Алматы облысының Райымбек ауданында «Ел тағдыры – Менің тағдырым!» форумы өтті
«Өздері туралы айта келіп олар: Отанға деген махаббатсыз ешқандай жетістікке қол жеткізіп, өз аймағыңды дамытуға үлес қосу мүмкін емес деді. Өткен өмірлерін еске алған құрметті ақсақалдар жастардың назарын ең алдымен өз білімін талмай көтере беруге аударды. Олардың айтуынша, қажырлы еңбек пен мақсатқа ұмтылушылық өмірдегі өз орныңды табуға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға да ықпал етеді», - делінген хабарламада.
Дәл осындай форум Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданындада өтті.
Естеріңізге салсақ, алғашқы республикалық «Ел тағдыры – менің тағдарым!» форумы былтыр Астанада Елорда күні қарсаңында өткен болатын. Шараның ұйымдастырушылары – «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-талдау және гуманитарлық-ағарту мемлекеттік мекемесі. Ел арасында үлкен Ел арасында үлкен қызығушылық тудырған форумды жыл сайын, еліміздің барлық өңірлерінде өткізіп тұруға шешім қабылданған болатын