Екібастұз қаласы: ХХ-шы ғасырдың басы
Акционерлік қоғам шахта, рудник және мыс қорытқыш зауытының құрылыстарымен қатар Қызылшырпы мекенінен (қазіргі Ақсу қаласы) Екібастұздағы Старовладимирск шахгасына дейін темір жол салу жұмысын жүзеге асырды. Бұл жол алты ай мерзім ішінде, 1899 жылы салынып бітті. Сонымен бірге Деров Қызылшырпыда кемежай салып, оған және жалпы Екібастұз - Қызылшырпы темір жолына да Воскресенск атын қояды. Ертістің Кереку өңіріндегі осы алғашқы темір жолдың құрамында 3 паровоз, 97 көмір тиейтін вагон, 8 платформа, 5 тауарлық жабық вагон және бір жолаушылар вагоны болды. 1900 жылы Воскресенск теміржолы бойымен 76 мьң тонна жүктасымалданьш, 12 мың жолаушы жол жүргені белгілі. Өңдірістің өнімдері (көмір, мыс, кокс) темір жол аркылы Воскресенск кемежайына жеткізіліп, оларды одан әрі Омбыға дейін кемемен тасуды Тюмень қаласының өнеркәсіпкерлері жүзеге асыратын.
ХХ-шы ғасырдың басында болған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс Ресейді де қамтыды. Дағдарыс жылдарында (1900-1903 жж.) Ресейде үш мыңға жуық зауыттар мен фабрикалар жабылды. Олардың бір бөлігі Қазақстанға да жетті. Енді Екібастұз жұмысшыларының құрамыңда орыстар, украиңдар, татарлар, бір сөзбен айтқанда, Ресейдің 17 губерниясынан 5 мындай адам келді. Сол кездегі Екібастұз жұмысшыларының тең жартысы қазақтар болатын. Ал, бір мың адамға лайықталған Деровтың кәсіпорындарынан оларға жұмыс табудың өзі мүмкін емес еді.
Ескірген техника, жұмысшылардың ауыр еңбегі мен тұрмыс жағдайы Екібастұздың тау-кен зауыты өнеркәсібінің ғұмырын көп ұзартқан жоқ. 1901 жылдың өзіңде-ақ тау-кен ісі шығыннан шықпай, өндіріс тоқырай бастады. Өндірістік дағдарыс кезіндегі бұқаралық сипат алған жұмысшылар қозғалысы Екібастұз көшпілерінің сана-сезімдерін оятуға игі ықпалын тигізді. 1900-1903 жылдары ауыр тұрмыстан титықтаған жұмысшылар Екібастұзда бірнеше рет ереуілдер жасады. Онда олар жұмыс, тұрмыс жағдайларын жақсарту, еңбек ақыны көбейту талаптарын қойды.
Омбыдағы патша әкімшілігі патша үкіметінің алдына жұмысшылардың талабын қанағаттаңдыру жөңіңде бір неше рет ұсыныс жасады. Нәтижесінде патша үкіметі амалсыздан мемлекет қазынасынан 25,5 мың сом босатты. Сөйтіп, жұмысшылар ереуілі жеңіп шықты.
Сөйтсе де, 1903 жылы 15 тамызда Деровтың кәсіпорындарындағы барлық жұмыс тоқтатылып, шахталарға су жіберілді. Бұдан соң көп кешікпей Воскресенск тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамы өз жұмысын мүлдем тоқтатқан еді.
Осыдан кейін Екібастұз көмірін шаруашылыққа пайдалану мақсатымен ағылшын капиталисі Лесли Уркарттың қатысуымен «Қырғыз (қазақ.- С.Ж.) тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамы» құрылып, 1918 жыддың мамыр айына дейін жұмыс істеді.
Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы