Жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстан жұртшылығы Наурызды 9 күн бойы 9 түрлі атаумен тойламақ

Оңтүстік Қазақстан облысы биыл Наурыз мерекесін айрықша атап өтпек. Атап айтқанда, биыл Наурыз мерекесін кеңінен тойлауға ауа райы, жер жағдайы ыңғайлы өңір - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 2013 жылғы наурыз мейрамына арналған шараларды 14 наурыздан бастап, 23 наурызға дейін  жалғастыруды  қарастырып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды. «Наурыз мейрамы түбі  бір түркі жұртына ғана емес, күллі шығыс елдеріне ортақ мереке. Жаңғыру мен жаңарудың, ынтымақтың мерекесі саналатын бұл  мейрамды тойлау елімізде жыл сайын  қарқын алып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  жарлығымен мереке 21-23 наурыз күндері атап өтіледі. Дегенмен, мерекені жалпыхалықтық сипатқа, өзінің төл бейнесіне қайта қауыштыру өмір талабы. Елбасы Наурыз мерекесін тойлаудың тың үлгісін дайындау туралы тапсырма да берген болатын. Соған орай, биыл Наурыз мерекесін кеңінен тойлауға ауа райы, жер жағдайы ыңғайлы өңір - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 2013 жылғы наурыз мейрамына арналған шараларды 14 наурыздан бастап, 23 наурызға дейін  жалғастыруды  қарастырып отыр», - делінген баспасөз баянында. Жаңа сипатта ұйымдастырылатын биылғы мейрам халқымыздың көнеден келе жатқан «Наурызнама»  дәстүрін  заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға бағытталып отыр. Осыған  байланысты мерекелік шаралар 9 күнде 9 түрлі атау  бойынша ұйымдастырылмақ. Әр күн өзіндік сипатта, өзіндік ерекшеліктермен аталып өтіледі.  Мәселен, 14 наурыз күніне «Көктем шуағы» атауы беріліп,  облыс әкімі  ардагерлерді көктемнің келуімен құттықтамақ. Жастар қарияларға қолғабыс жасап, түрлі  қайырымдылық шараларын өткізеді. 1917 жылға дейінгі күнтізбе бойынша бұл күннің 1 наурызға сәйкес келетіндігін ескерсек мерекелік шараларға «Көктем шуағы» атауының берілуі орынды саналады. Бұл қазақтың арасында  тек қана батыста ғана сақталып қалған «көрісу» дәстүрін жаңғырту болмақ. Ал, 15 наурызға «Тағзым күні» атауы берілді. Бұл күні Шымкент қаласында Төле бидің 350 жылдығына,  Абылай ханның 300 жылдығына арналған  республикалық ақындар айтысы өтсе, мешіттерде  ата-бабалар рухына арналып Құран  бағышталады. Қаза болған шекарашылар рухына да Құран бағышталып,  шекарашылар ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.  16 наурызда «Алас күні» атауымен  жалпыхалықтық сенбілік өткізілмек. «Аластау» ұғымы ертеректе «тазару, тазалану» дегенді білдіреді. Облыс аумағында  бертінге дейін Наурыз мерекесі қарсаңында  арықтарды тазалау, ағаш  отырғызу дәстүрі болған. Бұл дәстүр соңғы кездері сиреп бара жатыр. Сондықтан, мерекелік шаралар барысында бұл игі дәстүрді жаңғырту  көзделіп отыр.  17 наурыздың тақарыбы «Береке күні» болмақ. Бұл күні түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Балалар үйлеріне, қарттар үйіне жәрдем беріледі. 18 наурыз - «Өніс күні».  Осы күні  дүниеге келген сәбилерге сыйлықтар жасалып, аналарын құттықтау көзделіп отыр. Сондай-ақ сенбілік кезінде отырғызылған  ағаштар  Наурыз мерекесі  қарсаңында  дүниеге келген сәбилерге арналады.  Сонымен қатар, өткен жылы  мол өнім жинаған ауыл еңбеккерлері марапатталады.  19 наурыз - «Жайнау күні». Бұл күні  барлық көшелер мен аулалар Ұлыстың ұлы күніне орай безендіріліп, түрлі көрмелер ұйымдастырылмақ. 20 наурыз - «Шаттық күні» деп аталады. Бұл күні  түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, облыс басшылары  зиялы қауым өкілдерімен  кездеседі. Телеарналарда мәдени-көңіл көтеру бағдарламаларына баса назар аудару да ескерілуі тиіс.  Мерекенің сегізінші күні, 21 наурыз «Үйлесім күні» деп аталып, бұл күні мерекенің негізгі нышандарының бірі «Алтыбақан» тігіледі. Түрлі  этно-мәдени орталықтардың концерттік  бағдарламалары ұсынылады.  Кешкісін Шымкент қаласы Ордабасы алаңында эстрада  әншілерінің қатысуымен Жаңа жыл таңын  қарсы алуға  арналған концерттік шара ұйымдастырылады. Облыс әкімі  тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды.  Тоғызыншы күн, 22 наурыз «Ұлыс күні» аталып, мерекенің негізгі шаралары ұйымдастырылады. Бұл күні концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар ұйымдастырылады.   Бұл күндері «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының таңғы бағдарламалары  Ұлыстың ұлы күніне арналған бағдарламалар ұйымдастырып, оларға облыстағы зиялы қауым өкілдері қатысатын болады. Әрбір күннің мән-маңызы  түсіндіріледі.
13.03.2013 08:18 3252

Оңтүстік Қазақстан облысы биыл Наурыз мерекесін айрықша атап өтпек.
Атап айтқанда, биыл Наурыз мерекесін кеңінен тойлауға ауа райы, жер жағдайы ыңғайлы өңір - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 2013 жылғы наурыз мейрамына арналған шараларды 14 наурыздан бастап, 23 наурызға дейін  жалғастыруды  қарастырып отыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Наурыз мейрамы түбі  бір түркі жұртына ғана емес, күллі шығыс елдеріне ортақ мереке. Жаңғыру мен жаңарудың, ынтымақтың мерекесі саналатын бұл  мейрамды тойлау елімізде жыл сайын  қарқын алып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  жарлығымен мереке 21-23 наурыз күндері атап өтіледі. Дегенмен, мерекені жалпыхалықтық сипатқа, өзінің төл бейнесіне қайта қауыштыру өмір талабы. Елбасы Наурыз мерекесін тойлаудың тың үлгісін дайындау туралы тапсырма да берген болатын. Соған орай, биыл Наурыз мерекесін кеңінен тойлауға ауа райы, жер жағдайы ыңғайлы өңір - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі 2013 жылғы наурыз мейрамына арналған шараларды 14 наурыздан бастап, 23 наурызға дейін  жалғастыруды  қарастырып отыр», - делінген баспасөз баянында.

Жаңа сипатта ұйымдастырылатын биылғы мейрам халқымыздың көнеден келе жатқан «Наурызнама»  дәстүрін  заманауи үлгіде қайта жаңғыртуға бағытталып отыр. Осыған  байланысты мерекелік шаралар 9 күнде 9 түрлі атау  бойынша ұйымдастырылмақ. Әр күн өзіндік сипатта, өзіндік ерекшеліктермен аталып өтіледі.  Мәселен, 14 наурыз күніне «Көктем шуағы» атауы беріліп,  облыс әкімі  ардагерлерді көктемнің келуімен құттықтамақ. Жастар қарияларға қолғабыс жасап, түрлі  қайырымдылық шараларын өткізеді. 1917 жылға дейінгі күнтізбе бойынша бұл күннің 1 наурызға сәйкес келетіндігін ескерсек мерекелік шараларға «Көктем шуағы» атауының берілуі орынды саналады. Бұл қазақтың арасында  тек қана батыста ғана сақталып қалған «көрісу» дәстүрін жаңғырту болмақ. Ал, 15 наурызға «Тағзым күні» атауы берілді. Бұл күні Шымкент қаласында Төле бидің 350 жылдығына,  Абылай ханның 300 жылдығына арналған  республикалық ақындар айтысы өтсе, мешіттерде  ата-бабалар рухына арналып Құран  бағышталады. Қаза болған шекарашылар рухына да Құран бағышталып,  шекарашылар ескерткішіне гүл шоқтары қойылады.  16 наурызда «Алас күні» атауымен  жалпыхалықтық сенбілік өткізілмек. «Аластау» ұғымы ертеректе «тазару, тазалану» дегенді білдіреді. Облыс аумағында  бертінге дейін Наурыз мерекесі қарсаңында  арықтарды тазалау, ағаш  отырғызу дәстүрі болған. Бұл дәстүр соңғы кездері сиреп бара жатыр. Сондықтан, мерекелік шаралар барысында бұл игі дәстүрді жаңғырту  көзделіп отыр.  17 наурыздың тақарыбы «Береке күні» болмақ. Бұл күні түрлі қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Балалар үйлеріне, қарттар үйіне жәрдем беріледі. 18 наурыз - «Өніс күні».  Осы күні  дүниеге келген сәбилерге сыйлықтар жасалып, аналарын құттықтау көзделіп отыр. Сондай-ақ сенбілік кезінде отырғызылған  ағаштар  Наурыз мерекесі  қарсаңында  дүниеге келген сәбилерге арналады.  Сонымен қатар, өткен жылы  мол өнім жинаған ауыл еңбеккерлері марапатталады.  19 наурыз - «Жайнау күні». Бұл күні  барлық көшелер мен аулалар Ұлыстың ұлы күніне орай безендіріліп, түрлі көрмелер ұйымдастырылмақ. 20 наурыз - «Шаттық күні» деп аталады. Бұл күні  түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылып, облыс басшылары  зиялы қауым өкілдерімен  кездеседі. Телеарналарда мәдени-көңіл көтеру бағдарламаларына баса назар аудару да ескерілуі тиіс.  Мерекенің сегізінші күні, 21 наурыз «Үйлесім күні» деп аталып, бұл күні мерекенің негізгі нышандарының бірі «Алтыбақан» тігіледі. Түрлі  этно-мәдени орталықтардың концерттік  бағдарламалары ұсынылады.  Кешкісін Шымкент қаласы Ордабасы алаңында эстрада  әншілерінің қатысуымен Жаңа жыл таңын  қарсы алуға  арналған концерттік шара ұйымдастырылады. Облыс әкімі  тұрғындарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды.  Тоғызыншы күн, 22 наурыз «Ұлыс күні» аталып, мерекенің негізгі шаралары ұйымдастырылады. Бұл күні концерттік бағдарламалар, спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
 
Бұл күндері «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының таңғы бағдарламалары  Ұлыстың ұлы күніне арналған бағдарламалар ұйымдастырып, оларға облыстағы зиялы қауым өкілдері қатысатын болады. Әрбір күннің мән-маңызы  түсіндіріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға