Жаңалықтар

«Диснейленд» қалашығы бой көтермек

Павлодарда «Диснейленд» ашылады. Балалар аттракционы кешені болашақта жыл бойы жұмыс істейтін болады.  Бүгінде ешкімге қажетсіз жатқан демалыс орнын жандандырудың бірінші сатысы сауда кешенін тұрғызу болмақ. Енді мұнда туристік көңіл көтерудің толық жүйесін жасауға шешім қабылданды. Биыл осы маңда Павлодарлық Диснейлендтің де құрылысыбасталмақ. Бұл мақсатқа тартылатын инвестиция мөлшерін билік әзір айтқан жоқ. Гипермаркеттің ашылуы көктемнің басты мерекесіне орайластырылып отыр. Мұнда сонымен қатар жақын арада кинотеатр, мұз айдыны, мейрамханалар мен ойын алаңдары пайда болады. Ерлан АРЫН, облыс әкімі: - Бұл кәдімгі сазды жер, адам тұрмайтын, ешқандай мекеме болмайтын жерді алып осындай дарежеге жеткізген біздің азаматтарға рахметімді білдіргім келіп отыр. 250 жұмыс орыны ашылып жатыр. Ол – әлеуметтік жағынан қалаға үлкен көмек, қолдау. Содан кейін осы жалпы нан, ет, сүт бәрі осы қаланың ішінде, қаланың қасында ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін азаматтарға үлкен көмек.
17.03.2013 08:05 3370

Павлодарда «Диснейленд» ашылады. Балалар аттракционы кешені болашақта жыл бойы жұмыс істейтін болады. 

Бүгінде ешкімге қажетсіз жатқан демалыс орнын жандандырудың бірінші сатысы сауда кешенін тұрғызу болмақ. Енді мұнда туристік көңіл көтерудің толық жүйесін жасауға шешім қабылданды. Биыл осы маңда Павлодарлық Диснейлендтің де құрылысыбасталмақ. Бұл мақсатқа тартылатын инвестиция мөлшерін билік әзір айтқан жоқ. Гипермаркеттің ашылуы көктемнің басты мерекесіне орайластырылып отыр. Мұнда сонымен қатар жақын арада кинотеатр, мұз айдыны, мейрамханалар мен ойын алаңдары пайда болады.

Ерлан АРЫН, облыс әкімі:

- Бұл кәдімгі сазды жер, адам тұрмайтын, ешқандай мекеме болмайтын жерді алып осындай дарежеге жеткізген біздің азаматтарға рахметімді білдіргім келіп отыр. 250 жұмыс орыны ашылып жатыр. Ол – әлеуметтік жағынан қалаға үлкен көмек, қолдау. Содан кейін осы жалпы нан, ет, сүт бәрі осы қаланың ішінде, қаланың қасында ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін азаматтарға үлкен көмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға