Жаңалықтар

Наурыз мейрамында астаналықтар бірегей жарық шашу шоуын көреді

Барлық өркениетті елдердің астанасы сияқты біздің бас қаламыз да жаңа треділер мен заманауи жетістіктерді бойына сіңіруде. Соның ішінде мереке ұйымдастыру жағынан да ешкімнен кем емес. Биыл да Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін керемет тосынсыйлар, отшашулар мен көрнекті шоу әзірлеген. Астанада Ұлттық мереке Наурыз мейрамы қарсаңында бірегей жарық шашу шоуы  өтеді. Бұл көріністі жарықтандыру саласының әлемге әйгілі дизайнері Курт Вермюлен ұсынып отыр. Жарық шашу-шоуы 2013 жылдың 20 наурызында сағат 21.00-де Астананың әдемі жерлерінде көрсетілмекші.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдемілігі жағынан таңғажайып бұл көрініс көрермендерді айырықша әсерге бөлейтіні сөзсіз. Дизайнердің жарық берудегі өзіндік шығармашылық қабылдауы, сәулеттік жобаларға қатысты эмоционалдық және инновациялық көзқарастары, Сондай-ақ, прагматикалық, перфекционистік және техникалық білімін көркемдік әдісте пайдалануы мен автордың ой-қиялының жемісі осындай керемет өнер жасауға мүмкіндік беретін көрінеді. Курт Вермюлен жұмысының ерекшелігі жаңа визуалды дизайн әзірлеу, оның жаңашылдығы, бірегейлігі, бүгінгі сәулет өнеріндегі жетістікті әдістерді енгізуімен құнды.  «Біз жаңа түр бойынша заманауи технологиялар мен бірегей жерлерден материалдар алып тәжірибе жүргізудеміз. Біздің машықтарымыз арасындағы симбиозаны бекіту бізге көркемдік тәжірибені жетілдіре түсуге, түстің бұдан да керемет бірегей мүмкіндіктерін ұштауға, өнер туындысы мен сәулет жобаларының сара туындысын өмірге әкелуге мүмкіндік береді», - дейді ол. Курт Вермюлен - 2010 жылы Сингапурдағы олимпиадалық ойындардың (SYOG) ашылу және жабылу салтанаты үшін жарық беру және мультимедиалық дизайннің негізін қалаушы. Архитектуралық, ойын-сауық және көркем инсталляция саласындағы 20 жылдық жұмысы ішінде Курт Вермюлен көптеген шоулар өткізген. Сондай-ақ оның компаниясы әлемдегі көптеген ірі ғимараттар мен құрылыстарды жарықтандыруды жүзеге асырды. Соның ішінде Sainte Mari шіркеуі, De Klanderij коммерциялық орталығы, Optimum және Sanko Park, La Defense үшін бас жоспары, қаржы орталықтары, Еуропа бойынша Center Parcs-ге арналған жобалар, Түркия, Таяу Шығыс, Азияда еңбектенді. 1999 жылы Курт бірнеше жобаларды, соның ішінде болашағы зор шоу Le Reve-ні жарықтандыруды жүзеге асырды. 2005 жылдың сәуір айында Wynn Las Vegas Hotel & Casino-да әлемдік қауымдастықты қайталанбас әдемі көріністерімен таң-тамаша қалдырды. Көптеген жарық беруші дизайнерлер арасынан Белгия королі Альберт II билеушінің құрметі үшін қойылатын үлкен концертті жарықтандыруға  Курт таңдалып алынды. Астана қаласының ресми сайты astana.kz
15.03.2013 16:02 2806

Барлық өркениетті елдердің астанасы сияқты біздің бас қаламыз да жаңа треділер мен заманауи жетістіктерді бойына сіңіруде. Соның ішінде мереке ұйымдастыру жағынан да ешкімнен кем емес. Биыл да Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін керемет тосынсыйлар, отшашулар мен көрнекті шоу әзірлеген.

Астанада Ұлттық мереке Наурыз мейрамы қарсаңында бірегей жарық шашу шоуы  өтеді. Бұл көріністі жарықтандыру саласының әлемге әйгілі дизайнері Курт Вермюлен ұсынып отыр. Жарық шашу-шоуы 2013 жылдың 20 наурызында сағат 21.00-де Астананың әдемі жерлерінде көрсетілмекші. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әдемілігі жағынан таңғажайып бұл көрініс көрермендерді айырықша әсерге бөлейтіні сөзсіз. Дизайнердің жарық берудегі өзіндік шығармашылық қабылдауы, сәулеттік жобаларға қатысты эмоционалдық және инновациялық көзқарастары, Сондай-ақ, прагматикалық, перфекционистік және техникалық білімін көркемдік әдісте пайдалануы мен автордың ой-қиялының жемісі осындай керемет өнер жасауға мүмкіндік беретін көрінеді.

Курт Вермюлен жұмысының ерекшелігі жаңа визуалды дизайн әзірлеу, оның жаңашылдығы, бірегейлігі, бүгінгі сәулет өнеріндегі жетістікті әдістерді енгізуімен құнды.

 «Біз жаңа түр бойынша заманауи технологиялар мен бірегей жерлерден материалдар алып тәжірибе жүргізудеміз. Біздің машықтарымыз арасындағы симбиозаны бекіту бізге көркемдік тәжірибені жетілдіре түсуге, түстің бұдан да керемет бірегей мүмкіндіктерін ұштауға, өнер туындысы мен сәулет жобаларының сара туындысын өмірге әкелуге мүмкіндік береді», - дейді ол.

Курт Вермюлен - 2010 жылы Сингапурдағы олимпиадалық ойындардың (SYOG) ашылу және жабылу салтанаты үшін жарық беру және мультимедиалық дизайннің негізін қалаушы. Архитектуралық, ойын-сауық және көркем инсталляция саласындағы 20 жылдық жұмысы ішінде Курт Вермюлен көптеген шоулар өткізген. Сондай-ақ оның компаниясы әлемдегі көптеген ірі ғимараттар мен құрылыстарды жарықтандыруды жүзеге асырды. Соның ішінде Sainte Mari шіркеуі, De Klanderij коммерциялық орталығы, Optimum және Sanko Park, La Defense үшін бас жоспары, қаржы орталықтары, Еуропа бойынша Center Parcs-ге арналған жобалар, Түркия, Таяу Шығыс, Азияда еңбектенді. 1999 жылы Курт бірнеше жобаларды, соның ішінде болашағы зор шоу Le Reve-ні жарықтандыруды жүзеге асырды. 2005 жылдың сәуір айында Wynn Las Vegas Hotel & Casino-да әлемдік қауымдастықты қайталанбас әдемі көріністерімен таң-тамаша қалдырды. Көптеген жарық беруші дизайнерлер арасынан Белгия королі Альберт II билеушінің құрметі үшін қойылатын үлкен концертті жарықтандыруға  Курт таңдалып алынды.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға