Жаңалықтар

Полторанин Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды

Шаңғы спортынан Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының 13-ші кезеңінде қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин 15 шақырымдық қашықтықты екінші болып аяқтады. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды.  Алтын медаль норвегиялық Петтер Нортугтың еншісінде. Отандасымыз одан 31,7 секундқа қалып қойды. Айта кетейік, Полтораниннің бұл «сүйікті» қашықтығы. Жарыс жолын сәтті бастаған ол бел ортаға келгенде бес бірдей қарсыласын алдына жіберіп қойған. Дегенмен, соңғы минуттарда көшбасшылар қатарына қосыла білді. Мәре сызығына бірнеше метр қалған кезде күміс жүлде үшін Полторанин тағы бір норвегиялық шаңғышы Йонсруду Сандбимен таласты. Сәтін салғанда, отандасымыз қолда тұрған жүлдені алақанынан шығарып алған жоқ. Қазақстандық өзге шаңғышылардың нәтижелері мынадай: Николай Чеботько – 20 орын, Евгений Величко – 34 орын, Марк Старостин – 60 орын. BAQ.kz
11.03.2013 04:42 3033

Шаңғы спортынан Финляндияның Лахти қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының 13-ші кезеңінде қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин 15 шақырымдық қашықтықты екінші болып аяқтады. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды. 

Алтын медаль норвегиялық Петтер Нортугтың еншісінде. Отандасымыз одан 31,7 секундқа қалып қойды. Айта кетейік, Полтораниннің бұл «сүйікті» қашықтығы. Жарыс жолын сәтті бастаған ол бел ортаға келгенде бес бірдей қарсыласын алдына жіберіп қойған. Дегенмен, соңғы минуттарда көшбасшылар қатарына қосыла білді.
Мәре сызығына бірнеше метр қалған кезде күміс жүлде үшін Полторанин тағы бір норвегиялық шаңғышы Йонсруду Сандбимен таласты. Сәтін салғанда, отандасымыз қолда тұрған жүлдені алақанынан шығарып алған жоқ.
Қазақстандық өзге шаңғышылардың нәтижелері мынадай: Николай Чеботько – 20 орын, Евгений Величко – 34 орын, Марк Старостин – 60 орын.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға