Жаңалықтар

Маңғыстаулықтар әз-Наурызды қарсы алды (видео)

Батыс өңірінің дүйім жұрты Ұлыстың ұлы күнін қуана шаттықпен қарсы алды. Бұл мейрамды жергіліктілер бағзы заманнан бері 14 наурыздан бастап тойлайды. Өйткені ескі күнтізбеге сәйкес жыл басы дәл осы күнге келіп түскен екен. Қытымыр қыстан аман шыққан халық, көктем мейрамын асыға күтіп, қаймағы бұзылмаған тойды атап өту бүгінде дәстүрге айналған. Құшақ жая бір-бірімен көрісіп, төс қағыстырып, өткен реніштерін ұмытып, игі тілектерін жаудырды. «Отпан-тауда» еліміздің асқақтаған әнұраны жастардың патриоттық рухани сезіміне қуат береді. Қаз-қатар тігілген киіз үйде әзірленген ұлттық тағамнан ауыз тиіп, жастар ақсақалдың ақ батасын алды. Еңселі елдің тыныштығын тілеп, бабалар рухына құран бағышталды.   Күн райының қолайсыздығына қарамастан қалыптасқан дәстүрлі тойда ел жұрттың  көңілі көтеріңкі, жүздері шуақты. Әсіресе, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы осы тойда ерекше кеңінен насихатталды. Сан түрлі ұлттық ойындар қараша халықтың көңілін бір серпілтіп тастады. Ал палуандар боз кілемде күресіп, арпалысып жатты. Өмірін өнермен өрнектеген өнерпаздар әуезді әуен, жыр терме, күмбірлеген күйлерімен  дархан даланың ажарын кіргізді. Әмин КҮНЗИЛӘ, Ақтау қаласының тұрғыны: - Әрбір үйдің шаңырағына құт-береке, ырзық-несібе көп, ақ мол болсын дегім келеді. Тату, бірлік болсын. Осы мерекенің бүгін Отпан тауда болып жатқаны үлкен әсер беріп отыр. Бұл мерекенің осындай дәстүрге айналып отырғаны біздің барша халқымыздың ниетінің, ақ жүрегінің ақтығы деп есептеймін. Оңайхан СЕЙСЕНОВА, Қарақия ауданының тұрғыны: - Бәріміз бір-бірімізбен көрісіп, амал мерекесіне орай құшағымызды жайып, қонақтарды қарсы алып жатырмыз, мереке құтты болсын. Атадан балаға мирас болған дәстүрлі тойдың кейінгі ұрпаққа берері мол.    Маңғыстаулықтармен бірге өңірге келген меймандар көктем мерекесімен табиғаттың жаңарып, жасаруын алғашқы болып қарсы алды. Көпшіліктің басын қосқан амал мерекесі достық пен татулықтың белгісі екенін айғақтады. Жиылған жұрт ләйім орта ырысқа толып, еліміздің бірлігі асқақтай берсін деген ниетте тарқасты. Бұдан әрі жергілікті халық бір апта бойы туған туыстарын аралап, ағайынның үйіне барып, құтты болсын айтады. Авторлар: Бақытжан Сатылханұлы, Саламат Бекбаев  
15.03.2013 16:00 4464

Батыс өңірінің дүйім жұрты Ұлыстың ұлы күнін қуана шаттықпен қарсы алды. Бұл мейрамды жергіліктілер бағзы заманнан бері 14 наурыздан бастап тойлайды.

Өйткені ескі күнтізбеге сәйкес жыл басы дәл осы күнге келіп түскен екен. Қытымыр қыстан аман шыққан халық, көктем мейрамын асыға күтіп, қаймағы бұзылмаған тойды атап өту бүгінде дәстүрге айналған.

Құшақ жая бір-бірімен көрісіп, төс қағыстырып, өткен реніштерін ұмытып, игі тілектерін жаудырды. «Отпан-тауда» еліміздің асқақтаған әнұраны жастардың патриоттық рухани сезіміне қуат береді. Қаз-қатар тігілген киіз үйде әзірленген ұлттық тағамнан ауыз тиіп, жастар ақсақалдың ақ батасын алды. Еңселі елдің тыныштығын тілеп, бабалар рухына құран бағышталды.  

Күн райының қолайсыздығына қарамастан қалыптасқан дәстүрлі тойда ел жұрттың  көңілі көтеріңкі, жүздері шуақты. Әсіресе, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы осы тойда ерекше кеңінен насихатталды. Сан түрлі ұлттық ойындар қараша халықтың көңілін бір серпілтіп тастады. Ал палуандар боз кілемде күресіп, арпалысып жатты. Өмірін өнермен өрнектеген өнерпаздар әуезді әуен, жыр терме, күмбірлеген күйлерімен  дархан даланың ажарын кіргізді.

Әмин КҮНЗИЛӘ, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Әрбір үйдің шаңырағына құт-береке, ырзық-несібе көп, ақ мол болсын дегім келеді. Тату, бірлік болсын. Осы мерекенің бүгін Отпан тауда болып жатқаны үлкен әсер беріп отыр. Бұл мерекенің осындай дәстүрге айналып отырғаны біздің барша халқымыздың ниетінің, ақ жүрегінің ақтығы деп есептеймін.

Оңайхан СЕЙСЕНОВА, Қарақия ауданының тұрғыны:

- Бәріміз бір-бірімізбен көрісіп, амал мерекесіне орай құшағымызды жайып, қонақтарды қарсы алып жатырмыз, мереке құтты болсын.

Атадан балаға мирас болған дәстүрлі тойдың кейінгі ұрпаққа берері мол.   

Маңғыстаулықтармен бірге өңірге келген меймандар көктем мерекесімен табиғаттың жаңарып, жасаруын алғашқы болып қарсы алды. Көпшіліктің басын қосқан амал мерекесі достық пен татулықтың белгісі екенін айғақтады. Жиылған жұрт ләйім орта ырысқа толып, еліміздің бірлігі асқақтай берсін деген ниетте тарқасты. Бұдан әрі жергілікті халық бір апта бойы туған туыстарын аралап, ағайынның үйіне барып, құтты болсын айтады.

Авторлар: Бақытжан Сатылханұлы, Саламат Бекбаев

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға