Жаңалықтар

Облыс климаты

Есіл өзені меридиан бағытында облысты кесіп өтеді. Есіл-Тобыл аңғарының бөлігі болып табылатын оның сол жағалауын ғайып болған Суери, Казак және Емец өзендерінің ежелгі қолаттары айғыздаған. Осынау ежелгі аңғарда жер асты, соның ішінде тұщы су қоры бар өзеннің сол жағалауы биіктігі 5-10 метр, ені 608 метр жардан тұрады. Облыс аумағындағы оның ұзындығы 15 километрге жетеді. Сол жақ жағалауда көл шұңқырлары көп. Сондай-ақ орақ тәріздес төбешіктер де бар. Есіл-Ертіс аңғарының жазық дөңі болып табылатын оң жақ жағалауы шығыс – солтүстік шығыс бағытында Қамыстысай, XIX ғасырдың ортасында құрғап қалған Қамысты өзенінің аңғары кесіп өтеді. Бұл өзеннің сол жақ жағалауы көзге анық көрінеді. Ол Көкшетау үстіртіне ұласып, Әлкен Торанғұл көліне құятын шағын ғана Қамысты өзенінен басталады. Қамыстысайдың төменгі ағысында Балықты, Жыланды, Бозарал және басқа көптеген көлдер бар. Сайдың ені бірнеше километрге жетеді, тереңдігі 10-20 метр. Сайдың табанындағы құм мен тас шөгіндісі 20-25 метрге дейін барады. Өңірдің қысы ұзақ, уық, желі қатты, бораны бар. Қаңтардағы айдың орташа температурасы 18,5-19,5°С, ең суық температура (-46°С) 2006 жылы болды. Жазы көбіне-көп жылы, құрғақ. Ең жылы ай – шілдеде орташа айлық температура 18,8-19,5°С. Қатты ыстық (40°С) сирек құбылыс: он жылда бір немесе екі рет қана аңғарылады. Ең соңғы ыстық (40,5°С) 1940 жылы болды. Қар кететін, топырақтың үстіңгі қабаты жібитін, күн жылитын 12-14 сәуір кезіне қысқа, құрғақ және салқын көктем шығады. Алайда күн сатқындап, қар жаууы да мүмкін. Күзі салқын, бұлтты, көбіне жаңбырлы. Күн тез суытады. Тамыздың үшінші онкүндігінен бастап бозқырау түседі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 300-340 миллиметр шамасында. Кейде күрт өзгеріп те қалады. Жаңбырлы жылдары 400 миллиметрден астам ылғал түседі, ал құрғақшылық кезінде орташа жылдық көрсеткіштің 65-70 пайызынан аспайды. Бұл ерекшелік дәнді дақылдарға, әсіресе, астыққа айтарлықтай ықпалын тигізеді. Облыстың "тәуекелді егіншілік" аймағына жатқызылатыны да сондықтан. Боран, құйын, аңызақ та табиғаттың қолайсыз құбылыстары. Облыста жыл сайын 25-35 рет боран соғады, көбіне ол желтоқсаннан сәуірге дейін қайталанады, сөйтіп, бір айға 6-8 боранды күннен келеді. Дөң және жазық жерлерді жалаңаштап, ылғал қорын азайтатын боран қардың қалыңдығына өзгеріс енгізбей қоймайды. Керісінше ойпаңдарға және ормандарға қар көп жиналады. Бұған қоса қатты боран көліктің бірқалыпты жұмысына нұқсан келтіреді. Құйын сәуірден қарашаға дейін соғады, көбіне-көп көктемнің соңында, жаздың басында. Жаз айында құйынды дауыл үш рет өтеді. Ол, әсіресе, мамырда дәнді дақылдарға көп зиянын тигізеді, топырақтың үстіңгі қабаты кеуіп қалады. Табиғаттың ең қолайсыз құбылыстарының бірі – құрғақшылық пен аңызақ. Бұл да жиі қайталанады.  Оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандарда екі-үш күннен жеті-сегіз аптаға дейін (мәселен, 1955 жылы құрғақшылық екі айдан асты) созылатын құрғақшылықтың қайталануы 20 пайызға жуықтайды. Аңызақты айтар болсақ, ол құрғақшылық кезінде қалыптасады, алайда құрғақшылық одан гөрі қиынға соғады. Облыс аумағында аңызақ соғатын маусым 5-9 күнге созылады. Көбіне-көп оңтүстік-оңтүстік батыс бағытында соғатын аңызақ көктемнің соңына және жаздың басына тұспа-түс келеді.
14.03.2013 09:14 4017

Есіл өзені меридиан бағытында облысты кесіп өтеді. Есіл-Тобыл аңғарының бөлігі болып табылатын оның сол жағалауын ғайып болған Суери, Казак және Емец өзендерінің ежелгі қолаттары айғыздаған. Осынау ежелгі аңғарда жер асты, соның ішінде тұщы су қоры бар өзеннің сол жағалауы биіктігі 5-10 метр, ені 608 метр жардан тұрады. Облыс аумағындағы оның ұзындығы 15 километрге жетеді. Сол жақ жағалауда көл шұңқырлары көп. Сондай-ақ орақ тәріздес төбешіктер де бар.

Есіл-Ертіс аңғарының жазық дөңі болып табылатын оң жақ жағалауы шығыс – солтүстік шығыс бағытында Қамыстысай, XIX ғасырдың ортасында құрғап қалған Қамысты өзенінің аңғары кесіп өтеді. Бұл өзеннің сол жақ жағалауы көзге анық көрінеді. Ол Көкшетау үстіртіне ұласып, Әлкен Торанғұл көліне құятын шағын ғана Қамысты өзенінен басталады. Қамыстысайдың төменгі ағысында Балықты, Жыланды, Бозарал және басқа көптеген көлдер бар. Сайдың ені бірнеше километрге жетеді, тереңдігі 10-20 метр. Сайдың табанындағы құм мен тас шөгіндісі 20-25 метрге дейін барады. Өңірдің қысы ұзақ, уық, желі қатты, бораны бар. Қаңтардағы айдың орташа температурасы 18,5-19,5°С, ең суық температура (-46°С) 2006 жылы болды.

Жазы көбіне-көп жылы, құрғақ. Ең жылы ай – шілдеде орташа айлық температура 18,8-19,5°С. Қатты ыстық (40°С) сирек құбылыс: он жылда бір немесе екі рет қана аңғарылады. Ең соңғы ыстық (40,5°С) 1940 жылы болды.

Қар кететін, топырақтың үстіңгі қабаты жібитін, күн жылитын 12-14 сәуір кезіне қысқа, құрғақ және салқын көктем шығады. Алайда күн сатқындап, қар жаууы да мүмкін.

Күзі салқын, бұлтты, көбіне жаңбырлы. Күн тез суытады. Тамыздың үшінші онкүндігінен бастап бозқырау түседі.

Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 300-340 миллиметр шамасында. Кейде күрт өзгеріп те қалады. Жаңбырлы жылдары 400 миллиметрден астам ылғал түседі, ал құрғақшылық кезінде орташа жылдық көрсеткіштің 65-70 пайызынан аспайды. Бұл ерекшелік дәнді дақылдарға, әсіресе, астыққа айтарлықтай ықпалын тигізеді. Облыстың "тәуекелді егіншілік" аймағына жатқызылатыны да сондықтан.

Боран, құйын, аңызақ та табиғаттың қолайсыз құбылыстары.

Облыста жыл сайын 25-35 рет боран соғады, көбіне ол желтоқсаннан сәуірге дейін қайталанады, сөйтіп, бір айға 6-8 боранды күннен келеді. Дөң және жазық жерлерді жалаңаштап, ылғал қорын азайтатын боран қардың қалыңдығына өзгеріс енгізбей қоймайды. Керісінше ойпаңдарға және ормандарға қар көп жиналады. Бұған қоса қатты боран көліктің бірқалыпты жұмысына нұқсан келтіреді.

Құйын сәуірден қарашаға дейін соғады, көбіне-көп көктемнің соңында, жаздың басында. Жаз айында құйынды дауыл үш рет өтеді. Ол, әсіресе, мамырда дәнді дақылдарға көп зиянын тигізеді, топырақтың үстіңгі қабаты кеуіп қалады.

Табиғаттың ең қолайсыз құбылыстарының бірі – құрғақшылық пен аңызақ. Бұл да жиі қайталанады.  Оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандарда екі-үш күннен жеті-сегіз аптаға дейін (мәселен, 1955 жылы құрғақшылық екі айдан асты) созылатын құрғақшылықтың қайталануы 20 пайызға жуықтайды. Аңызақты айтар болсақ, ол құрғақшылық кезінде қалыптасады, алайда құрғақшылық одан гөрі қиынға соғады. Облыс аумағында аңызақ соғатын маусым 5-9 күнге созылады. Көбіне-көп оңтүстік-оңтүстік батыс бағытында
соғатын аңызақ көктемнің соңына және жаздың басына
тұспа-түс келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға