Жаңалықтар

Алашорда

Соңғы редакциялау: 12 қазан 2012 Алашорда — Алаш автономиясының үкіметі (1917 жылдың желтоқсан айы – 1920). Алашорда (немесе Ұлт Кеңесі) 1917 ж. желтоқсан айының 5 – 13 күндері Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезінде сайланды. Съезде құрылған Алаш автономиясының үкіметі — Уақытша ұлттық Кеңес — Алашорда деп аталынды, ал оның негізгі мақсаттарының бірі Қазақстанды Ресей орталығындағы жеңіске жеткен «социалистік» революциядан («бүлікшіліктен») қорғау болды. Съезд шешімінде көрсетілгендей Уақытша Ұлттық Кеңес – Алашорданың құрамына Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам сайланды: Уәлитхан Танашев (Бөкей Ордасынан), Халел Досмұхамедов (Орал облысы), Айдархан Тұрлыбаев (Ақмола облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы), Садық Аманжолов (Жетісу облысы), т.б. Алашорда құрамына облыстардан тыс халыққа кеңінен таныс қайраткерлер: Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкімет төрағалығына үш қайраткер – Бөкейханов, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейханов төраға болып сайланды. Алашорда өз алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай атқару үшін Алаш автономиясының «халықтық милиция» атанған қарулы күштерін жасақтауға үлкен мән берді. Оған қажетті офицерлер дайындау үшін атаман Дутов басқарған Орынбор қазақ әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажет деп табылды. Алашорданың Дутовпен жақындасуы Алаш жетекшілерінің жағдайын қиындата түсті. Өйткені, Оңтүстік Оралда Әліби Жангелдин ұйымдастырған қызылдар жасағы  қызылгвардия отрядымен бірлесе отырып 1918 жылғы 18 қаңтарда Орынборды басып алды. Қызылдардан ыққан Дутовпен бірге алашордашылар да Орынборды тастап кетуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Алашорда біртұтас қазақ автономиясын құрып үлгермей, барлық қазақ жерлеріндегі үкімет бірлігінен айырылып қалды. Үкімет мүшелерінің біразы Семей маңындағы Алаш қаласы атанған (қазіргі Жаңа Семей) елді мекеніне келіп, өздерін Алашорданың шығыс бөлімі деп жариялады. Үкімет мүшелерінің екінші бөлігі Орал облысындағы Жымпиты қаласына келіп, өздерін Алашорда үкіметінің батыс бөлімі немесе Ойыл уалаяты деп атады. Үкіметтің тағы бір бөлігі Жетісу облысында әрекет етті. Елде азамат соғысы басталған 1918 жылдың жазында Алашорда бастаған күштер және Кеңес өкіметінің соңынан ерген күштер қарама-қарсы жақта қалып, өкімет үшін бір-бірімен ашық күреске шықты. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін таратты. Кезінде (1919, 1920) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды.    
08.11.2012 11:36 8181

Соңғы редакциялау:

12 қазан 2012

Алашорда — Алаш автономиясының үкіметі (1917 жылдың желтоқсан айы – 1920). Алашорда (немесе Ұлт Кеңесі) 1917 ж. желтоқсан айының 5 – 13 күндері Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезінде сайланды. Съезде құрылған Алаш автономиясының үкіметі — Уақытша ұлттық Кеңес — Алашорда деп аталынды, ал оның негізгі мақсаттарының бірі Қазақстанды Ресей орталығындағы жеңіске жеткен «социалистік» революциядан («бүлікшіліктен») қорғау болды. Съезд шешімінде көрсетілгендей Уақытша Ұлттық Кеңес – Алашорданың құрамына Қазақстанның барлық аймақтарынан 15 адам сайланды: Уәлитхан Танашев (Бөкей Ордасынан), Халел Досмұхамедов (Орал облысы), Айдархан Тұрлыбаев (Ақмола облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы), Садық Аманжолов (Жетісу облысы), т.б. Алашорда құрамына облыстардан тыс халыққа кеңінен таныс қайраткерлер: Әлихан Бөкейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкімет төрағалығына үш қайраткер – Бөкейханов, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейханов төраға болып сайланды.

Алашорда өз алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай атқару үшін Алаш автономиясының «халықтық милиция» атанған қарулы күштерін жасақтауға үлкен мән берді. Оған қажетті офицерлер дайындау үшін атаман Дутов басқарған Орынбор қазақ әскерінің тәжірибесі мен көмегін пайдалану қажет деп табылды. Алашорданың Дутовпен жақындасуы Алаш жетекшілерінің жағдайын қиындата түсті. Өйткені, Оңтүстік Оралда Әліби Жангелдин ұйымдастырған қызылдар жасағы  қызылгвардия отрядымен бірлесе отырып 1918 жылғы 18 қаңтарда Орынборды басып алды. Қызылдардан ыққан Дутовпен бірге алашордашылар да Орынборды тастап кетуге мәжбүр болды. Осыған байланысты Алашорда біртұтас қазақ автономиясын құрып үлгермей, барлық қазақ жерлеріндегі үкімет бірлігінен айырылып қалды. Үкімет мүшелерінің біразы Семей маңындағы Алаш қаласы атанған (қазіргі Жаңа Семей) елді мекеніне келіп, өздерін Алашорданың шығыс бөлімі деп жариялады. Үкімет мүшелерінің екінші бөлігі Орал облысындағы Жымпиты қаласына келіп, өздерін Алашорда үкіметінің батыс бөлімі немесе Ойыл уалаяты деп атады. Үкіметтің тағы бір бөлігі Жетісу облысында әрекет етті. Елде азамат соғысы басталған 1918 жылдың жазында Алашорда бастаған күштер және Кеңес өкіметінің соңынан ерген күштер қарама-қарсы жақта қалып, өкімет үшін бір-бірімен ашық күреске шықты. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін таратты. Кезінде (1919, 1920) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға