Жаңалықтар

Жастарға интернеттің пайдасы мен зияны жайында баяндайтын ток-шоу өтті

Батыс Қазақстан облысындағы Экономика және ақпараттық технология колледжінде «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ қолдауымен «Адам, компьютер және интернет: пайдасы мен зияны» атты ток-шоу өтті. Шоуды «Аманат» пікірталас орталығы ұйымдастырған болатын.  Колледждегі арнайы ақпараттық пәндер апталығы аясында ұйымдастырылған ток-шоудың мақсаты: студенттер мен оқушыларға компьютер және интернеттің пайдасы мен зияны жайлы сыр шертіп, оларды тиімді пайдалану жолдарын ұсыну. Шараға колледж студенттерімен қоса оқытушылар қатары да көрермен ретінде қатысты. «Интернеттен пайдалы ақпараттарды алып, ой өрісімізді кеңейтудің орнына шипасы табылмайтын дертке шалдығып отырмыз. Себебі, сағаттар бойы мониторға телміріп отыру адамның көру қабілетін төмендетеді. Онымен қоса, сан түрлі компьютерлік атыс-шабыс ойындар балалардың дұрыс дамуына кері әсерін тигізеді. Ойлау қабілетін төмендететіні тағы бар»,-деп алаңдаушылығын жасырмады «Аманат» пікірталас орталығының төрағасы Әділгерей Зұлхаров. Шара барысында озық инновациялық технологиялардың бірегейі саналатын компьютер, ХХІ ғасырдың ең озық ақпарат құралы болып табылатын ғаламтор туралы азды-көпті мәліметтер айталды. Ал жиылған студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарына мардымды жауаптар ала алды. BAQ.kz
12.03.2013 12:04 7013

Батыс Қазақстан облысындағы Экономика және ақпараттық технология колледжінде «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ қолдауымен «Адам, компьютер және интернет: пайдасы мен зияны» атты ток-шоу өтті. Шоуды «Аманат» пікірталас орталығы ұйымдастырған болатын. 

Колледждегі арнайы ақпараттық пәндер апталығы аясында ұйымдастырылған ток-шоудың мақсаты: студенттер мен оқушыларға компьютер және интернеттің пайдасы мен зияны жайлы сыр шертіп, оларды тиімді пайдалану жолдарын ұсыну.

Шараға колледж студенттерімен қоса оқытушылар қатары да көрермен ретінде қатысты.
«Интернеттен пайдалы ақпараттарды алып, ой өрісімізді кеңейтудің орнына шипасы табылмайтын дертке шалдығып отырмыз. Себебі, сағаттар бойы мониторға телміріп отыру адамның көру қабілетін төмендетеді. Онымен қоса, сан түрлі компьютерлік атыс-шабыс ойындар балалардың дұрыс дамуына кері әсерін тигізеді. Ойлау қабілетін төмендететіні тағы бар»,-деп алаңдаушылығын жасырмады «Аманат» пікірталас орталығының төрағасы Әділгерей Зұлхаров.


Шара барысында озық инновациялық технологиялардың бірегейі саналатын компьютер, ХХІ ғасырдың ең озық ақпарат құралы болып табылатын ғаламтор туралы азды-көпті мәліметтер айталды. Ал жиылған студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарына мардымды жауаптар ала алды.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға