Екібастұз қаласы: 1893-1899 ж.ж.
Екібастұз көміріне Кереку көпесі А.И. Деровтың назары ауып, ол 1893 жылы геологиялық шағын кен іздеу партиясын жібереді. Алайда, бұл барлау партиясы зерттеу жұмыстарын үстіртін жүргізгендіктен мұндағы көмірдің шаруашылыкқа тиімділігін анықтай алмайды. Бұл кезде транссібірлік теміржолдың құрылысы Омбыға таяп қалған еді. Сондықтан осы темір жол торабының Батыс Сібір учаскесін көмірмен қамтамасыз ету қажеттілігі туды. Өйткені, Оралдан көмір аз өңдірілсе, Кузбасстың көмірін пайдалану, жол қатынасының жоқтығынан, экономикалық тұрғыдан пайдасыз болатын. Осы жағдайларды және Екібастұздың транссібірлік магистральға таяулығын ескере келіп, Омбы темір жолы басқармасы мен Батыс Сібір тау-кен партиясы «Екібастұз көмірі кен зауыты жұмысына жарамсыз» деген Деровтың бұрынғы шешіміне қарамай, оған бұл жерде қайтадан барлау жұмыстарын жүргізуге кеңес береді. Осыған байланысты Деров Қосым Пішенбаевпен бірге 1895-жылдың көктемінде Екібастұз көлінің батыс жағынан барлау жұмыстарын жүргізіп, сапасы жақсы, кең ауқымды көмір қыртысын табады. Келесі жылы тау-кен инженері А.К. Мейстер, француз инженері барон Жюль де Кателин тиянақты барлау жұмыстарын жүргізіп, бұл жерде сапалы тас көмір қорының, оның ішіңде кокстеуге болатын көмірдің де барлығын анықтайды.
Екібастұз көмірінің шүбәсіз пайдалылығы туралы сөз кешікпей Омбыға ғана емес, Петербургке де мәлім болады. 1896 жылы Екібастұз мекеніне Ресейдің қатынас жолдар министрі князь М.И. Хилковтың өзі келіп, мұнда Сібір темір жолына қажетті көлемде арзан көмірді өндіруге болатыңдығына көзі жетеді. Осынан кейін Екібастұз көмірінің сапасына Оралдың, Петербургтың, Киевтің, Париждың және Бельгияның химиялық лабораториялары ғылыми талдау жасап, бұл жерде жақсы сортты тас көмірдің барлығын анықтайды.
Екібастұз көмірін өңдірудің тиімділігіне көзі анық жеткен Деров Киевтің капиталисі Л.И. Бродскиймен бірге 1899 жылы Ресей патшасынан «Воскресенск тау-кен өнеркәсібі» деген акционерлік қоғам құруға рұқсат алады. Қоғамның негізгі міндеті - Екібастұз көмірін Батыс Сібір темір жолы үшін өндіру болатын.
Воскресенск тау-кен өнеркәсібі қоғамы үш миллион сом қоры бар өзінің көлемі жағынан ХХ-ғасырдың басында Қазақстанда ғана емес, бүкіл Сібір өлкесіңде ең ірі тау-кен өндіріс орталығына айналды.
1899 жылдың соңына қарай акционерлік қоғам тау-кен зауыт өндірісі кәсіпорындарын орнықтыруға дайындық жұмыстарын негізінен аяқтап шықты. Екібастұзда тоғыз шахта және бір ашық шахта салыңды. Соңдай-ақ, қоғам Екібастұз көмірін пайдалана отырып, күміс пен мыс алатын қорытқыш зауытын орналастыру жөніңде көлемді жұмыстар жүргізді. Атап айтқаңда, 1900 жылдың көктемінен бастап, Екібастұз мекеніңдегі Қарабидайық көлінің жағасында ұзындығы 62, ені 18, биіктісі 8 метрлік болып салынған Вознесенск мыс қорытқыш зауыты іске қосылды. 1901 жылы зауытта 258 жұмысшы істеген, 5343 тонна кен өнделіп, одан 123 тонна мыс балқытылды. Бірақ, екі жыл өткеннен кейін зауыт өртеніп кетеді. Вознесенск зауыты Екібастұздан жақын дегені 7, алысы 95 шақырым қашықтықта орналасқан Көктас, Екітөбе, Күмістөбе, Елемес, Бала Қоянды, Жуалы, Жанғабыл, Сары адыр, Қазан ауыз сияқты рудниктердің мысын пайдаланған.
Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы