Павлодар облысы: ауданның әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірі
Павлодарды көкөніспен қамтамасыз ету үшін Черноярка суару жүйесінде Черноярка жаңа кеншары құрылды. Сол жылдары Павлодар ауданында облыс арасында ең үздік аудан қатарынан табылды. Ауданда сүт өңдеу, агротехника, дәнді және техникалық дақылдарды өңдеу, эрозияға қарсы шараларды ұйымдастыру ісімен облыстың барша ауыл шаруашылығы қызметкерлері айналысты. Аудан шаруашылықтарында мәдениет үйлері, типтік бала-бақшалар мен мектептер, амбулаториялар мен фельдшерлік пунктілер, тұрғын үйлер көтерілді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қоғамды демократияландыру және әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытына бет алды. Аудан аумағында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясатын жүзеге асыру ең алдымен аудан әкімшілігінің басшысына жүктеледі.
1994-1996 жылдары ауыл шаруашылығын реформалауға байланысты кеншарлар мен ұжымшарлардың орнын акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтары басты.
Жоғары көрсеткіштермен ерекшеленетін «Луганск» өндірістік кооперативі (төрағасы П.П.Кузьменко), «Кирова» ЖШС (директоры Н.И.Плевако), «Пресновское» шаруа қожалығы (С.Х.Байболатов), «Жаңа-Қала» ШҚ (Қ.Қ.Тұрлыбаев), «Омаров» ШҚ (К.К.Омаров) басқалары.
Аудандық «Нива» газеті өз жұмысын 1930 жылы бастады, аудан тарихымен тікелей байланысты, ауданның, аудан халқының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінің айнасы болып табылады.
Ауданда 28 мектеп, 36 денсаулық сақтау обьектісі бар, 38 спорттық комплекс, 25 клуб, 42 кітапхана, оның ішінде 18 ауылдық кітапхана, 2 тігін цехы, 5 шаштараз, 10 жанар май стациялары бар.
Аудан ауыл шаруашылығының негізі егіншілік болып табылады.
Павлодар ауданы аграрлық ауданға жатады, облыс орталығы және басқа да өңірлерді дәстүрлі түрде азық-түлікпен қамтамасыз ететін аудан. Ауданда ауылшаруашылық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолында ауқымды шаралар атқарылуда, аграрлық секторда көкөніс қоймалары мен қайта өңдеу объектілері, сүт-тауарлар фермалары, асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар. Ауданда 7 шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылық мәртебесіне ие. Бұлар, мысалы Маяк, Луч, Сарбие. т.б. ШҚ.
Павлодар ауданы арқылы негізгі жол тораптары өтеді. Негізгі жол қатынасы темір жол - Павлодар-Маралды, Павлодар-Тұзқала учаскелері, авто жолдар Аққу Павлодар, Тереңкөл-Железинка-Омбы, Астана-Екібастұз-Қалқаман-Павлодар, Шарбақты-Құлыды-Барнаул, Павлодар-Успенка, Павлодар-Шегірен.
Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы