ОҚО-да республикалық «Наурыз» айтысы мәреге жетті
Сонымен аламан айтыстың Абылай хан атындағы бас жүлдесІн Батыс Қазақстан облысынан келген Жансая Мусина, Төле би атындағы бас жүлдені Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Біржан Байтуов жеңіп алды. Екеуі де темір тұлпар мінді.
Бірінші орын: Оңтүстік Қазақстан облысының белді ақыны Бекарыс Шойбековке бұйырды.
Екінші орынды Алматылық Қанат Мырзаханов пен ОҚО-ның тағы бір ақыны Нұрлан Есенқұлов алды.
Үшінші орынды астаналық Айнұр Тұрсынбаева, қызылордалық Мұхтар Ниязов, оңтүстік қазақстандық Маржан Есжановалар қанжығалады.
Бұдан бөлек 150 мың теңге арнайы жүлде қоры мен айтысқан қатысқан жас ақындарға 100 мың теңгеден берілді. Сонымен ордалы Оңтүстікте екі күнге созылған «Наурыз» айтыстан ешкім жүлдесіз қайтқан жоқ.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында Ұлыстың ұлы күніне арналған республикалық «Наурыз» айтысы аяқталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
