Астаналық велошабандоздар Азия чемпионатында күміс алды
«Командалық спринтте елордалық Алмаз Кинеев пен Заки Сұлтанов бесінші орынға табан тіреді. Бірінші орында Корея спортшылары, екінші орында – малазиялықтар, ал үшінші орында жапондық велошабондоздар», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметі бойынша, командалық жарыста аты шығып жүрген Қазақстанның жас құрамасы Жапонияға жол беріп, екінші орынды қанағат тұтты. Құрлықаралық біріншілікте біздің елордалық спортшылар Никита Клеванов пен Марлен Тоқсейітов күміс жүлдеге ие болды. Екеуі де еліміздің өткен жылғы трек жарысындағы чемпионы болып табылады.
Қазақстан делегациясы құрамында 51 адам бар. Бұл ерлер мен әйелдер құрамасы, түрлі жас ерекшелігіндегі жастар: (1995-1996 ж.т.), андерлер (1991-1994 ж.т) және таңдаулы (1990 және одан да үлкендер).
Бүгін, 13 наурызда, Азия Чемпионатының тас жолдағы веложарысы басталады. Жеке жарыста Астана қаласы №6 ОРМБЖСМ өкілі, 2012 жылғы Қазақстан чемпионы Дмитрий Риве бақ сынамақ.
Астана қаласының ресми сайты astana.kz