Жаңалықтар

Екі күннен соң Жердің жанынан зәулім үйдің биіктігіндей астероид ұшып өтеді

Наурыздың 9-ы күні 960 мың шақырым қашықтықта футбол алаңының немесе көп қабатты үйдің көлеміндей астероид Жердің жанынан ұшып өтеді. Бұл туралы Space.com мәлімдеді. 2013 ET астроидының диаметрі шамамен 100 метрді құрайды. Адасқан аспан денесін бірнеше күн бұрын астрономдар байқаған болатын. Астероид қоршаған ортаға қауіпті емес дейді олар. Алайда, ғалымдар объектіні тереңірек зерттеп, оның нақты көлемін, айналу өрісін анықтауды жоспарлап отыр. Айта кету керек, наурыздың 4-інде  планетамыздың жанынан тағы бір астероид зулап өткен болатын. Ғалымдар оны 2013 EA астериоды деп атады.  Аспан денесін көруге ниет білдіргендер 2013 EТ астроидын тек телескоп көмегімен сол мезетте ғана тамашалай алады. BAQ.kz
07.03.2013 08:16 2784

Наурыздың 9-ы күні 960 мың шақырым қашықтықта футбол алаңының немесе көп қабатты үйдің көлеміндей астероид Жердің жанынан ұшып өтеді. Бұл туралы Space.com мәлімдеді.

2013 ET астроидының диаметрі шамамен 100 метрді құрайды.

Адасқан аспан денесін бірнеше күн бұрын астрономдар байқаған болатын. Астероид қоршаған ортаға қауіпті емес дейді олар. Алайда, ғалымдар объектіні тереңірек зерттеп, оның нақты көлемін, айналу өрісін анықтауды жоспарлап отыр.

Айта кету керек, наурыздың 4-інде  планетамыздың жанынан тағы бір астероид зулап өткен болатын. Ғалымдар оны 2013 EA астериоды деп атады. 

Аспан денесін көруге ниет білдіргендер 2013 EТ астроидын тек телескоп көмегімен сол мезетте ғана тамашалай алады.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға