Жаңалықтар

Алматыда сұранысқа ие мамандықтардың тізімі жасалды

Сарапшылар сұранысқа ие және сұранысы төмен мамандықтарды анықтап, тізімін жасады. Бұл туралы «Elite» рекрутигтік агенттігінің жетекшісі Олег Парахин мәлімеді.   Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма «Elite» рекрутингтік агенттігі мен «Срочно Требуется» газет редакциясымен біріге отырып, жастар еңбек нарығын зерттеген болатын.   «Бүгінде сұранысқа ие мамандықтардың қатарына: сауда жөніндегі мамандар, бағдарлама жасаушылар, интернетте жұмыс жасайтын мамандар, бухгалтерлер, аудиторлар, телекоммуникация инженерлері, маркетологтар, жарнама саласындағы мамандар, талдаушылар, жобалаушылар, сәулетшілер, құрылысшылар жатады»,-деді Олег Парахин. Ал сұранысы төмен мамандықтар қатарына массаж жасаушылар, косметологтар, визажисттер, сақтандыру агенттері, сарапшы-бағалаушылар, бизнес мәселесіне қатысты кеңесшілер және бұрғылаушылар жататыны анықталды BAQ.kz
14.03.2013 05:33 3896

Сарапшылар сұранысқа ие және сұранысы төмен мамандықтарды анықтап, тізімін жасады. Бұл туралы «Elite» рекрутигтік агенттігінің жетекшісі Олег Парахин мәлімеді.  

Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма «Elite» рекрутингтік агенттігі мен «Срочно Требуется» газет редакциясымен біріге отырып, жастар еңбек нарығын зерттеген болатын.
 

«Бүгінде сұранысқа ие мамандықтардың қатарына: сауда жөніндегі мамандар, бағдарлама жасаушылар, интернетте жұмыс жасайтын мамандар, бухгалтерлер, аудиторлар, телекоммуникация инженерлері, маркетологтар, жарнама саласындағы мамандар, талдаушылар, жобалаушылар, сәулетшілер, құрылысшылар жатады»,-деді Олег Парахин.

Ал сұранысы төмен мамандықтар қатарына массаж жасаушылар, косметологтар, визажисттер, сақтандыру агенттері, сарапшы-бағалаушылар, бизнес мәселесіне қатысты кеңесшілер және бұрғылаушылар жататыны анықталды

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға