Жаңалықтар

Ертіс ауданы: жалпы мәлімет

Ертіс ауданы күнгей жағында Ақтоғай ауданымен, батысыңда Көкшетау облысымен, солтүстігінде Ресейдін Омбы облысымен шектеседі. Шығыс жағындағы Железин ауданымен аралықты Ертіс өзені бөліп жатыр. Аудан жерінің көлемі 10,2 мың шаршы километр. Бұның өзі бүкіл Павлодар облысы жерінің 8,1% тең. Соңғы ширек ғасыр бойы аудандағы алпыстан астам ауыл мен селоны 16 шаруашылық пен бір облыстық тәжірибе стансасы біріктіріп келді. Үстіміздегі ғасырдың бас кезінде Ертіс ауданының жеріне ресейліктер қоныс аудара бастағанға дейін бұл өңірді негізінен бір ғана ұлт-қазақ, халқы мекендеп келген. Олардың сан ғасырлық көшпелі өміріне, басқару жүйесіне XIX ғасырдың бас кезінде Ресей империясы жүргізген отаршылдық саясатқа сәйкес өзгерістер енгізіле бастаған. Сібір қазақтары жөніндегі жарғы бойынша 1822 жылы Орта жүзде хандық басқару жүйесі жойылып,- оның орнына отаршылдық қысымды күшейте түсу мақсатымен, хандықтан әлдеқайда әлсіз ағасұлтан билігі енгізілгені аян. Осыған орай Қазақстанның солтүстік аймағын уысында неғұрлым сығымдап ұстау үшін Омбы облысын құрады да оны Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен - төрт округке бөледі. Сонымен бірге бұл жарғы бойынша, Омбы облысының сыртқы округтары құрыла бастайды. 1824 жылы - Карқаралы, 1833 жылы - Баянауыл, Көкшетау тағы басқа округтар пайда болады. Қазақ даласында 1832 жылы құрылған Ақмола сыртқы округының шекарасы өзінің солтүстік-шығыс жағында Ертіс өзеніне дейін жетті. Сөйтіп Ертіс ауданының территориясы түгелдей осы Омбы облысына қарасты Ақмола сыртқы округының құрамына енгізілген. Бұл округ бірнеше болысқа бөлінді. 1838 жылы Омбы облысы таратылғаннан кейін Қазақстанның солтүстік аймағында Сібір қазақтарының облысы құрылды да, оның құрамына қазіргі Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағындағы аудандары, оның ішінде Ертіс ауданы да енді. Қазақ халқының өзін өзі билеу мүмкіндігін одан сайын бәсендете түсу мақсатымен 1908 жылы бекітілген «Далалық облыстарды басқару жөніндегі уақытша заң» бойынша ағасұлтандық билік те жойылды. Енді бұрынғы ағасұлтан билеген сыртқы округтардың орнына Семей, Орал, Торғай және Ақмола облыстары құрылды. Олар уйездерге бөлінді. Семей облысының құзырына Павлодар, Семей, Өскемен, Қарқаралы және Бұқтарма уйездері қарады. Павлодар уйезі 1908 жылдың 21 қазанында Баянауыл мен Ақмола округтерінің және Тобыл мен Том губернияларының Ертіс өзенінің сол жағындағы бөліктерінен құрылды. Ертіс ауданының қазіргі территориясы Павлодар уйезінің құрамына еніп, ол кешікпей Қызыл ағаш, Ақкөл және жартылай Алқакөл болыстарына бөлінді. Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы
18.03.2013 06:09 9939

Ертіс ауданы күнгей жағында Ақтоғай ауданымен, батысыңда Көкшетау облысымен, солтүстігінде Ресейдін Омбы облысымен шектеседі. Шығыс жағындағы Железин ауданымен аралықты Ертіс өзені бөліп жатыр. Аудан жерінің көлемі 10,2 мың шаршы километр. Бұның өзі бүкіл Павлодар облысы жерінің 8,1% тең. Соңғы ширек ғасыр бойы аудандағы алпыстан астам ауыл мен селоны 16 шаруашылық пен бір облыстық тәжірибе стансасы біріктіріп келді. Үстіміздегі ғасырдың бас кезінде Ертіс ауданының жеріне ресейліктер қоныс аудара бастағанға дейін бұл өңірді негізінен бір ғана ұлт-қазақ, халқы мекендеп келген. Олардың сан ғасырлық көшпелі өміріне, басқару жүйесіне XIX ғасырдың бас кезінде Ресей империясы жүргізген отаршылдық саясатқа сәйкес өзгерістер енгізіле бастаған. Сібір қазақтары жөніндегі жарғы бойынша 1822 жылы Орта жүзде хандық басқару жүйесі жойылып,- оның орнына отаршылдық қысымды күшейте түсу мақсатымен, хандықтан әлдеқайда әлсіз ағасұлтан билігі енгізілгені аян. Осыған орай Қазақстанның солтүстік аймағын уысында неғұрлым сығымдап ұстау үшін Омбы облысын құрады да оны Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен - төрт округке бөледі. Сонымен бірге бұл жарғы бойынша, Омбы облысының сыртқы округтары құрыла бастайды. 1824 жылы - Карқаралы, 1833 жылы - Баянауыл, Көкшетау тағы басқа округтар пайда болады.

Қазақ даласында 1832 жылы құрылған Ақмола сыртқы округының шекарасы өзінің солтүстік-шығыс жағында Ертіс өзеніне дейін жетті. Сөйтіп Ертіс ауданының территориясы түгелдей осы Омбы облысына қарасты Ақмола сыртқы округының құрамына енгізілген. Бұл округ бірнеше болысқа бөлінді.

1838 жылы Омбы облысы таратылғаннан кейін Қазақстанның солтүстік аймағында Сібір қазақтарының облысы құрылды да, оның құрамына қазіргі Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағындағы аудандары, оның ішінде Ертіс ауданы да енді.

Қазақ халқының өзін өзі билеу мүмкіндігін одан сайын бәсендете түсу мақсатымен 1908 жылы бекітілген «Далалық облыстарды басқару жөніндегі уақытша заң» бойынша ағасұлтандық билік те жойылды. Енді бұрынғы ағасұлтан билеген сыртқы округтардың орнына Семей, Орал, Торғай және Ақмола облыстары құрылды. Олар уйездерге бөлінді. Семей облысының құзырына Павлодар, Семей, Өскемен, Қарқаралы және Бұқтарма уйездері қарады. Павлодар уйезі 1908 жылдың 21 қазанында Баянауыл мен Ақмола округтерінің және Тобыл мен Том губернияларының Ертіс өзенінің сол жағындағы бөліктерінен құрылды. Ертіс ауданының қазіргі территориясы Павлодар уйезінің құрамына еніп, ол кешікпей Қызыл ағаш, Ақкөл және жартылай Алқакөл болыстарына бөлінді.

Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға