Ақмола - сауда саттық қаласы
Қызу сауда саттық Есіл даласында Ақмола округінің құрылуына дейін жүрді. Мұнда Ресейден бұйрық берушілердің саудагерлері келетін. Бұлар көбінде жергілікті халықтың салт- дәстүрін, тілін, рухани құндылықтарын жақсы біліп, тез тіл табысатын татарлар болды. Округтің ашылуы туралы бұйрықтан кейін сауда саттық күшее түсті. Ресейлік және Орта азиялық саудагерлер бірте-бірте осы маңнан жылжымайтын мүлік иемденіп, дүкендер мен сауда орындарын ашып алды. Кубрин саудагерлер әлиетінен басқа , тарихта, істеген істері қаланың дамуына және экономикасына септігі тиген адамдар қалды. Зерттеушілердің біраз бөлігі Ақмоланы саудагерлер салды деген пікірде. Мұнымен келіспеуге болмайды.
XIX ғасырдың 40 басында Ақмолада саудагерлер табы пайда болды. Дала комиссиясының мүшесі Александр Гейнстің мәліметі бойынша жергілікті сауда саттық сұрақтарымен алғаш айналысқан адамның бірі, Владимир губерниясы, Вязнинков уезінің шаруасы Гаврил Москалев болды. Ол Ақмолаға1841 жылы келіп «қызылмен» (маталармен, мануфактурамен ) және «майда-шүйде тауарлар» сатумен айналысты. Бес жылдан кейін өзінің коммерциялық ісін Петропавлдық саудагер Никон Ушаков бастады. Оның жылдық табысы 5j мың рубльды құрады. Никонаның тағдыры туралы мәліметер айқындалды: Гейнстың мәліметі бойынша оның ісі сәтсіздікке ұшырап, өзі қарызға батты. Басқа мәліметер бойынша саудагер далалық өндіріске қызығып негізгі ақшасын жергілікті мыс рудаларын сатып алуға жұмсаған. Зерттеу бойынша Ушакоы Қазақстандағы мыс өндірісінің негізін қалады. Өзінің өндіріс орындарын басқару үшін, 60 жылдардың аяғы 70 жылдардың басында Ақмола қаласына келді. Бұл атау оған ерекше көп мүмкіндіктер ашты.: мұндай саудагерлер император сарайына келуге, губернатор мундирін кейде мануфактура атауын иеленуге құқылы болды.
1850 жылы Ақмолада қорғандық Семен Березин саудамен айналыса бастады. Он жыл ішінде оның табыс айналымы төрттен қырық мыңға көбейді.
Ақмолаға округ статусы берілгеннен кейін саудагерлер саны көбейді. Саудагерлерді ең алдымен мұнда қалыптасқан жүйе,яғни, он жыл көлеміндегі түрлі айыптаулардың болмауы еліктірді. Айтулары бойынша Ақмоланың саудагерлер салған құрылыстары ерекшеленбеді. «Ақмолада бірнеше мещандық архитектурамен тастан салынған саудагер байлардың күңгірт үйлері, және кіре берістері ұсқынсыз салынған, бай татарлар мен сарттар тұратын үлкен ағаш үйлер бар»Ал қалғандары тыс ыңғайсыз, ешқандай жағдай жасалмаған үйлерде тұрды. Шынында мұның бәрі, XIX ғасырдың соңында басталған жаппай тұрғын үйлер салуды бастамастан бұрын болған.
Осылай, 1890 жылы Ақмоланың орталық алаңында екі корпустан тұратын бір этажды дүкендер - Қонақ жайлар салынды. Корпустың есіктері темірден, ал терезелері торланған еді. Жеке секциялар немесе дүкендер шеттен келген саудагерлерге толығымен жалға берілетін. Қазір қонақ жайларлlың орнында «Sine Tempore» ғимараты орналасқан.
Дереккөзі: Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған портал