Жаңалықтар

Алматылықтарды Наурыз мейрамымен Софи Элис Бэкстор құттықтайды

Алматыда Наурыз мейрамын атап өтуге арналған мерекелік шара 22 наурызда «Астана» алаңында сағат 11.00-де басталады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Онда алматылықтарды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен қала басшысы Ахметжан Есімов құттықтайды. Мерекелік бағдарлама аясында қазақстандық эстрада жұлдыздары концерт қойып, үнді шайының және қазақ қолөнершілерінің көрмесі өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ балаларға арнап алтыбақандар орнатылып, киіз үйлер тігіледі. Ал кеш соңында, сағат 21.00-де әлемдік деңгейдегі жұлдыз Софи Элис Бэкстор алматылықтарды мерекесімен құттықтап, жеке концертін береді. Ал сағат 22.00-де алматылық тұрғындар керемет отшашуды тамашалай алады.  
15.03.2013 15:44 2887

Алматыда Наурыз мейрамын атап өтуге арналған мерекелік шара 22 наурызда «Астана» алаңында сағат 11.00-де басталады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда алматылықтарды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен қала басшысы Ахметжан Есімов құттықтайды.


Мерекелік бағдарлама аясында қазақстандық эстрада жұлдыздары концерт қойып, үнді шайының және қазақ қолөнершілерінің көрмесі өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ балаларға арнап алтыбақандар орнатылып, киіз үйлер тігіледі.

Ал кеш соңында, сағат 21.00-де әлемдік деңгейдегі жұлдыз Софи Элис Бэкстор алматылықтарды мерекесімен құттықтап, жеке концертін береді.

Ал сағат 22.00-де алматылық тұрғындар керемет отшашуды тамашалай алады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға