры туралы (көзі тірісінде «Соляной бунт» атты бір ғана кітабы жарық көрді) көптеген мәліметтер алды, ақын П.Васильевтің есімін жаңдандыру жұмысына кірісті. Алғашқы васильевтар ақынның туысқандарын іздестіріп, оның өмірі туралы және шығармашылықтары жайлы материалдарды жинады, өлеңдерін тауып және газет беттеріне жариялады. П.Василевтің шығармаларын насихаттау үшін Альберт Павлов көп жұмыс атқарды. 1957 жылы ақынның әйелі Вялова-Васильева Елена Александрдың өзі жинаған, П. Васильевтің өлеңдер мен дастандар кітабын Мәскеуден беріп жіберді. Биылғы жылы ақынның туған күніне орай Васильев оқулары өтті. 60-ы жылдың басында әдеби бірлестіктің мүшелері Павлодарлық драма театрында, облыстық жаңа құрылыстарда, мектептерде, жұмысшы клубтарда, тың жерлерді игеру совхоздарына дейін барып өнер көрсетті. Сол жылдары «Иртыш¬ские напевы» атты Павлодарлық ақындардың өлеңдерінің ұжымдық жинағы шықты. 1965 жылы комсомол обкомы Е. Вялова - Васильеваны Павлодарға жол жүруіне жәрдем ақша берді. Кездесу ақынның әйелімен драматеатрда өтті. Ол П.Васильевтің нақты тұрған үйін көрсетті. Әдеби біріктірлестікке жаңа адамдар келді. Павлодарлықтар Валерия Бутова, Владимир Куприна, Светлана Денисова, Юрия Мостовой, Жанна Ягодина, Сергей Горбунов, Лины Латышева, Жасұлан Садықовтың шығармашылығымен танысты. Павлодарлық әдебиетшілердің өлеңдері республикалық және орталық газеттер мен журналдардың беттерінде, өлеңдер мен проза кітаптары бірінші рет шыға бастады. Әдебиет бірлестігінің тарихы Павел Васильевтің мұражайымен негізделген. Осындай мұражай жасау ойы әдебиет бірлестігінің жиналыстарында павлодарлық ақындар, журналистер, өлкетану мұражайының қызметкерлері, кітапханалар қолдады. 1994 жылы 23 желтоқсанда¬ қайта қалпына келтірілген ғимараттың және мұражай ауласында Павел Васильевтің мүсінінің салтанатты ашылуы өтті. Ал 1995 жылы 1 желтоқсанда мұражай мәртебесі алынды. Бірінші бүкілодақтық Васильев оқуы 1989 жылы ақынның 80-жылдығына арналды. Әдеби бірлестік сондай үлкен шараға қатысты. Мерекеде Мәскеу, Ленинград, Рязань, Омск, Новосібір, Владивосток, Алматы, Семей, Өскемен қалаларынан өкілдер болды. Васильев оқуына қатысушылармен кездесу пединститутта, педучилищеде, «Колос» кинотеатрында, теміржолшылардың мәдениет үйінде өтті. Көптеген поэзия құмар ақындардың, туысқандары Е.А. Вяловтың, Виктордың ағасы Павел Васильевтің, ақынның қызы Наталья Фурманның жылы лебіздерін тыңдады. Бүкілодақтық Васильев оқулары Павлодарда жергілікті, республикалық және орталық баспалардан кең орын алды. Сергей Музалевский бірлестікті алғашқы құрушылардың және жетекшілердің бірі. Қаланың мәдени өміріндегі орталығына айналаған бірлестікті құрудағы оның еңбегін бағаламау мүмкін емес. Ол Павел Васильевті павлодарлықтар үшін ашты, әдеби біріктіруді ұйымдастырды. Эстафетаны Виктор Семерьянов, Юрий Мостовой, Валерий Бутов, Татьяна Окольничья төрағалары жарты ғасырдай жалғастырды. П. Васильев атындығы әдебиет бірлестігін журналист және ақын - Александр Вервекин басшылық етеді. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы
18.03.2013 12:09 3096

Бірлестік 1956 жылдың басында құрылды, оны құру идеясы бір жыл бұрын ойластырылған. Жас журналист, ҚазМУ-нің түлегі Сергей Музалевский «Павлодарская правда» (қазіргі «Звезда Прииртышья») газетіне жұмысқа келген кезде Павлодарда әдеби ұйымдардың болмағанына таң қалған болатын. Ол сол уақытта, нағыз энтузиаст және жаңашыл ретінде, әдеби бірлестігін құруды қолға алды. Ол өз ойын редактор В.С. Молотовпен бөлісті. Идеяны ақын Дмитрий Приймак мақұлдап, қолдау көрсетті.

1956 жылы бірінші жиналыс өтті. Оған Дмитрий Приймак, Нина Зверева, Иван Сарафанов, Эмиль Ваганов, Петр Симашев, Хусаин Рамазанов қатысты. Жаңадан құрылған бірлестіктің бірінші төрағасы етіп Сергей Музалевскийді сайлаған болатын.

1957 жылы Павлодар әдеби бірлестікке Павел Васильевтің аты берілді. С. Музалевский Павлодар облыстық тарихи - өлкетану мұражайының негізін салған Дмитрий Багаевтан ақынның трагедиялық тағдыры туралы (көзі тірісінде «Соляной бунт» атты бір ғана кітабы жарық көрді) көптеген мәліметтер алды, ақын П.Васильевтің есімін жаңдандыру жұмысына кірісті. Алғашқы васильевтар ақынның туысқандарын іздестіріп, оның өмірі туралы және шығармашылықтары жайлы материалдарды жинады, өлеңдерін тауып және газет беттеріне жариялады. П.Василевтің шығармаларын насихаттау үшін Альберт Павлов көп жұмыс атқарды. 1957 жылы ақынның әйелі Вялова-Васильева Елена Александрдың өзі жинаған, П. Васильевтің өлеңдер мен дастандар кітабын Мәскеуден беріп жіберді. Биылғы жылы ақынның туған күніне орай Васильев оқулары өтті.

60-ы жылдың басында әдеби бірлестіктің мүшелері Павлодарлық драма театрында, облыстық жаңа құрылыстарда, мектептерде, жұмысшы клубтарда, тың жерлерді игеру совхоздарына дейін барып өнер көрсетті. Сол жылдары «Иртыш¬ские напевы» атты Павлодарлық ақындардың өлеңдерінің ұжымдық жинағы шықты.

1965 жылы комсомол обкомы Е. Вялова - Васильеваны Павлодарға жол жүруіне жәрдем ақша берді. Кездесу ақынның әйелімен драматеатрда өтті. Ол П.Васильевтің нақты тұрған үйін көрсетті.

Әдеби біріктірлестікке жаңа адамдар келді. Павлодарлықтар Валерия Бутова, Владимир Куприна, Светлана Денисова, Юрия Мостовой, Жанна Ягодина, Сергей Горбунов, Лины Латышева, Жасұлан Садықовтың шығармашылығымен танысты. Павлодарлық әдебиетшілердің өлеңдері республикалық және орталық газеттер мен журналдардың беттерінде, өлеңдер мен проза кітаптары бірінші рет шыға бастады.

Әдебиет бірлестігінің тарихы Павел Васильевтің мұражайымен негізделген. Осындай мұражай жасау ойы әдебиет бірлестігінің жиналыстарында павлодарлық ақындар, журналистер, өлкетану мұражайының қызметкерлері, кітапханалар қолдады. 1994 жылы 23 желтоқсанда¬ қайта қалпына келтірілген ғимараттың және мұражай ауласында Павел Васильевтің мүсінінің салтанатты ашылуы өтті. Ал 1995 жылы 1 желтоқсанда мұражай мәртебесі алынды.

Бірінші бүкілодақтық Васильев оқуы 1989 жылы ақынның 80-жылдығына арналды. Әдеби бірлестік сондай үлкен шараға қатысты. Мерекеде Мәскеу, Ленинград, Рязань, Омск, Новосібір, Владивосток, Алматы, Семей, Өскемен қалаларынан өкілдер болды. Васильев оқуына қатысушылармен кездесу пединститутта, педучилищеде, «Колос» кинотеатрында, теміржолшылардың мәдениет үйінде өтті. Көптеген поэзия құмар ақындардың, туысқандары Е.А. Вяловтың, Виктордың ағасы Павел Васильевтің, ақынның қызы Наталья Фурманның жылы лебіздерін тыңдады. Бүкілодақтық Васильев оқулары Павлодарда жергілікті, республикалық және орталық баспалардан кең орын алды.

Сергей Музалевский бірлестікті алғашқы құрушылардың және жетекшілердің бірі. Қаланың мәдени өміріндегі орталығына айналаған бірлестікті құрудағы оның еңбегін бағаламау мүмкін емес. Ол Павел Васильевті павлодарлықтар үшін ашты, әдеби біріктіруді ұйымдастырды. Эстафетаны Виктор Семерьянов, Юрий Мостовой, Валерий Бутов, Татьяна Окольничья төрағалары жарты ғасырдай жалғастырды.

П. Васильев атындығы әдебиет бірлестігін журналист және ақын - Александр Вервекин басшылық етеді.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға