Йоахим Лёв Астанаға 23 ойыншымен келмек
Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лёв Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстанмен арадағы ойынға шығуы мүмкін ойыншылардың есімін атады.
«Лацио» командасының шабуылшысы Мирослав Клозе аяқ жарақатына байланысты шықпайтын болды. Ал неміс бундеслигасының үздік сұрмергендерінің екінші сатысында тұрған "Байер" клубының ойыншысы Штефан Кисслинг белгілі бір себептерге байланысты шақыртылмапты.
Шақырту алған неміс ойыншылары:
Қақпашылар: Мануэль Нойер («Бавария»), Рене Адлер («Гамбург»), Рон-Роберт Цилер («Ганновер»);
Қорғаушылар: Филипп Лам, Жером Боатенг (екеуі - «Бавария»), Бенидикт Хеведес, («Шальке»), Марсель Шмельцер («Боруссия», Дортмунд), Пер Мертезакер («Арсенал», Англия), Хайко Вестерманн («Гамбург»);
Жартылай қорғаушылар: Ларс Бендер, Андре Шюррле (екеуі - «Байер»),Томас Мюллер, Бастиан Швайнштайгер, Тони Кроос (барлығы- «Бавария»), Юлиан Дракслер («Шальке»), Сами Хедира, Месут Озил (екеуі - «Реал», Испания), Свен Бендер, Марио Гетце, Илкай Гюндоган, Марко Ройс (барлығы - «Боруссия», Дортмунд);
Шабуылшылар: Марио Гомес («Бавария»), Лукас Подольски («Арсенал», Англия).
Йоахима Лёвтің қол астындағы тәлімгерлер 10 ұпаймен С тобында көш бастап келеді. Естеріңізге сала отырсақ, Германия мен Қазақстан арасындағы ойын 22 наурыз күні өтеді.