Жаңалықтар

Қазақ боксшыларының мерейі үстем болды (видео)

Чехияда бокстан өтіп жатқан «Гран При» бәсекесінде Ілияс Сүлейменов, Әділбек Ниязымбетов және Иван Дычко жеңімпаз атанды. Спорт сайттарының хабарлауынша, 52 келі салмақта Ілияс Сүлейменов ел намысын қорғап, финалда қытайлық Май Кинксиксянды 16:10 есебімен жеңген. Ал 81 келіде сынға түскен Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ақтық сында голландиялық Петер Мулленбергпен жұдырықтасып, 10:9 есебімен басым түсті. Сонымен қатар аса ауыр салмақтағы Иван Дычко финалда армениялық Армен Симонянды жеңіп, ұлттық құрамаға үшінші жеңіспен қатар, жалпыкомандалық есептегі бірінші орынды алып келді.
17.03.2013 08:17 3403

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға