Жаңалықтар

Ақмоланың қала мәртебесін алу кезеңдері

1862 жылы  Ақмолаға берілген аймақтық қала мәртебесі жобалау мен құрылысқа деген жаңа көзқараспен жұмыс істеу тәсілін талап етті. Оқырмандар есінде қалғанындай, сібір қырғыздары облысының бас архитекторы Дрягин, Ақмоланы қайта құру жоспарын жасап шықты. Бірақ, қала кварталдары бұл жоспар бойынша, тар және ыңғайсыз болды. Сібірлік архитектордың  бас жоспары сол күйі талаптарға сай болмады. XIX  ғасырдың  60-жылдары  барлық тұрғылықты жерлер қамалдардан, казак станицаларынан, солдаттардың слободасынан, татар және аралас слободкалардан тұрды. Осы кездерде қаланың негізгі функционалдық  аймақтарының негізі қалана бастады. Олардың кейбірі, осы күнге дейін орналасу аймақтарымен атауларын сақтап қалған. Ақмоланың әкімшілік-сауда орталығы - сақталып қалған функционалдық аймақтардың бірі. Ол  қонақ ауласындағы сауда ғимараттары тобының және қамалдар территориясында  орналасқан, әскери және азаматтық ведомстваларының  ғимараттар тобынан жинақтала бастады. Жылдар өте келе, көптеген құрылымдар физиологиялық және моральдық тұрғыдан ескіре бастады, бұзылып, қайта құрылды, бірақ, мұның бәрі осы ауданның (қазіргі заманғы алаң және ойын-сауық аймақтары) шеңберінде, қаланың сауда-әкімшілік орталық функциясын сақтай отырып, жүріп жатты. Ақмолада болып қайтқан, XIX ғасырдың көптеген  саяхатшылары мен зерттеушілері, Ақмолада қолайлы жағдай және көгалдандыру мүлдем болмағандығын,озіндік табиғи жағдайдың қолайсыздығы, қалаға күңгірт және солғын өң бергенін айтады. Әскери губернатордың берген есебі бойынша, 1863 жылы Ақмолада 365 ауылдық жергілікті үйлер, 72 сауда орындары,  10 майда-шүйде ,  1 сала ,  2 оқ сақтайтын жертөле,  2 шеберхана,  1  шарап сақтайтын жертөле, 11 ішімдік үйлерімен қатар орталық және кырғыздық  2 мектеп болды. XIX ғасырдың  70-жылдары қаланың қандай болғаны туралы біз, Ресейлік баспасөз беттерінде сирек шығатын мақалалардан білеміз. «Чтения для солдат» журналы 1847 жылдан 1915 жылға дейін Санк-Петербург қаласында шығып отырды. Онда әскерлік өмірден әңгімелер, Империяның әскери-тарихи һткені жайлы мақалалар, әртүрлі солдаттық шығармалар және діни-рухани бағыттағы мағлұматтар жарияланып отырды. Журнал танымалдылығымен ерекшеленіп, оған барлық әскери бөлімшелер жазылып, отырды, олардың қатарында, Екінші Батыс-Сібірлік жүйелік батальон солдаттары да болды. Дәл осы батальонға, 1874  жылы жарық көрген  «Чтение для солдат»  журналының №5 санына  өзінің Ақмола қаласы жайлы бейнелеген мақаласын жариялаған,  148  Каспилік жаяу әскер полкінің аға жазушысы Николай Кулевскиді уақытша командир етіп тағайындады. Қырғыз даласында жалықтырарлықтай етіп орналасқан қалалардың бірі деп, Ақмола туралы, қыста да, жазда да бірдей пікір айтуға болады. Бұкіл қала сыртқы келбеті тартымсыз, кішігірім ағаш үйлер орналасқан небәрі бірнеше көшелерден тұрады. Қалада жалғыз кішкентай ғана ағаш мешіт болды.  Қала мен қамалдың арасында, бірнеше ағаш шатырлар және кішкентай тақтайдан жасалған сату орындарынан тұратын базарлар орналасқан. Базардың артында... кейбір жерлері кәдімгідей терең шұңқыр болып қалған, аласа топырақ үйінділері..., бірақ, қазіргі кезде...  топырақтан және топырақты кірпіштерден салынған үйінділер және жалпы қамал қаландысының көп жерлері үгітілген және оларды қайта қалпына келтірмеген... Қамалда, бірнеше кішігірім жеке казармаларда, рота бойынша, Екінші Батыс-Сібір жүйелік батальоны орналасқан...» Еске сала кетейік Федор Шубиннің, Ақмоланың негізін қалаған, әскери казармалық бөлімшесі тұрғылықты жердің алғашқы құрылысы болып табылды.  Олар Есіл жағалауында, яғни, астананың қазіргі заманғы № бірінші лицей ауданында орналасты.  Соңғысын 1973 жылы қыркүйек айында алынып тасталды. Бұл казарманы, 1876 жылғы Ақмоланың бекінісінің құлауынан кейін , нан пісіретін орынға, жиектік канцелярияға  ыңғайландырып, қайта жабдықтады, соңында, түрғындық жерге айналдырды.  Тарихшы Андрей Дубицкийдің мәліметі бойынша, жіңішке терезелері және есіктері бар, ұзын жіңішке, карнизсіз құрылыс басқалардың арасында, яғни, кешірек соғылған үйлердің арасында өзінің архитектуралық қалыбымен ерекше көзге тұсіп тұрды. Әктелген беті түсіп қалған кейбір жерлерде тас  плиткалардан жасалған   қабаты көрініп тұрды. Бастапқыда, болашақ қаланың орнында, қорғаныс үшін оңай қолданылатын тек қана плиткалық немесе сабандық казармалар құрылды...» XIX ғаасырдың 70-жылдардың ортасына қарай, Ақмола қаласы аймағының біраз бөлігінде жеке құрылыстар орын алды. 1874 жылы қалалық қоғамдық басқару енгізіліп, бірінші Қалалық Дума сайланады. 1876 жылы  әскери бекініс Ортаазиялық хандықтардың Ресейге бірігуіне байланысты өзінің қорғаныстық функциясын жоғалтқандықтан, ресми түрде жойылды. Ақмола бекінісінің соңғы бас жоспары бойынша, қамал үйінділері айналасындағы бос жерлер, 1876 жылғы  30-тамыз айына қарай, қалалық саябақтарға бөлініп берілді. Мамандар, осы жоспарды Сібірлік бекіністік жүйе қамалының «үлгілі» жобасымен салыстыра отырып, конструктивтік қабылдаудың типологиялық жүйесінің үлкен ұқсастығын, құрылыстың жинақталуы мен орналасуын, әсіресе, жоспарлаудағы бақылаудың жалпы принціпін белгіледі. Дегенмен, қамал дуалдарының сызылуындағы және Ақмола бекінісінің жартылай бастионды орналасуындағы кейбір ұқсамаушылықтар, олардың жергілікті жердегі жағдайлармен түсіндіріледі. Қаланың алдағы уақыттағы құрылысына, оның қораныстық мағынасының жоғалуы әсер етті. 1881 жылы Екінші Батыс-Сібір батальоны Семейге көшірілді. Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін, Ақмола бекінісінің аумағында орналасқан бірде бір ғимарат немесе құрылыс нысандары сақталмаған. Дереккөзі: Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған портал
15.03.2013 09:02 4866

1862 жылы  Ақмолаға берілген аймақтық қала мәртебесі жобалау мен құрылысқа деген жаңа көзқараспен жұмыс істеу тәсілін талап етті. Оқырмандар есінде қалғанындай, сібір қырғыздары облысының бас архитекторы Дрягин, Ақмоланы қайта құру жоспарын жасап шықты. Бірақ, қала кварталдары бұл жоспар бойынша, тар және ыңғайсыз болды. Сібірлік архитектордың  бас жоспары сол күйі талаптарға сай болмады. XIX  ғасырдың  60-жылдары  барлық тұрғылықты жерлер қамалдардан, казак станицаларынан, солдаттардың слободасынан, татар және аралас слободкалардан тұрды. Осы кездерде қаланың негізгі функционалдық  аймақтарының негізі қалана бастады. Олардың кейбірі, осы күнге дейін орналасу аймақтарымен атауларын сақтап қалған.

Ақмоланың әкімшілік-сауда орталығы - сақталып қалған функционалдық аймақтардың бірі. Ол  қонақ ауласындағы сауда ғимараттары тобының және қамалдар территориясында  орналасқан, әскери және азаматтық ведомстваларының  ғимараттар тобынан жинақтала бастады. Жылдар өте келе, көптеген құрылымдар физиологиялық және моральдық тұрғыдан ескіре бастады, бұзылып, қайта құрылды, бірақ, мұның бәрі осы ауданның (қазіргі заманғы алаң және ойын-сауық аймақтары) шеңберінде, қаланың сауда-әкімшілік орталық функциясын сақтай отырып, жүріп жатты.

Ақмолада болып қайтқан, XIX ғасырдың көптеген  саяхатшылары мен зерттеушілері, Ақмолада қолайлы жағдай және көгалдандыру мүлдем болмағандығын,озіндік табиғи жағдайдың қолайсыздығы, қалаға күңгірт және солғын өң бергенін айтады. Әскери губернатордың берген есебі бойынша, 1863 жылы Ақмолада 365 ауылдық жергілікті үйлер, 72 сауда орындары,  10 майда-шүйде ,  1 сала ,  2 оқ сақтайтын жертөле,  2 шеберхана,  1  шарап сақтайтын жертөле, 11 ішімдік үйлерімен қатар орталық және кырғыздық  2 мектеп болды.

XIX ғасырдың  70-жылдары қаланың қандай болғаны туралы біз, Ресейлік баспасөз беттерінде сирек шығатын мақалалардан білеміз. «Чтения для солдат» журналы 1847 жылдан 1915 жылға дейін Санк-Петербург қаласында шығып отырды. Онда әскерлік өмірден әңгімелер, Империяның әскери-тарихи һткені жайлы мақалалар, әртүрлі солдаттық шығармалар және діни-рухани бағыттағы мағлұматтар жарияланып отырды. Журнал танымалдылығымен ерекшеленіп, оған барлық әскери бөлімшелер жазылып, отырды, олардың қатарында, Екінші Батыс-Сібірлік жүйелік батальон солдаттары да болды. Дәл осы батальонға, 1874  жылы жарық көрген  «Чтение для солдат»  журналының №5 санына  өзінің Ақмола қаласы жайлы бейнелеген мақаласын жариялаған,  148  Каспилік жаяу әскер полкінің аға жазушысы Николай Кулевскиді уақытша командир етіп тағайындады. Қырғыз даласында жалықтырарлықтай етіп орналасқан қалалардың бірі деп, Ақмола туралы, қыста да, жазда да бірдей пікір айтуға болады. Бұкіл қала сыртқы келбеті тартымсыз, кішігірім ағаш үйлер орналасқан небәрі бірнеше көшелерден тұрады. Қалада жалғыз кішкентай ғана ағаш мешіт болды.  Қала мен қамалдың арасында, бірнеше ағаш шатырлар және кішкентай тақтайдан жасалған сату орындарынан тұратын базарлар орналасқан. Базардың артында... кейбір жерлері кәдімгідей терең шұңқыр болып қалған, аласа топырақ үйінділері..., бірақ, қазіргі кезде...  топырақтан және топырақты кірпіштерден салынған үйінділер және жалпы қамал қаландысының көп жерлері үгітілген және оларды қайта қалпына келтірмеген... Қамалда, бірнеше кішігірім жеке казармаларда, рота бойынша, Екінші Батыс-Сібір жүйелік батальоны орналасқан...»

Еске сала кетейік Федор Шубиннің, Ақмоланың негізін қалаған, әскери казармалық бөлімшесі тұрғылықты жердің алғашқы құрылысы болып табылды.  Олар Есіл жағалауында, яғни, астананың қазіргі заманғы № бірінші лицей ауданында орналасты.  Соңғысын 1973 жылы қыркүйек айында алынып тасталды. Бұл казарманы, 1876 жылғы Ақмоланың бекінісінің құлауынан кейін , нан пісіретін орынға, жиектік канцелярияға  ыңғайландырып, қайта жабдықтады, соңында, түрғындық жерге айналдырды.  Тарихшы Андрей Дубицкийдің мәліметі бойынша, жіңішке терезелері және есіктері бар, ұзын жіңішке, карнизсіз құрылыс басқалардың арасында, яғни, кешірек соғылған үйлердің арасында өзінің архитектуралық қалыбымен ерекше көзге тұсіп тұрды. Әктелген беті түсіп қалған кейбір жерлерде тас  плиткалардан жасалған   қабаты көрініп тұрды. Бастапқыда, болашақ қаланың орнында, қорғаныс үшін оңай қолданылатын тек қана плиткалық немесе сабандық казармалар құрылды...»

XIX ғаасырдың 70-жылдардың ортасына қарай, Ақмола қаласы аймағының біраз бөлігінде жеке құрылыстар орын алды. 1874 жылы қалалық қоғамдық басқару енгізіліп, бірінші Қалалық Дума сайланады.
1876 жылы  әскери бекініс Ортаазиялық хандықтардың Ресейге бірігуіне байланысты өзінің қорғаныстық функциясын жоғалтқандықтан, ресми түрде жойылды. Ақмола бекінісінің соңғы бас жоспары бойынша, қамал үйінділері айналасындағы бос жерлер, 1876 жылғы  30-тамыз айына қарай, қалалық саябақтарға бөлініп берілді. Мамандар, осы жоспарды Сібірлік бекіністік жүйе қамалының «үлгілі» жобасымен салыстыра отырып, конструктивтік қабылдаудың типологиялық жүйесінің үлкен ұқсастығын, құрылыстың жинақталуы мен орналасуын, әсіресе, жоспарлаудағы бақылаудың жалпы принціпін белгіледі. Дегенмен, қамал дуалдарының сызылуындағы және Ақмола бекінісінің жартылай бастионды орналасуындағы кейбір ұқсамаушылықтар, олардың жергілікті жердегі жағдайлармен түсіндіріледі. Қаланың алдағы уақыттағы құрылысына, оның қораныстық мағынасының жоғалуы әсер етті. 1881 жылы Екінші Батыс-Сібір батальоны Семейге көшірілді.

Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін, Ақмола бекінісінің аумағында орналасқан бірде бір ғимарат немесе құрылыс нысандары сақталмаған.

Дереккөзі: Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған портал

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға