Жаңалықтар

Павлодар облысының театрлары

«Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры» КМҚК   Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры өз шымылдығын 1990 жылғы 7 желтоқсанда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Ерсайын Тәпеновтің қойылымындағы М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен ашты. Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры - тәуелсіз Қазақстанда алғаш ашылған қазақ театры. Театрда республикадағы музыкалық-драма театрлар арасындағы жалғыз симфониялық оркестр, вокал бойынша педагог, концертмейстер мен балетмейстер жұмыс істейді. Мұнда романстар, классикалық музыка кештері мен шағын спектакльдер өтетін кіші залы бар. Театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген әртісі М.С.Манап. Аталмыш өнер ордасында ҚР еңбек сіңірген әртісі Р. Тәжібаева, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері С. Тәжібаев, ҚР мәдениет қайраткері С. Бекболатов, М. Байжұманов, Т. Атамбек, Г. Қайырбекова, Б. Шәнім қызмет етеді. Театр сахнасында К. Жексембаева, Т. Әбдірахымова, Б. Құрбанова, Д. Құспан, Д. Әділ, Г. Омарова, Д. Ұябай, Қ. Мұсанова, А. Балтабаева, Б. Оқасов, Р .Нығманов, Е. Абжалов сияқты әртістер үлкен шеберлікпен өнер көрсетіп жүрсе, Г. Бахтиярова, Е. Тойкенов және т.б. режиссерлер жұмыс істейді. Бүгінгі күні театр көрермен қауымның ойынан шығып, жоғарғы кәсіби, өз ісінің майталмандары болып табылатын актерлер ұжымынан құрылған үлкен қара шаңыраққа айналып, республика театрларының алдыңғы қатарында көрініп жүр. Театр қойылымдарын сахналау мақсатында Қазақстан мен шетел сахналарының жетекші шебер мамандары шақырылып тұрады. Өнер отауының репертуарында 90-нан астам әртүрлі жанрдағы спектакль бар. Театр сахнасында әлемдік, орыс және ұлттық драматургияның үздік үлгілері сахналанып, көрермен қауым тарапынан сұранысқа ие болуда. А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры   А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры 1945 жылы құрылды. Оның шаңырақ көтеріп, алдағы уақытта дамуына белгілі театр қайраткерлері В. Ермаков, В. Кузенов, И. Райский, Е. Еникеев айтарлықтай үлес қосты. Театр тарихы жарқын және есте қаларлық оқиғаларға толы, соның ең маңыздысы - театрдың 1967 жылы Мәскеу қаласындағы триумфальды гастролі. Әр жылдары театр ұжымында КСРО халық әртісі Ю. Струнина, Ресейдің еңбек сіңірген әртістері О. Афанасьев, Л. Моностырский. И. Чистяков, Ю. Калашников, А. Булдаков және т.б. белгілі сахна майталмандары қызмет етті. Театрдың белсенді, қызықты да өнімді жұмысының жарты ғасырдан астам тарихында 600-ден аса пьеса қойылып, 30 мыңнан аса спектакль ойналды, оны шамамен 20 миллион адам тамашалаған. Бүгінде театр репертуарын ерекше қойылымдармен, ауқымды театр жобаларымен, жаңа жұмыс әдістерімен байытуда. Театр репертуарында классикалық және заманауи драматургиялық пьесалардан құралған 30-дан астам спектакль бар, мәселен, Ғ. Мүсіреповтің «Махаббат дастаны», Ж.Б. Мольердің «Тартюф», А.П. Чеховтің «Шие бағы», «Шағала», М. Булгаковтың «Мастер мен Маргарита», А. Островскийдің «Банкрот», «Бальзаминовтің үйленуі», А. Рыбниковтің «Юнона и Авось», Н. Гогольдің «Ойыншылар», сондай-ақ балалар мен жастарға арналған қойылымдар. 2000 жылы Шағын сахна ашылып, онда авангард бағытындағы тәжірибелік спектакльдер мен қойылымдар сахналанады. Көрермендер арасында Н. Садурдің «Түнгі қасқырлар», «Ехай», «Керемет келіншек», Д. Хармстың «Ассамбляж» қойылымдары үлкен сұранысқа ие. Театр ұжымында 28 актер жұмыс істейді. Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі
15.03.2013 06:33 8994

«Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры» КМҚК
 

Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры өз шымылдығын 1990 жылғы 7 желтоқсанда ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Ерсайын Тәпеновтің қойылымындағы М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалық комедиясымен ашты. Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театры - тәуелсіз Қазақстанда алғаш ашылған қазақ театры.

Театрда республикадағы музыкалық-драма театрлар арасындағы жалғыз симфониялық оркестр, вокал бойынша педагог, концертмейстер мен балетмейстер жұмыс істейді. Мұнда романстар, классикалық музыка кештері мен шағын спектакльдер өтетін кіші залы бар. Театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген әртісі М.С.Манап. Аталмыш өнер ордасында ҚР еңбек сіңірген әртісі Р. Тәжібаева, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері С. Тәжібаев, ҚР мәдениет қайраткері С. Бекболатов, М. Байжұманов, Т. Атамбек, Г. Қайырбекова, Б. Шәнім қызмет етеді. Театр сахнасында К. Жексембаева, Т. Әбдірахымова, Б. Құрбанова, Д. Құспан, Д. Әділ, Г. Омарова, Д. Ұябай, Қ. Мұсанова, А. Балтабаева, Б. Оқасов, Р .Нығманов, Е. Абжалов сияқты әртістер үлкен шеберлікпен өнер көрсетіп жүрсе, Г. Бахтиярова, Е. Тойкенов және т.б. режиссерлер жұмыс істейді.

Бүгінгі күні театр көрермен қауымның ойынан шығып, жоғарғы кәсіби, өз ісінің майталмандары болып табылатын актерлер ұжымынан құрылған үлкен қара шаңыраққа айналып, республика театрларының алдыңғы қатарында көрініп жүр. Театр қойылымдарын сахналау мақсатында Қазақстан мен шетел сахналарының жетекші шебер мамандары шақырылып тұрады. Өнер отауының репертуарында 90-нан астам әртүрлі жанрдағы спектакль бар. Театр сахнасында әлемдік, орыс және ұлттық драматургияның үздік үлгілері сахналанып, көрермен қауым тарапынан сұранысқа ие болуда.

А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры

 

А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры 1945 жылы құрылды.

Оның шаңырақ көтеріп, алдағы уақытта дамуына белгілі театр қайраткерлері В. Ермаков, В. Кузенов, И. Райский, Е. Еникеев айтарлықтай үлес қосты. Театр тарихы жарқын және есте қаларлық оқиғаларға толы, соның ең маңыздысы - театрдың 1967 жылы Мәскеу қаласындағы триумфальды гастролі.

Әр жылдары театр ұжымында КСРО халық әртісі Ю. Струнина, Ресейдің еңбек сіңірген әртістері О. Афанасьев, Л. Моностырский. И. Чистяков, Ю. Калашников, А. Булдаков және т.б. белгілі сахна майталмандары қызмет етті.

Театрдың белсенді, қызықты да өнімді жұмысының жарты ғасырдан астам тарихында 600-ден аса пьеса қойылып, 30 мыңнан аса спектакль ойналды, оны шамамен 20 миллион адам тамашалаған. Бүгінде театр репертуарын ерекше қойылымдармен, ауқымды театр жобаларымен, жаңа жұмыс әдістерімен байытуда.

Театр репертуарында классикалық және заманауи драматургиялық пьесалардан құралған 30-дан астам спектакль бар, мәселен, Ғ. Мүсіреповтің «Махаббат дастаны», Ж.Б. Мольердің «Тартюф», А.П. Чеховтің «Шие бағы», «Шағала», М. Булгаковтың «Мастер мен Маргарита», А. Островскийдің «Банкрот», «Бальзаминовтің үйленуі», А. Рыбниковтің «Юнона и Авось», Н. Гогольдің «Ойыншылар», сондай-ақ балалар мен жастарға арналған қойылымдар.

2000 жылы Шағын сахна ашылып, онда авангард бағытындағы тәжірибелік спектакльдер мен қойылымдар сахналанады. Көрермендер арасында Н. Садурдің «Түнгі қасқырлар», «Ехай», «Керемет келіншек», Д. Хармстың «Ассамбляж» қойылымдары үлкен сұранысқа ие.

Театр ұжымында 28 актер жұмыс істейді.

Дереккөзі: Павлодар облысы әкімдігі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға