Астаналық параспортсмен жүзуден Әлем чемпионатында
Сонымен қатар, іріктеу кезеңінің барлық нормативтерін орындаған астаналық Әнуар Ахметов пен Жамбыл облысының өкілі Зульфия Ғабидуллина әлем чемпионатына жолдама алды.
Көзінен мүгедек 20 жасар Әнуар Ахметов бірнеше жыл қатарынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Бұл жолы ол 50 және 100 м қашықтыққа жүгіріп, топ жарды. S-12 еркін класында 50 м арқасымен жылжып, 200 метрді бағындырды. Ол осы жерден төрт алтын алған болатын. Сонымен қоса оның қоржынында үш күміс медаль бар екендігін де айтқан жөн.
«Қайсар» клубының тағы бір өкілі Михаил Еременко S-6 класында (СПОДА) арқасымен жылжуда 100 метрлік қашықтықта екі рет екінші болып келді. Осы санатта өнер көрсететін Сиязбек Дәлиев Даниядан қола жүлде алып келді.
Астана қаласындағы «Қайсар» спорт клубының аға жаттықтырушысы, жүзуден ҚР Еңбек сіңірген шебері Владимир Загороднийдің айтуынша, турнирде бәсекелестік өте үлкен болған. Сондықтан бұл медальдерге біздің спортшылар бар күші мен ынта-жігерлерін сарқа қол жеткізген. «Бәсекелестердің барлығы Параолимпиада ойындарының жүлдегерлері болды. Соған қарамастан біздің спортшылар жоғары шеберлік көрсетіп, алға шықты», - дейді Владимир Кириллович.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz