Шымкентте аламан айтыс ұйымдастырылмақ
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында Ұлыстың ұлы күніне арналған республикалық Наурыз айтыс өткізілмек. Шараның мақсаты - қазақтың тарихи тұлғалары Төле бидің 350 және Абылайханның 300 жылдықтарына арналады және айтыс өнері арқылы көнеден келе жатқан дәстүрлі «Наурыз» мерекесін дәріптеу, еліміздің тәуелсіздік жырларындағы жетістіктерін, ұлттар мен ұлыстардың мызғымас татулығы мен достығын, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын кеңінен насихаттау болып табылады. Республикалық «Наурыз» айтысы алғаш рет 2004 жылы ұйымдастырылып, биыл 10-шы рет өткелі отыр. Өткен ақындар айтысында алты алашқа әйгілі от ауызды, орақ тілді елімізге танымал Бекарыс Шойбеков, Ринат Зайытов, Балғынбек Имашов, Ақмарал Леубаева, Маржан Есжанова, Карима Оралова, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Мұхтар Ниязов т.б. айтыскерлер халықтың қошеметіне бөленсе, аға-апаларының өнерлеріне қанық болған киелі оңтүстіктің дүлдүлдері, атанып жүрген Біржан Байтуов, Нұрлыбек Мейрманов, Асхат Садықбеков, Қажымұқан Абзалов, Қалижан Білдәшов, Нұрлан Есенқұлов, Гүлзия Қалымбетова, Тұрар Тілеулиевтер біздің мақтаныштарымыз Ал, биылғы дүбірлі додаға астаналық Айнұр Тұрсынбаева, Еркебұлан Қайназаров, Әсем Ережеқызы, қызылордалық Мұхтар Ниязов пен Нұрмат Мансұров, батысқазақстандық Жансая Мусина, жамбылдық Асхат Қылышбек, павлодарлық Аспанбек Шұғатаев, ақтөбелік Аян Сейітов, оңтүстікқазақстандық Бекарыс Шойбеков, Маржан Есжанова, Жарқынбек Наушабеков, Ақмарал Леубаева, Анар Жаппарқұлова, Карима Ораловалармен қатар жас ақындар арасынан іріктелген Қалижан Білдашов, Біржан Байтуов, Нұрлан Есенқұлов, Асхат Садықбеков,Тұрар Тілеулиев, Гүлзия Қалымбетова, Қажымұқан Абзаловтар қатысады. Ақындарға төмендегі жүлделер тағайындалып отыр: 
