Жаңалықтар

Табиғи ресурстары

Солтүстік Қазақстан аумағында анықталған және әр түрлі дәрежеде зерттелген 300-дей пайдалы қазбалар кеніші бар. Жер астындағы бұл байлықтың көбі әзірше қолға алынған десе де оларды алдағы уақытта пайдалану орасан зор пайда бермей қоймайды. Анықталған минералдық ресурстардың ішінде қалайы, уран, цирконий, титан, вольфрам, тантал және басқа металдар қатты қызықтырып отыр. Қалайы адамдарға ежелден таныс. Кезінде одан ыдыс-аяқ, әшекейлер жасалды, ал қазір ол таттан қорғау үшін басқа металдарға жалатылады. Осы бір күмістей ақ, жүмсақ металдың үштен екі бөлігі Сырымбет кенішінде. Ондағы кен кешенді болып келеді, вольфрамит, ниобий, цирконий және басқалары ілеспе металдар болып табылады. Касситерит минералында қалайы бар. 2007 жылы осы кен көзін игеру басталды. Сондай-ақ Донецкое селосында қалайы кеніші бар. Ондағы металл 0,078-0,268 пайызды құрайды. Ниобий мен тантал Сарыбұлақ кенішінде бар. Сырымбет кенішінің оңтүстік-батысындағы бұл орын тиісті бағасын алады. Солтүстік Қазақстанда атом энергиясын өндіретін шикізат ретінде пайдаланылатын радиоактивтік элемент – уранның 18 кеніші барланды. Уран кенінің көбі облыстың оңтүстік-батысында. Онда ірі төрт кеніш бар: Грачев (ураны 0,78 пайыз, баланс қоры 888-тонна), Қосащы (ураны 0,114 пайыз, қоры – 14309 тонна), Шоқпақ (ураны 0,097 пайыз, қоры – 122 тонна), Камышовая (ураны 0,134 пайыз, қоры – 869 тонна). Облыстың оңтүстік-шығысында 0,078 пайыз ураны және 13903 тонна қоры бар Семізбай уран кеніші табылып отыр. Ақанбұрлық, Викторов және басқалары орташа кеніштер. Сондай-ақ Сергеевка қаласының түбінде, Тайынша ауданындағы Орлиногорск селосынын маңында, облыстың баска да жерлерінде уран табылып жатыр. Өңірдегі уран кені Целинный тау-химия комбинатында және онымен технологиялық жағынан байланысқан Әлбі металлургия зауытында өңделеді. Тайынша ауданында титан-цирконий қорынын кені бар. Ол Обухов, Летовочное және Славянское – осы үшеуінен тұратын Обухов тобын құрайды. Оларда титанның 5-12,5 пайызы бар. Құмында 82,09 ильменит, 21,36 рутила. 80,41 килограмм текше метр цирконий бар. Обухово кені облыстың негізгі кен өндіру кәсіпорыны болып табылады. 1995 жылдары онда 31,4 мың текше метр кен құмы және 2,3 мын тонна титан қостотығы өндірілді. Алайда одан кейін титан шикізаты өндірілмеді. байыту фабрикасы 1997 жылы жабылды. 2004 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы аумағында қатты пайдалы қазбаларды барлау және алу мақсатында "Тиолайн" ЖШС құрылды. Кәсіпорын 2005 жылы желтоқсан айында Тайынша ауданындағы "Обуховское" кен орнындағы жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы атанды және 2006 жылы "Обухов кен орнындағы титан-цирконий құмдарын игеру" инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті. Жобаның мақсаты: "Обуховский ГОК" таулы-байытушы комбинатының құрылысымен кен орнын игеру, ұжымдық концентратты алумен титанды-цирконий құмдарын бастапқы байыту. Ұжымдық концентрат Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған титан-цирконий зауытына (Қостанай облысы, Лисаковск қаласы) одан әрі қайта өңдеуден өткізу үшін жіберіледі. Қайта өндеу процесі кезінде алынған ильмениттік және рутилдық концентраттар металлургиялық өндірісінде, циркониялық концентрат – оптикада, радиотехникада, электроникада, атом және ғарыш өндірісінде өз қолдануын табады. Обухов кенінің титан-цирконий кендерін игеру және қайта өндеу жөніндегі 40 мың шаршы метр қуаты бар тәжірибелік-өндірістік кәсіпорнын 2007 жылдың 2 жарты жылдығында іске қосу жоспарлануда. "Тиолайн" ЖШС иш тициялық жобаны іске асыру барысында әлеуметтік саланы дамытуға 4 млн-нан кем емес АҚШ доллар жұмсауды жоспарлап отыр және 250-ден 500-ге дейін жұмыс орындарын ашпақшы.
14.03.2013 09:52 4150

Солтүстік Қазақстан аумағында анықталған және әр түрлі дәрежеде зерттелген 300-дей пайдалы қазбалар кеніші бар. Жер астындағы бұл байлықтың көбі әзірше қолға алынған десе де оларды алдағы уақытта пайдалану орасан зор пайда бермей қоймайды.

Анықталған минералдық ресурстардың ішінде қалайы, уран, цирконий, титан, вольфрам, тантал және басқа металдар қатты қызықтырып отыр.

Қалайы адамдарға ежелден таныс. Кезінде одан ыдыс-аяқ, әшекейлер жасалды, ал қазір ол таттан қорғау үшін басқа металдарға жалатылады. Осы бір күмістей ақ, жүмсақ металдың үштен екі бөлігі Сырымбет кенішінде. Ондағы кен кешенді болып келеді, вольфрамит, ниобий, цирконий және басқалары ілеспе металдар болып табылады. Касситерит минералында қалайы бар. 2007 жылы осы кен көзін игеру басталды. Сондай-ақ Донецкое селосында қалайы кеніші бар. Ондағы металл 0,078-0,268 пайызды құрайды.

Ниобий мен тантал Сарыбұлақ кенішінде бар. Сырымбет кенішінің оңтүстік-батысындағы бұл орын тиісті бағасын алады.

Солтүстік Қазақстанда атом энергиясын өндіретін шикізат ретінде пайдаланылатын радиоактивтік элемент – уранның 18 кеніші барланды. Уран кенінің көбі облыстың оңтүстік-батысында. Онда ірі төрт кеніш бар: Грачев (ураны 0,78 пайыз, баланс қоры 888-тонна), Қосащы (ураны 0,114 пайыз, қоры – 14309 тонна), Шоқпақ (ураны 0,097 пайыз, қоры – 122 тонна), Камышовая (ураны 0,134 пайыз, қоры – 869 тонна). Облыстың оңтүстік-шығысында 0,078 пайыз ураны және 13903 тонна қоры бар Семізбай уран кеніші табылып отыр. Ақанбұрлық, Викторов және басқалары орташа кеніштер. Сондай-ақ Сергеевка қаласының түбінде, Тайынша ауданындағы Орлиногорск селосынын маңында, облыстың баска да жерлерінде уран табылып жатыр. Өңірдегі уран кені Целинный тау-химия комбинатында және онымен технологиялық жағынан байланысқан Әлбі металлургия зауытында өңделеді.

Тайынша ауданында титан-цирконий қорынын кені бар. Ол Обухов, Летовочное және Славянское – осы үшеуінен тұратын Обухов тобын құрайды. Оларда титанның 5-12,5 пайызы бар. Құмында 82,09 ильменит, 21,36 рутила. 80,41 килограмм текше метр цирконий бар. Обухово кені облыстың негізгі кен өндіру кәсіпорыны болып табылады. 1995 жылдары онда 31,4 мың текше метр кен құмы және 2,3 мын тонна титан қостотығы өндірілді. Алайда одан кейін титан шикізаты өндірілмеді. байыту фабрикасы 1997 жылы жабылды.

2004 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы аумағында қатты пайдалы қазбаларды барлау және алу мақсатында "Тиолайн" ЖШС құрылды.

Кәсіпорын 2005 жылы желтоқсан айында Тайынша ауданындағы "Обуховское" кен орнындағы жер қойнауын пайдалану құқығын алу конкурсының жеңімпазы атанды және 2006 жылы "Обухов кен орнындағы титан-цирконий құмдарын игеру" инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті.

Жобаның мақсаты: "Обуховский ГОК" таулы-байытушы комбинатының құрылысымен кен орнын игеру, ұжымдық концентратты алумен титанды-цирконий құмдарын бастапқы байыту.

Ұжымдық концентрат Қазақстандағы жалғыз мамандандырылған титан-цирконий зауытына (Қостанай облысы, Лисаковск қаласы) одан әрі қайта өңдеуден өткізу үшін жіберіледі.

Қайта өндеу процесі кезінде алынған ильмениттік және рутилдық концентраттар металлургиялық өндірісінде, циркониялық концентрат – оптикада, радиотехникада, электроникада, атом және ғарыш өндірісінде өз қолдануын табады.

Обухов кенінің титан-цирконий кендерін игеру және қайта өндеу жөніндегі 40 мың шаршы метр қуаты бар тәжірибелік-өндірістік кәсіпорнын 2007 жылдың 2 жарты жылдығында іске қосу жоспарлануда.

"Тиолайн" ЖШС иш тициялық жобаны іске асыру барысында әлеуметтік саланы дамытуға 4 млн-нан кем емес АҚШ доллар жұмсауды жоспарлап отыр және 250-ден 500-ге дейін жұмыс орындарын ашпақшы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға