Жаңалықтар

Украина қыздары - әлем чемпионы атанды!

Астанада өтіп жатқан шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты мәресіне жетті. Оның бірінде Ресей қыздарымен тең түскен (2:2) Украина командасы әлем чемпионы атанды. Соңғы матчта тағы 1 ұпай алған олар жалпы ұпай санын 16-ға толтырып, ешкім жете алмайтындай биікке көтерілді. Енді 13 ұпайы бар Қытай құрамасы Үндістан қыздарын жеңген күнде де олармен теңесе алмайды. Осы уақытқа дейін аяқталған екінші матч та тең нәтиже әкелді. Онда АҚШ және Румыния командалары бір-бірлерін ала алмады. Ал Қазақстан құрамасы дәл қазіргі сағаттарда Грузия командасына 0,5:1,5 болып ұтылып тұр. Қытай мен Үндістан қыздары кездесуінде бір партия ғана аяқталды. Ол тең бітті. Франция мен Түркия арасындағы кездесуде әлі бір партия да аяқталған жоқ.
12.03.2013 11:33 2794

Астанада өтіп жатқан шахматтан әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты мәресіне жетті.
Оның бірінде Ресей қыздарымен тең түскен (2:2) Украина командасы әлем чемпионы атанды. Соңғы матчта тағы 1 ұпай алған олар жалпы ұпай санын 16-ға толтырып, ешкім жете алмайтындай биікке көтерілді. Енді 13 ұпайы бар Қытай құрамасы Үндістан қыздарын жеңген күнде де олармен теңесе алмайды.
Осы уақытқа дейін аяқталған екінші матч та тең нәтиже әкелді. Онда АҚШ және Румыния командалары бір-бірлерін ала алмады. Ал Қазақстан құрамасы дәл қазіргі сағаттарда Грузия командасына 0,5:1,5 болып ұтылып тұр. Қытай мен Үндістан қыздары кездесуінде бір партия ғана аяқталды. Ол тең бітті. Франция мен Түркия арасындағы кездесуде әлі бір партия да аяқталған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға