Жаңалықтар

Сұлтанахмет Қожықовтың 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті (видео)

«Қыз Жібек» фильмінің режиссері – 90 жаста. Алматыда еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сұлтанахмет Қожықовтың 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Еске алу шарасын кино саласының қайраткерлері «Қазақфильм» алаңындағы ескерткіш тақтасына гүл қоюдан бастады. Фильмді халыққа шынайы жеткізу – дарынды режиссердің шеберлігі. Қожықов туындылары осы жағынан ұтымды. Осындай туындылардың қатарында «Ана мен бала», «Біз Жетісуданбыз» , «Если бы каждый из нас», «Шыңдағы шынар», «Қыз Жібек» , «Панфиловшылар», «Знай наших»  фильмдерін айтуға болады. Қазақ киносының классикасына айналған «Қыз Жібек» фильмі режиссерге оңайлықпен берілмеген еді. Қаншама талас-тартыстың арқасында қызу жиналыстардан өтіп, фильм дүниеге келген болатын. Уақыт өтсе де, фильм өз көрермендерін жоғалтқан емес, дейді әріптестері. Меруерт ӨТЕКЕШОВА, ҚР Еңбек сіңірген әртісі: - Сұлтан ағамыз мен үшін өте қымбат. Өнер жолымды осындай үлкен сериялы, алғаш рет біздің киностудияда түсірілген, қазақ тілінде түсірілген фильмде бастадым. Ол өзі жүрегі сондай кең деуге болады, көңілі қандай, сол мінезі арқылы «Қыз Жібек» киномыз өте жақсы шықты.
12.03.2013 04:16 4214

«Қыз Жібек» фильмінің режиссері – 90 жаста.

Алматыда еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сұлтанахмет Қожықовтың 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Еске алу шарасын кино саласының қайраткерлері «Қазақфильм» алаңындағы ескерткіш тақтасына гүл қоюдан бастады. Фильмді халыққа шынайы жеткізу – дарынды режиссердің шеберлігі. Қожықов туындылары осы жағынан ұтымды. Осындай туындылардың қатарында «Ана мен бала», «Біз Жетісуданбыз» , «Если бы каждый из нас», «Шыңдағы шынар», «Қыз Жібек» , «Панфиловшылар», «Знай наших»  фильмдерін айтуға болады. Қазақ киносының классикасына айналған «Қыз Жібек» фильмі режиссерге оңайлықпен берілмеген еді. Қаншама талас-тартыстың арқасында қызу жиналыстардан өтіп, фильм дүниеге келген болатын. Уақыт өтсе де, фильм өз көрермендерін жоғалтқан емес, дейді әріптестері.

Меруерт ӨТЕКЕШОВА, ҚР Еңбек сіңірген әртісі:

- Сұлтан ағамыз мен үшін өте қымбат. Өнер жолымды осындай үлкен сериялы, алғаш рет біздің киностудияда түсірілген, қазақ тілінде түсірілген фильмде бастадым. Ол өзі жүрегі сондай кең деуге болады, көңілі қандай, сол мінезі арқылы «Қыз Жібек» киномыз өте жақсы шықты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға