Жаңалықтар

Лебяжі ауданы: ауданның негізгі кәсібі

Ауданда 1970-75 жылдары аралығында қой саны 200 мыңға, ірі қара саны 6500 және жылқы саны 3000 жеткен. Аудан екі дүркін Бүкілодақтық, үш дүркін республикалық жарыстың жеңімпазы атанды. Ауданда тың көтерілген он жылда көптеген елді мекендер пайда болды, халықтың саны өсті. Бұрын 20 мыңға жетер жетпес халық саны 28 мыңға жетті. Тың игеру жылдары көп адамдардың кеуделерін медальдар мен ордендер толтырды, 47 адам Ленин орденіне, 105 адам Еңбек Қызыл Ту орденіне, 29 адам Қазан революциясы орденіне, ал 193 адам басқадай орден - медальдарға ие болды. Лебяжі 1965 жылдан бастап қайта аудан орталығына келтірілгенен кейінгі жылдары айтарлықтай өзгере бастады. Бұнда заман талабына сай келетін Мәдениет үйі, сауда орталығы, гастроном, саз мектебі, халық театры, балалар спорт мектебі, аудандық аурухана, № 28-ші кәсіптік - техникалық училище, тағы басқадай обьектілер салынды. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес Павлодар облысының Лебяжі ауданы ең төмен радиациялық қауіпті аймаққа жатады. Ауданның негізгі кәсібі - мал шаруашылығы, жібек жүнді меринос қойы, еділбай тұқымдас құйрықты қой, қазақтың ақбас сиыры өсіріледі. 1996 жылы ономастикалық коммисиясының шешімі бойынша Лебяжі Аққу ауылына ауыстырылды, ал аудан өз атымен қалды. Қазіргі кезде Аққуда 789 үй, халық саны 3200 адам. Ауданда 1 қазақ мектебі, 2 балабақша, 19 дүкен, 2 аудандық аурухана, Мәдениет үйі, 2 аудандық кітапхана, 3 спорт мектебі, 1 стадион, пошта, редакция, 2 аптека, 1 кәсіптік училище, 1 коррекциялық орталық бар. Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 8 жауапкешілігі шектеулі серіктестік пен 171 шаруа қожалығы айналысады. Соңғы үш жылда мал шаруашылығында төрт түлік малдың барлық түрінің өскені байқалады. Ірі қара мал 26508 бастан 35439, қой 28375 бастап 40834, жылқы 5336 бастап 6487 басқа жетті. Қазы селолық округінде ет дайындау жөнінен «Қазы» селолық тұтынушылар кооперативі және «Алтай» шаруа қожалығында шөлмектелген қымыз шығаратын цех ашылды. Жамбыл селолық округінде «Рассвет» шаруа қожалығына қазақтың ақбастұқымды ірі қара малын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық статусы берілді. Шағын кәсіпкерлік саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Аққу ауылында наубайхана, кондитер цехы, көкеніс сақтайтын қойма, пенобетон кірпіштерін шығаратын цех, шағын маркет, отын базасы, жиһаз цехы, Шақа мен Шарбақтыда ағаш өңдеу цехтары, Ямышево селосында шлакоблок цехы, Черное селосында қызыл кірпіш өндіретін зауыт ашылды. Білім беру саласы 23 жалпы білім беретін мектептен тұрады, оның біреуі бастауыш, төртеуі негізгі және 18 - орта оқу орындары. Денсаулық сақтау жүйесін тілге тиек етсек, ауданда емханасымен 60 төсектік аурухана, 20 төсектік туберкулезге қарсы күрес ауруханасы, 8 дәрігерлік амбулатория, 14 дәрігерлік пункт бар. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы
18.03.2013 09:08 3734

Ауданда 1970-75 жылдары аралығында қой саны 200 мыңға, ірі қара саны 6500 және жылқы саны 3000 жеткен. Аудан екі дүркін Бүкілодақтық, үш дүркін республикалық жарыстың жеңімпазы атанды. Ауданда тың көтерілген он жылда көптеген елді мекендер пайда болды, халықтың саны өсті. Бұрын 20 мыңға жетер жетпес халық саны 28 мыңға жетті. Тың игеру жылдары көп адамдардың кеуделерін медальдар мен ордендер толтырды, 47 адам Ленин орденіне, 105 адам Еңбек Қызыл Ту орденіне, 29 адам Қазан революциясы орденіне, ал 193 адам басқадай орден - медальдарға ие болды. Лебяжі 1965 жылдан бастап қайта аудан орталығына келтірілгенен кейінгі жылдары айтарлықтай өзгере бастады. Бұнда заман талабына сай келетін Мәдениет үйі, сауда орталығы, гастроном, саз мектебі, халық театры, балалар спорт мектебі, аудандық аурухана, № 28-ші кәсіптік - техникалық училище, тағы басқадай обьектілер салынды.

Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес Павлодар облысының Лебяжі ауданы ең төмен радиациялық қауіпті аймаққа жатады.

Ауданның негізгі кәсібі - мал шаруашылығы, жібек жүнді меринос қойы, еділбай тұқымдас құйрықты қой, қазақтың ақбас сиыры өсіріледі. 1996 жылы ономастикалық коммисиясының шешімі бойынша Лебяжі Аққу ауылына ауыстырылды, ал аудан өз атымен қалды. Қазіргі кезде Аққуда 789 үй, халық саны 3200 адам. Ауданда 1 қазақ мектебі, 2 балабақша, 19 дүкен, 2 аудандық аурухана, Мәдениет үйі, 2 аудандық кітапхана, 3 спорт мектебі, 1 стадион, пошта, редакция, 2 аптека, 1 кәсіптік училище, 1 коррекциялық орталық бар.

Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 8 жауапкешілігі шектеулі серіктестік пен 171 шаруа қожалығы айналысады. Соңғы үш жылда мал шаруашылығында төрт түлік малдың барлық түрінің өскені байқалады. Ірі қара мал 26508 бастан 35439, қой 28375 бастап 40834, жылқы 5336 бастап 6487 басқа жетті. Қазы селолық округінде ет дайындау жөнінен «Қазы» селолық тұтынушылар кооперативі және «Алтай» шаруа қожалығында шөлмектелген қымыз шығаратын цех ашылды.

Жамбыл селолық округінде «Рассвет» шаруа қожалығына қазақтың ақбастұқымды ірі қара малын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық статусы берілді. Шағын кәсіпкерлік саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Аққу ауылында наубайхана, кондитер цехы, көкеніс сақтайтын қойма, пенобетон кірпіштерін шығаратын цех, шағын маркет, отын базасы, жиһаз цехы, Шақа мен Шарбақтыда ағаш өңдеу цехтары, Ямышево селосында шлакоблок цехы, Черное селосында қызыл кірпіш өндіретін зауыт ашылды.

Білім беру саласы 23 жалпы білім беретін мектептен тұрады, оның біреуі бастауыш, төртеуі негізгі және 18 - орта оқу орындары. Денсаулық сақтау жүйесін тілге тиек етсек, ауданда емханасымен 60 төсектік аурухана, 20 төсектік туберкулезге қарсы күрес ауруханасы, 8 дәрігерлік амбулатория, 14 дәрігерлік пункт бар.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға