Жаңалықтар

Ғарышта Жердегі апаттарды болжайтын жүйе пайда болады

Халықаралық ғарыш стансысына Жер шарындағы табиғи апаттарды болжайтын бірегей жүйе шығарылмақ. Ресейлік «Новости» агенттігінің хабарлауынша, оны орнататын экипаж наурыздың 29-ына қараған түні Байқоңырдан ұшырылады. «Союз ТМА-08М» ғарыш кемесі «Обстановка» атты жаңа сынақты жүр­гізетін бірегей аппаратураны халық­аралық ғарыш стансысының ресейлік сегментіне жеткізуі керек. Экипаж командирі Павел Вино­гра­довтың мәліметінше, бұл – құрылғылар мен антенналардың өте күрделі жүйесі. Ғарыштық сынақ барысында оның көмегімен Жер атмосферасының жоғарғы қабатындағы плазмалы-толқынды құбылыстар зерттеледі. «Мұндай зерттеулер жер сілкіністері мен басқа да болуы мүмкін табиғи апаттарды алдын ала болжау жөнінен адамзатқа үлкен пайдасын тигізеді», – дейді П.Виноградов. BAQ.kz
12.03.2013 09:52 3278

Халықаралық ғарыш стансысына Жер шарындағы табиғи апаттарды болжайтын бірегей жүйе шығарылмақ. Ресейлік «Новости» агенттігінің хабарлауынша, оны орнататын экипаж наурыздың 29-ына қараған түні Байқоңырдан ұшырылады.

«Союз ТМА-08М» ғарыш кемесі «Обстановка» атты жаңа сынақты жүр­гізетін бірегей аппаратураны халық­аралық ғарыш стансысының ресейлік сегментіне жеткізуі керек. Экипаж командирі Павел Вино­гра­довтың мәліметінше, бұл – құрылғылар мен антенналардың өте күрделі жүйесі. Ғарыштық сынақ барысында оның көмегімен Жер атмосферасының жоғарғы қабатындағы плазмалы-толқынды құбылыстар зерттеледі. «Мұндай зерттеулер жер сілкіністері мен басқа да болуы мүмкін табиғи апаттарды алдын ала болжау жөнінен адамзатқа үлкен пайдасын тигізеді», – дейді П.Виноградов.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға