Жаңалықтар

Көкшеден шыққан алыптар

Ақмола облысының мәдени мұрасы өте бай. XIX ғасырдың атақты музыканты, сал серісі Біржан Сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай туған өлке. Балуан Шолақ Жетiсуда туғанымен, Көкшетауда ер жеттi. Жаңадан ашылатын білім ордасының негізгі мақсаты арқа өңірінің музыкалық дәстүрін жалғастыру болып табылады. Ақан Сері Ақан Қорамсаұлы осы күнгі Көкшетау облысында Қоскөл деген жерде 1843 жылы туған. Оның өмір сүріп, балалық шағын өткізген жері де осы Көкшетау төңірегі. Алдына мал салмаған Құлагер өзге елде «Көкшетаудың дүлдүлі» атанады. Көкшенің аты Ақандай ардақты тұлғасы, талантты әншісі, ақыны арқылы бір шықса, аузымен құс тістеген жүйрік, бәйгенің алдын бермеген, алдына қара салмаған сәйгүлік Құлагердің атағымен кеңінен танылған. Керей руының паң Нұрмағамбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі Сағынайға ас беретін болып, үш жүзге сауын айтады (кісі шақырады). Сол аста Ақан Құлагерді бәйгеге қоспақ боп, баптап алып барады. Бәйгеге 323 ат қосылады. Бәрінің алдында келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақтанмен өштесіп жүрген Алтайдың Батыраш, Қотыраш деген феодалдары соққыға жығып өлтіреді. Ақан сері Құлагер өлгеннен кейін ауыр қайғыға ұшырайды. Баласымен екеуі елсіздегі Қоскөл деген қамысты қопаны мекендеп, тау кезіп, иесіз даланы жайлап, өзгеден оғаш өмір сүреді. Тау-тасты күңірентіп ән салады, өлең айтады. Құлагерге арнап бірнеше ән мен өлеңдер шығарады. Ақанның дұшпандары «Ақан жынданыпты, оны пері иеленіпті, Ақан пері қызына үйленіпті» деген лақап таратады. Ол жөнінде әртүрлі аңыз да туа бастайды. Әйтсе де ақын тау мекендеп, көл жайлап, ән шырқауын үдете береді. Өмірінің ең ақырғы минутына дейін тау-тасты тербеткен әдемі әні, әсем лирикалы өлеңнен қол үзбейді. Өстіп жүреп Ақан сері 1913 жылы қайтыс болады. Ақан серінің өмірі - ХІХ ғасырда тіршілік еткен қазақ ақындарының ішінде айрықша көңіл аударарлық өмір. Ақан ең алдымен өз кезінде де, өзінен кейін де жұртшылықтың назарын өзінің әнімен, өлеңімен аударды. Жас кезінен-ақ нәзік лирикалы, жан тербеткен үні мен сазы тыңдаушыларын сұқтандырса, өсе келе сол сазына сәйкес, өзі ән шығаратын композитор болды. «Сырғақты», «Сырымбет», «Балқадиша», «Көкжендет», «Маңмаңкер», «Құлагер» т.б. оның тамаша әндерін білмейтін, сүйсіне тыңдамайтын адам жоқ. Біржан сал Қожағұлұлы Әйгілі қазақ ақыны, сазгер Біржан Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласының тұрған жері. Руы - керей. Өз әкесі Тұрлыбай кедей шаруа болған, Қожағұл Біржанның атасы. Біржанның өз басы да кедей, өмір бойына салдық құрып ел аралап, ән салып жүрген. Ол тек ақын ғана емес, ең алдымен, асқан әнші, әрі тамаша композитор. Бойында әншілік дарыны бар, домбырада шебер ойнайтын Біржан жастайынан қазақ даласына танымал болған. Ол бірегей сазды-поэтикалық шығармаларды дүниеге келтірген. Ел аралап, алуан түрлі айтыстардың ортасында жүрген. Айналасына дарынды жастарды жиып, өзіндік көшпелі театр құрған. Әндерінде Көкшетауды тілге тиек ететін тұстары да кездеседі. Мысалы, «Жанота» әтті әнінде "Жанбота, осы ма еді өлген жерім? Көкшетау боқтығына көмген жерің?!" деп келетін өлең жолдары. Рулық-патриархалдық әдет-ғұрыпқа қарсы шығып, жырына әйел теңсіздігін, әлеумет күйін арқау еткен өнерпаздың өмірі қиындықтар мен мұқтаждыққа толы болды. Қуғынға ұшырап, руарарлық қақтығыстардың куәгері болып, ауруға шалдыққан ол 1897 жылы қайтыс болды. Біржан шығармаларында махаббат тақырыбы негізгі орын алады. Осы тақырыпта оның "Айтбай", "Ғашығым", "Ғашық жар", "Ләйлім-шырақ" т. б. шынайы сыршылдықтан туындаған өлеңдерін атап айтуға болады. "Үш жүзді сайран қылған Біржан едім" деп өлеңінде өзі айтқандай, қазақ жерінің барлық түкпірін аралайды. Ел көреді, жер көреді, талай той-думандардың сәні, көркі болады. Жүрген жерлерінің бәрінде бүгінге дейін ел аузында жүрген, халқымыздың өшпес мәдени қазынасына айналған әндер шығарады. Бүгінгі әншілеріміз айтып жүрген "Ләйлім шырақ", "Теміртас", "Жайма шуақ", "Айтпай", "Бурылтай", "Айбозым", "Асыл-Ақық", "Керкекіл", "Ақ серкеш", "Мәті-Дәулен", "Алтын балдақ", "Телқоңыр", "Аққошқар", "Көкек" т. б. әндері - мәңгі өлмейтін туындылар. Бұлардың бәрі бұрын жеке дауыста орындалса, ұлы композиторымыз Мұқан Төлебаев біразын "Біржан - Сара" операсында пайдаланған. Арқаның ақиығы Біржанның Жетісу бұлбұлы атанған ақын Сарамен айтысы да - өлмес қазынамыз. Балуан Шолақ Асқан талантының арқасында Біржан Арқада алған әншілік дәстүрін қалыптастырды, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ сияқты әнші ақындар осы Біржанның шәкірттері. Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) - қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты - Нұрмағанбет. Шыққан тегі - Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен. Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып - анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған. 14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құйрығында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830 кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді. Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған. Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады. Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр», сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері - «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Кішкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды. Үкілі Ыбырай Көкшетау өңірінен шыққан әйгілі төрт әнші-композитордың бірі  - Үкілі Ыбырай. Дәстүрлі ән зерттеушісі Ерлан Төлеутай Үкілі Ыбырайдың анық туған жылы белгісіз екенін айтады. Деректерде 1858 бен 1860 жылдар шамасы деп көрсетілген. Сондай-ақ, Үкілі Ыбырай Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келген дейді. Ел арасына кеңінен тараған "Гәкку" әні Ыбырай шығармашылығының шыңы болып табылады. Ыбырайдың әндері жастық шақтың жалын атқан нәзік, таза махаббат сезіміне, оптимистік әуенге, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Е.Г.Брусиловский "Гәкку" әнін "Қыз Жібек" операсында (Жібектің негізгі ариясы). "Арарай" әнін "Ер Тарғын" операсында (Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Ыбырай өндерін алғаш нотаға түсірген А.В.Затаевич пен И.В. Коцык. Ыбырай ақындық өнерімен де әйгілі болды. Ыбырайдың өлеңдерін "Бостандық туы" газетіне жариялап, ақынның творчествосы туралы келелі пікір айтқан жазушы С.Мүқанов, сондай-ақ әдеби мұрасын байсалды зерттеген әдебиет сыншысы Е.Ысмайылов болды. Драматург Ш.Хүсайынов Ыбырай туралы "Қайран Гәкку" пьесасын жазды. Ыбырай поэзиясы тақырыбы жағынан алуан түрлі. Оның бір саласы жастық шақтың қызығын жырлауға арналған. "Қарақат көз", "Тойда бір нүрың балқиды", "Қаралдым" т. б. өлеңдері жастықтың нәзік сезімін шертеді. "Бір қызық ит жүгіртіп аң ауласа" өлеңі аңшылық, саятшылықты бейнелейді. Революцияга дейінгі өмірді көзімен көрген ақын советтік жаңа заманды, теңдік алган кедейлердің қуанышын ("Октябрьдің жеңісі", "Отарба") паш етті. Импровизатор Ыбырайдың тыңнан суырып салып айтқан өлеңдері де (Доскей, Есімбет, Қожақмет ақындармен айтыстары) көп. Жандос СМАЙЛОВ
14.03.2013 10:20 20681

Ақмола облысының мәдени мұрасы өте бай. XIX ғасырдың атақты музыканты, сал серісі Біржан Сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай туған өлке. Балуан Шолақ Жетiсуда туғанымен, Көкшетауда ер жеттi. Жаңадан ашылатын білім ордасының негізгі мақсаты арқа өңірінің музыкалық дәстүрін жалғастыру болып табылады.

Ақан Сері

Ақан Қорамсаұлы осы күнгі Көкшетау облысында Қоскөл деген жерде 1843 жылы туған. Оның өмір сүріп, балалық шағын өткізген жері де осы Көкшетау төңірегі.

Алдына мал салмаған Құлагер өзге елде «Көкшетаудың дүлдүлі» атанады. Көкшенің аты Ақандай ардақты тұлғасы, талантты әншісі, ақыны арқылы бір шықса, аузымен құс тістеген жүйрік, бәйгенің алдын бермеген, алдына қара салмаған сәйгүлік Құлагердің атағымен кеңінен танылған.

Керей руының паң Нұрмағамбет атанған үлкен байы Ереймен деген жерде әкесі Сағынайға ас беретін болып, үш жүзге сауын айтады (кісі шақырады). Сол аста Ақан Құлагерді бәйгеге қоспақ боп, баптап алып барады. Бәйгеге 323 ат қосылады. Бәрінің алдында келе жатқан Құлагерді бұрыннан Ақтанмен өштесіп жүрген Алтайдың Батыраш, Қотыраш деген феодалдары соққыға жығып өлтіреді. Ақан сері Құлагер өлгеннен кейін ауыр қайғыға ұшырайды. Баласымен екеуі елсіздегі Қоскөл деген қамысты қопаны мекендеп, тау кезіп, иесіз даланы жайлап, өзгеден оғаш өмір сүреді. Тау-тасты күңірентіп ән салады, өлең айтады. Құлагерге арнап бірнеше ән мен өлеңдер шығарады. Ақанның дұшпандары «Ақан жынданыпты, оны пері иеленіпті, Ақан пері қызына үйленіпті» деген лақап таратады. Ол жөнінде әртүрлі аңыз да туа бастайды. Әйтсе де ақын тау мекендеп, көл жайлап, ән шырқауын үдете береді. Өмірінің ең ақырғы минутына дейін тау-тасты тербеткен әдемі әні, әсем лирикалы өлеңнен қол үзбейді. Өстіп жүреп Ақан сері 1913 жылы қайтыс болады.

Ақан серінің өмірі - ХІХ ғасырда тіршілік еткен қазақ ақындарының ішінде айрықша көңіл аударарлық өмір. Ақан ең алдымен өз кезінде де, өзінен кейін де жұртшылықтың назарын өзінің әнімен, өлеңімен аударды. Жас кезінен-ақ нәзік лирикалы, жан тербеткен үні мен сазы тыңдаушыларын сұқтандырса, өсе келе сол сазына сәйкес, өзі ән шығаратын композитор болды. «Сырғақты», «Сырымбет», «Балқадиша», «Көкжендет», «Маңмаңкер», «Құлагер» т.б. оның тамаша әндерін білмейтін, сүйсіне тыңдамайтын адам жоқ.

Біржан сал Қожағұлұлы

Әйгілі қазақ ақыны, сазгер Біржан Көкшетау өңірінде дүниеге келген. Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласының тұрған жері. Руы - керей. Өз әкесі Тұрлыбай кедей шаруа болған, Қожағұл Біржанның атасы. Біржанның өз басы да кедей, өмір бойына салдық құрып ел аралап, ән салып жүрген. Ол тек ақын ғана емес, ең алдымен, асқан әнші, әрі тамаша композитор.

Бойында әншілік дарыны бар, домбырада шебер ойнайтын Біржан жастайынан қазақ даласына танымал болған. Ол бірегей сазды-поэтикалық шығармаларды дүниеге келтірген. Ел аралап, алуан түрлі айтыстардың ортасында жүрген. Айналасына дарынды жастарды жиып, өзіндік көшпелі театр құрған.

Әндерінде Көкшетауды тілге тиек ететін тұстары да кездеседі. Мысалы, «Жанота» әтті әнінде "Жанбота, осы ма еді өлген жерім? Көкшетау боқтығына көмген жерің?!" деп келетін өлең жолдары.

Рулық-патриархалдық әдет-ғұрыпқа қарсы шығып, жырына әйел теңсіздігін, әлеумет күйін арқау еткен өнерпаздың өмірі қиындықтар мен мұқтаждыққа толы болды. Қуғынға ұшырап, руарарлық қақтығыстардың куәгері болып, ауруға шалдыққан ол 1897 жылы қайтыс болды.

Біржан шығармаларында махаббат тақырыбы негізгі орын алады. Осы тақырыпта оның "Айтбай", "Ғашығым", "Ғашық жар", "Ләйлім-шырақ" т. б. шынайы сыршылдықтан туындаған өлеңдерін атап айтуға болады.

"Үш жүзді сайран қылған Біржан едім" деп өлеңінде өзі айтқандай, қазақ жерінің барлық түкпірін аралайды. Ел көреді, жер көреді, талай той-думандардың сәні, көркі болады. Жүрген жерлерінің бәрінде бүгінге дейін ел аузында жүрген, халқымыздың өшпес мәдени қазынасына айналған әндер шығарады. Бүгінгі әншілеріміз айтып жүрген "Ләйлім шырақ", "Теміртас", "Жайма шуақ", "Айтпай", "Бурылтай", "Айбозым", "Асыл-Ақық", "Керкекіл", "Ақ серкеш", "Мәті-Дәулен", "Алтын балдақ", "Телқоңыр", "Аққошқар", "Көкек" т. б. әндері - мәңгі өлмейтін туындылар. Бұлардың бәрі бұрын жеке дауыста орындалса, ұлы композиторымыз Мұқан Төлебаев біразын "Біржан - Сара" операсында пайдаланған. Арқаның ақиығы Біржанның Жетісу бұлбұлы атанған ақын Сарамен айтысы да - өлмес қазынамыз.

Балуан Шолақ

Асқан талантының арқасында Біржан Арқада алған әншілік дәстүрін қалыптастырды, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ сияқты әнші ақындар осы Біржанның шәкірттері.

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) - қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты - Нұрмағанбет. Шыққан тегі - Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.

Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып - анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.

14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құйрығында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830 кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.

Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, «ансамбль» болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған.

Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады.

Балуан Шолақтың «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр», сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері - «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Кішкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды.

Үкілі Ыбырай

Көкшетау өңірінен шыққан әйгілі төрт әнші-композитордың бірі  - Үкілі Ыбырай. Дәстүрлі ән зерттеушісі Ерлан Төлеутай Үкілі Ыбырайдың анық туған жылы белгісіз екенін айтады. Деректерде 1858 бен 1860 жылдар шамасы деп көрсетілген. Сондай-ақ, Үкілі Ыбырай Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданы Сырымбет ауылында дүниеге келген дейді.

Ел арасына кеңінен тараған "Гәкку" әні Ыбырай шығармашылығының шыңы болып табылады. Ыбырайдың әндері жастық шақтың жалын атқан нәзік, таза махаббат сезіміне, оптимистік әуенге, мелодиялық көркем сазға толы, терең ойлы болып келеді. Е.Г.Брусиловский "Гәкку" әнін "Қыз Жібек" операсында (Жібектің негізгі ариясы). "Арарай" әнін "Ер Тарғын" операсында (Ақжүністің ариясы) пайдаланды. Ыбырай өндерін алғаш нотаға түсірген А.В.Затаевич пен И.В. Коцык. Ыбырай ақындық өнерімен де әйгілі болды. Ыбырайдың өлеңдерін "Бостандық туы" газетіне жариялап, ақынның творчествосы туралы келелі пікір айтқан жазушы С.Мүқанов, сондай-ақ әдеби мұрасын байсалды зерттеген әдебиет сыншысы Е.Ысмайылов болды. Драматург Ш.Хүсайынов Ыбырай туралы "Қайран Гәкку" пьесасын жазды. Ыбырай поэзиясы тақырыбы жағынан алуан түрлі. Оның бір саласы жастық шақтың қызығын жырлауға арналған. "Қарақат көз", "Тойда бір нүрың балқиды", "Қаралдым" т. б. өлеңдері жастықтың нәзік сезімін шертеді. "Бір қызық ит жүгіртіп аң ауласа" өлеңі аңшылық, саятшылықты бейнелейді. Революцияга дейінгі өмірді көзімен көрген ақын советтік жаңа заманды, теңдік алган кедейлердің қуанышын ("Октябрьдің жеңісі", "Отарба") паш етті. Импровизатор Ыбырайдың тыңнан суырып салып айтқан өлеңдері де (Доскей, Есімбет, Қожақмет ақындармен айтыстары) көп.

Жандос СМАЙЛОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға