Әлемді аузына қаратқан үйлену тойлары
Назарларыңызға ХХІ ғасырдағы ең қымбат, ең дүбірлі тойлар мен олардың қожайындарының тізімін ұсынамыз.
Том Круз жәнн Кэти Холмс
Шығыны: 2 млн$
Жылы: 2006
Тілшілер Том мен Кэтидің ажырасу себпетерін әлі күнге дейін талқылауда десе де болады. Өйткені, осыдан аз уақыт бұрын ғана газет-журнал беттерінде олардың бал-бұл жанған жүздері, Италиядағы Одескалька сарайындағы үйлену той көріністері қайта-қайта жарияланған болатын. Роберт Армани ұйымдастырған дүбірлі шарада Андреа Боччели әуезді әндерді шырқаса, Брук Шилдс, Джим Керри, Дженнифер Лопес құрметті қонақ болды.
Элизабет Херли және Арун Наяр
Шығыны: 2,5млн. $
Жылы: 2007
Британдық актриса мен үнді миллиардерінің шаңырақ көтеру тойлары 8 күнге созылды. Англиядағы шіркеулердің бірінде неке қидырған ғашықтар үндістік салт-дәстүрлерді елеусіз қалдырған жоқ. Херлидің әкесі ретінде Элтон Джон таныстырылды.
Хизер Миллс және МакКартни
Шығыны: 3 млн$
Жылы: 2002
Пол МакКартнидің Хизер Миллске үйлену туралы шешімі муызканттың жанкүйерлерінің ғана емес, отбасы мүшелерінің де үрейін ұшырды. Көпшілік қауым қалыңдықтың көксегені махаббат емес, пайда мен байлық деген пікірлерді жиі айтқан болатын. Бірақ, Пол мырзаның шешімін ешкім өзгерте алмады, ол 2002 жылы ирландық ортағасырлық сарайлардың бірінде көптен күткен "иәні" естіп тынды. Той күні The Beatles әндері шарықтап, аспанда түрлі отшашулар ұйымдастырылып, келген танымал қонақтардың санында шек болмады. Біздің сезімдеріміз ешқандай ақшамен өлшенбейді деп шешкен МакКартни неке келісіміне қол қоюдан бас тартты. Әй, соны бекер жасады-ау! Аз уақыт өтпей жатып олардың шаңырақтары шайқалады да, "қу" қалыңдық Полдың жарты байлығын сұрайды. Музыкант санын соғып қалып қойды.
Лайза Минелли және Дэвид Гест
Шығыны: 3,5 млн$
Жылы: 2002
"Кабаре" фильмінің жұлдыздары мен америкалық продюссердің тойларын "Грэмми" жүлдесін тапсыру салтанатымен салыстыруға болады. Regent қонақ үйінің дәлізіне әлемнің ең үздік деген кино және музыка жұлдыздары жиналды. Ыстық сүйістермен көрерменді тәнті еткен жас жұбайлар 40 000$ тұратын тортты кесті. Келген қонақтарға "Лиза мен Дэвид мәңгілік" деген жазуы бар атлас бонбоньеркалар таратылды. Өкінішке орай, неке де, махаббат та мәңгілік болмады. Олар бір жарым жылдан кейін ажырасып тынды. Жай ғана айырылысып қоймай, әлемді шулатқан сот отырысына дейін барды.
Челси Клинтон және Марк Мезвински
Шығыны: $5 млн
Жылы: 2010
АҚШ-тың бұрынғы президентінің жалғыз қызы өз тойын аса құпия түрде өткізуді жөн көріпті. Челси Клинтон мен банкир Марк Мезвински Райнбек қаласында некелерін қидырған. Челси америкалық қалыңдық ретінде Вера Вонгтың қолынан шыққан көйлекті киген болатын. Ал қонақтарға арналған тағамдарды үш бірдей компания мойындарына алған. Оларға жалпы құны 750 000$ ақша төленген деседі.
Уэйн Руни және Колин МакЛафлин
Шығыны: $8 млн
Жылы: 2008
«Манчестер Юнайтед» командасының шабуылшысы әйелдікке ешқандай модельді де, актрисаны да, әншіні де алған жоқ. Ол өмірлік жары ретінде мектепте танысқан балалық шағының қаһарманын таңдады. Табиғатынан асықпайтын жандар үйлену тойын бірге жүргендеріне алты жыл өткен соң жасаған екен. Шара өте қарапайым өтіп, бар болғаны 20 минутқа созылған. Рәсім аяқталысымен жас жұбайлар қонақтарды үш бірдей яхтаға шақырады. Руни мен МакЛафлин сыйлықтардан бас тартты. Олар ақшалай сыйлық әкелген қонақтардан қайырымдылық қорына жұмсауын сұраған.
Ким Кардашян және Крис Хамфрис
Шығыны:10 млн $
Жылы: 2011
Белгілі баскетболшының ұсынысын қабылдаған сұлу тойдың Американы дүр сілкіндіргенін қалайтындығын мәлімдейді. Күйеу жігіт қалыңдыққа 2 млн $ тұратын неке сақинасын тарту еткен. Қонақтар мыңдаған раушан гүлдерімен безендірілген шатырда күтіледі. Және той салтанатында ақ және қара түсті киімдер киілді.
Уильям Ханзада және Кейт Миддлтон
Шығыны: $34 млн
Жылы: 2011
2011 жылы күллі әлем британдық тақтың мұрагері мен оның университтегі құрбысының үйлену тойларын аңдумен болды. Салтанатты іс-шараның мемлекет қалтасынан төленгендігі көпшілікті қатты ренжітті десе де болады.
Ваниша Миттал және Амит Бхатиа
Шығыны: $60 млн
Жылы: 2005
Әлемнің барлық қалыңдықтарының қызғанышын оятқан Ваниша жасауына миллиард доллар алған екен. 2004 жылы оған банкир Амит Бхатиа ұсыныс жасайды. Ғашықтар тойларын әлемдегі ең романтикалық қалада өткізді. Парижге достары мен туыстарын қосқанда 1000-нан астам жеткізіліп, күміс сандықшалар сыйға тартылған.
http://massaget.kz