Жаңалықтар

Жапондық зергер Мессидің сол аяғының мүсінін алтыннан жасады

Жапондық зергер Гинза Танака Аргентинаның ең үздік футболшысы Лионел Мессидің сол аяғының мүсінін таза алтыннан жасады. Бұл туралы BBC News хабарлап отыр. Салмағы - 25 келі тартатын, биіктігі - 25 сантиметр, ал ені - 28 сантиметрді құрайтын мүсіннің бағасы - 5,3 млн доллар тұрады.  Мүсін Жапонияда наурыздың 6-ында көпшіліктің назарына ұсынылған болатын. Жақын арада аяқ мүсінін бәссаудаға салу жоспарланып отыр. Аукцион ұйымдастырушылары жиналған қаражаттың көп бөлігін 2011 жылғы жер сілкінісінен зардап шеккен жапондық балалардың ем-домына жұмсамақ ниетте екенін айтты. Зергердің айтуы бойынша, мүсінді жасауға  төрт мәрте әлемдегі ең үздік футболшы атанған Мессидің жеңістері шабыттандырған екен. Ал Лео өз тарапынан аяғының «алтынмен апталғанына» разы екен айтып, қуанышын жасырмады. BAQ.kz
07.03.2013 08:14 2543

Жапондық зергер Гинза Танака Аргентинаның ең үздік футболшысы Лионел Мессидің сол аяғының мүсінін таза алтыннан жасады. Бұл туралы BBC News хабарлап отыр.

Салмағы - 25 келі тартатын, биіктігі - 25 сантиметр, ал ені - 28 сантиметрді құрайтын мүсіннің бағасы - 5,3 млн доллар тұрады.  Мүсін Жапонияда наурыздың 6-ында көпшіліктің назарына ұсынылған болатын. Жақын арада аяқ мүсінін бәссаудаға салу жоспарланып отыр. Аукцион ұйымдастырушылары жиналған қаражаттың көп бөлігін 2011 жылғы жер сілкінісінен зардап шеккен жапондық балалардың ем-домына жұмсамақ ниетте екенін айтты.

Зергердің айтуы бойынша, мүсінді жасауға  төрт мәрте әлемдегі ең үздік футболшы атанған Мессидің жеңістері шабыттандырған екен. Ал Лео өз тарапынан аяғының «алтынмен апталғанына» разы екен айтып, қуанышын жасырмады.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға